Әлем жаңалықтары

Әлем жаңалықтары03.07.2026

Жаңа 3D фототермиялық құрылым күн энергиясы арқылы суды тұщыландыруға және егістікті суаруға мүмкіндік береді

QAZAQ GREEN.  Қытай ғалымдары судың күн арқылы буланып тұщыландырылу тиімділігін айтарлықтай арттыратын жаңа буынның үш өлшемді фототермиялық құрылымын жасап шығарды. Зерттеу Advanced Materials журналында жарияланды.

Әзірлеме Қытай ғылым академиясының Процестер инженериясы институты мен Шэньчжэнь университетінің мамандарына тиесілі. Жаңа құрылым полимер тізбектерін қуыс көпқабатты қабықшалармен біріктіреді, бұл буланудың рекордтық жылдамдығына — сағатына шаршы метрге 38,14 кг — қол жеткізуге мүмкіндік берді. Бұл көрсеткіш екі өлшемді мембраналық жүйелердің нәтижесінен 8,5 есе жоғары.

Зерттеу жетекшісі профессор Ван Данның айтуынша, материалдың «нанoorман» тәрізді бірегей микроқұрылымы күн сәулесін барынша тиімді ұстайды, ал нанотежеу әсері буланудың энергия шығынын 45,7%-ға азайтады.

Сынақтар барысында ашық аспан астында табиғи күн жарығымен жұмыс істейтін 0,75 шаршы метрлік қондырғы тәулігіне 20,16 литр тұщы су өндірді. Судың сапасы ДДҰ ауыз су стандарттарына сай келеді, ал өндірілетін көлем шамамен он адамның күнделікті базалық қажеттілігін өтеуге жеткілікті.

Тұщыландырылған су сонымен қатар 5 шаршы метрлік тәжірибелік алқапты суару үшін қолданылды. Жүйе шпинат, жүгері және қытай қырыққабатының толық өсу циклін қамтамасыз етті, бұл оның су тапшы аймақтардағы ауыл шаруашылығы суармасы үшін әлеуетін растайды.

Әзірлеме экономикалық тұрғыдан да перспективалы: зерттеушілердің есебінше, екі жыл пайдаланудан кейін өндірілетін судың құны бөтелке суының бағасынан төмен болады. Ұзақ мерзімді тұрақты жұмыс жағдайында технология тұщы су тапшылығы мәселесінің практикалық шешіміне айналуы мүмкін.

03.07.2026
Жаңа 3D фототермиялық құрылым күн энергиясы арқылы суды тұщыландыруға және егістікті суаруға мүмкіндік береді
03.07.2026
Qazaq Green пен UfU Central Asia климат және ЖЭК мәселелерін талқылады
02.07.2026
ЖЭК қазірдің өзінде экономикалық тиімді — Айнур Соспанова елдің энергетикалық балансы туралы
02.07.2026
Орталық Азия энергетиктері ЖЭК энергия жүйелеріне интеграциялау бойынша тәжірибе алмасты
01.07.2026
Әлемдік энергия сұранысы рекордтық деңгейге жетті: күн генерациясы 30%-ға өсті
01.07.2026
Қазахстан 2027 жылдан бастап электр энергия профицитін қалыптастырады
30.06.2026
ХЭА энергия тиімділігі әлеуетін 50 трлн долларға бағалап отыр
30.06.2026
Баяндама: 655 миллион адам әлі де электр қуатына қол жеткізе алмай отыр
30.06.2026
IRENA бас директор лауазымына бос орын жариялады
29.06.2026
$1,4 млрд инвестиция және 1 ГВт қуат: Қазақстанда БАӘ-мен бірлескен ЖЭС құрылысы басталды
29.06.2026
Моңғолияда электромобильдерге арналған алғашқы «Жасыл стансия» ашылды
29.06.2026
Латвия және басқа ЕО елдері «жасыл» энергетиканы қаржыландыруды арттыруды талап етуде
29.06.2026
Кубань жаңартылатын энергетика саласындағы сатып алу үлесін 22%-ға дейін арттырды
26.06.2026
Uniper Германиядағы теңіздегі жел электр станциясынан 100 МВт электр энергиясын сатып алады
26.06.2026
Nordex Group Румыниядағы ірі жел паркі үшін турбиналар өндірісін бастады
26.06.2026
Қырғызстанда 3 млрд долларлық ГЭС каскадының құрылысы басталды
26.06.2026
Транскаспийлік жасыл дәліз жасыл энергияны экспорттаудың маршрутына айналуы мүмкін — ЭСКАТО
25.06.2026
Қытай ШЫҰ елдерінде жасыл энергетика жабдықтарын өндіруді жергіліктендіруге дайын
25.06.2026
ЖЭК үлесі Өзбекстанның энергетикалық балансында 45%-дан асты
24.06.2026
Қазақстанда тамыздан бастап электр жеткізу желісі мен жел стансаларын жобалау ережелері өзгереді