Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары28.11.2023

Түркістан облысында заманауи электр станциясы салынады

QAZAQ GREEN. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының қатысуымен Сайрам ауданында 1000 МВт бу-газ қондырғысының естелік капсуласы салынды, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

«Түркістан БГҚ» ЖШС-нің маневрлік генерациялау режимі бар бу-газ қондырғысы базасында электр станциясының құрылысын жүзеге асыруға 700 млрд. теңге көлемінде инвестиция тартылады. Бірегей жоба тек Түркістан өңірінде ғана емес, жалпы еліміздегі электр энергиясының қуатын арттыруға мүмкіндік береді.

Жобаны Түркістан облысы әкімдігі мен «Самұрық-Қазына» АҚ бірлесе жүзеге асыруда.

Бас мердігері – Корей мемлекетінің «Doosan ENTERBILITY CО LTD» және «Bazis Construction» ЖШС консорциумы. Шетелдік мамандармен бірлескен жұмыс қазақстандық инженерлердің, жобалаушылардың, құрылысшылар мен энергетиктердің тәжірибесін шыңдайды.

- Облыс тарихындағы ең ірі жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспары негізінде жүзеге асады. Маңызды жоба жүзеге асқанда өңірімізде энергия тапшылығы толық шешіледі. Сонымен қатар ірі кәсіпорындар мен өндіріс те қарқынды дамытуға мүмкіндік береді, - деді Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды.

Бүгінде облысқа қажетті электр қуаты 320 МВт болса, аталған жоба арқылы қажеттіліктен үш есе артық электр өндірілмек. Осы арқылы өңір энергия тапшылығын реттеп қана қоймай, өзге аймақтарды да қамтамасыз ете алады.

Жаңа бу-газ электр станциясының ерекшелігі – қоршаған ортаға зияны жоқ. Электр станциясының негізгі жабдықтары европадан, яғни Германия, Италия, Чехия елдерінен әкелінеді. Станцияның құрылысын 2024 жылы бастап, 2026 жылы толық іске қосу жоспарлануда.

ТМД елдерінде теңдесі жоқ электр станциясының құрылысы үшін Сайрам ауданынан 60 га жер бөлінді. Аталған жоба арқылы өңірдегі энергия тапшылығы реттеліп қана қоймай, өзге аймақтарды да сапалы энергия көзімен қамтамасыз етуге мүмкіндік болады. Бұдан бөлек, жаңа жұмыс орындары ашылып, өндірісті дамытуға оң серпін береді деп күтілуде. Құрылыс жұмысы кезінде 2000-нан астам уақытша жұмыс орны ашылса, қондырғы толық іске қосылғанда 370-ке жуық адам тұрақты жұмыспен қамтылады.

Айта кетейік, Бу-Газ Турбиналы Қондырғылы электростанцияның артықшылығы – өндірілген электр энергиясының бірлігіне суды аз тұтынып, сәйкесінше, көп электр қуатын өндіреді. Қоршаған ортаға зиян келтірмейді. Сондай-ақ электростанция жұмыс істеуі үшін оған қажетті отынды темір жол арқылы тұрақты тасымалдауды қажет етпейді. Бұл электр желілері мен электр энергиясын тасымалдау құнын төмендетеді.

08.07.2026
Сингапурлық компания Қырғызстанда күн панельдерін өндіруді көздеп отыр
07.07.2026
Қытай әлемдегі алғашқы 16 МВт TLP қалқымалы жел платформасын теңізге жөнелтті
07.07.2026
Еуропаның жасыл трансформациясына инвестициямен қатар тиімді реттеу де қажет
07.07.2026
Жасыл климат қоры Орталық Азия мен Кавказдағы инвестиция көлемін екі еседен астам арттырды
07.07.2026
IRENA: ЖЭК бумы 2025 жылы қазба отынына жұмсалатын $480 млрд шығынның алдын алды
06.07.2026
ЖЭК Еуропалық одақтағы электр энергиясы өндірісінің 45,5%-ын қамтамасыз етті
03.07.2026
Жаңа 3D фототермиялық құрылым күн энергиясы арқылы суды тұщыландыруға және егістікті суаруға мүмкіндік береді
03.07.2026
Qazaq Green пен UfU Central Asia климат және ЖЭК мәселелерін талқылады
02.07.2026
ЖЭК қазірдің өзінде экономикалық тиімді — Айнур Соспанова елдің энергетикалық балансы туралы
02.07.2026
Орталық Азия энергетиктері ЖЭК энергия жүйелеріне интеграциялау бойынша тәжірибе алмасты
01.07.2026
Әлемдік энергия сұранысы рекордтық деңгейге жетті: күн генерациясы 30%-ға өсті
01.07.2026
Қазахстан 2027 жылдан бастап электр энергия профицитін қалыптастырады
30.06.2026
ХЭА энергия тиімділігі әлеуетін 50 трлн долларға бағалап отыр
30.06.2026
Баяндама: 655 миллион адам әлі де электр қуатына қол жеткізе алмай отыр
30.06.2026
IRENA бас директор лауазымына бос орын жариялады
29.06.2026
$1,4 млрд инвестиция және 1 ГВт қуат: Қазақстанда БАӘ-мен бірлескен ЖЭС құрылысы басталды
29.06.2026
Моңғолияда электромобильдерге арналған алғашқы «Жасыл стансия» ашылды
29.06.2026
Латвия және басқа ЕО елдері «жасыл» энергетиканы қаржыландыруды арттыруды талап етуде
29.06.2026
Кубань жаңартылатын энергетика саласындағы сатып алу үлесін 22%-ға дейін арттырды
26.06.2026
Uniper Германиядағы теңіздегі жел электр станциясынан 100 МВт электр энергиясын сатып алады