Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары23.02.2024

Қазақстанда қуаты 5 ГВт болатын бес ірі ЖЭК жобасы 2030 жылға дейін іске қосылады

QAZAQ GREEN. Қазақстан Парламенті Сенатында жұма күні «Орнықты даму мақсаттарын іске асыру шеңберінде Қазақстанда баламалы энергия көздері мен жасыл технологияларды дамыту» тақырыбында орнықты даму саласындағы ұлттық мақсаттары мен міндеттерінің іске асырылуына мониторинг жүргізу жөніндегі Парламенттік комиссияның отырысы өтті. Отырыс барысында Қазақстанның энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев ЖЭК секторындағы ағымдағы жағдай және осы саладағы жоспарлар туралы баяндады.

Министрдің мәліметінше 2023 жылдың қорытындысы бойынша өңірлерді үздіксіз электрмен қамтамасыз етілуі 100% құрады.

Қазақстанда электр энергиясын өндіруді 222 электр станциясы жүзеге асырады, оның ішінде жалпы қуаты 2,8 ГВт болатын 146 ЖЭК нысаны бар.

2023 жылы электр энергиясын тұтыну көлемі 115 млрд. кВт/сағ (2022 жылы 112,9 млрд. кВт/сағ) деңгейінде болды, электр энергиясын өндіру 112,8 млрд.кВт/сағ (2022 жылы 112,8 млрд. кВт/сағ) құрады. Бұл ретте көршілес елдерден электр энергиясының импорты 3,4 млрд.кВт/сағ, экспорт – 1,4 млрд. кВт/сағ құрады. 2024 жылға арналған болжамды генерация 115 млрд. кВт/сағ құрайды.

Жаңартылатын энергия тұрақты өсуді көрсетуде. 2014 жылдан бастап оның белгіленген қуаты 16 еседен астам өсті (2014 жылғы 178 МВт-тан 2023 жылы 2868 МВт-қа дейін).

2023 жылдың қорытындысы бойынша жаңартылатын энергетика объектілері өндірген электр энергиясының көлемі 6,675 млрд. кВт/сағ (ЖЭС – 3 824,99 млн. кВт/сағ; КЭС – 1 853,95 млн. кВт/сағ; ГЭС – 993,87 млн. кВт/сағ; БиоЭС – 2,71 млн. кВт/сағ) немесе электр энергиясын өндірудің жалпы көлемінің 5,92% - құрады, бұл ретте электр энергиясын ірі гидроэлектростанциялар қоса алғанда 13,7 % құрады.

2030 жылға қарай ЖЭК-тің 15%-дық үлесіне және 2050 жылға қарай ЖЭК-тің 50%-дық үлесіне (баламалы энергетиканы ескере отырып) қол жеткізу мақсатында Министрлік жыл сайынғы аукциондық сауда-саттықты өткізуді, сондай-ақ стратегиялық инвесторлармен ауқымды жобаларды іске асыруды қамтамасыз ететін болады.

«Қазіргі уақытта пысықтаудың әртүрлі сатысында ауқымды ЖЭК іске асыру бойынша жобалар бар екенін атап өтемін. Жалпы қуаты 5 ГВт болатын 5 ірі ЖЭК жобасын пайдалануға беру 2029-2030 жылдарға жоспарланған», - деді министр.

26.07.2024
Masdar және Endesa Испанияда ЖЭК бойынша 1,7 миллиард еуроға мәміле жасасу үшін күш біріктіреді
26.07.2024
Sweetch Energy компаниясы теңіз суынан 100% таза энергия өндіреді
25.07.2024
Арменияның күн энергиясы бес жыл ішінде нөлден 13%-ға дейін өсті
24.07.2024
Энергия үнемдегіш және стильді: инженер мөлдір күн панельдері бар терезе жасады
24.07.2024
Норвегия қуаты 40 МВт-тан 126 МВт-қа дейінгі алып қалқымалы жел турбинасын іске қосады
24.07.2024
Ойын ережелерін өзгертетін жаңалық: Қытай ғалымдары перовскит күн элементтерінде «құпия» құрылымды анықтады
23.07.2024
Қазақстанда 2024 жылдың I жартыжылдығында электр энергиясын өндірудегі ЖЭК үлесі 6,5%-ды құрады
23.07.2024
Қазақстан мен АҚШ арасындағы Стратегиялық энергетикалық диалог аясында жұмыс тобының отырысы өтті
23.07.2024
Қазақстан Әзірбайжан арқылы Еуропаға «жасыл» энергия жеткізеді
23.07.2024
Жаңартылатын жел энергетикасы АҚШ-та көмір энергетикасын ығыстыруда
22.07.2024
Жаңа қытайлық шағын дрон күн жарқырап тұрғанда ұшуға қабілетті
22.07.2024
ХЭА: Әлемдік электрмен жабдықтауда ЖЭК үлесі 2025 жылы 35% құрайды
22.07.2024
Бразилия электр генерациясы құрылымында ЖЭК үлесі бойынша G20 көшбасшысы болды
19.07.2024
Жамбыл облысы ЖЭК қуаты бойынша республикада көш басында
19.07.2024
Қытайда әлемдегі алғашқы қос мұнаралы күн шоғырландырушы электр станциясы салынады
19.07.2024
2023 жылы әлем ЖЭК-тен электр энергиясын өндіру бойынша жылдық рекордын жаңартты
19.07.2024
Ұзындығы 4300 км кабель күн энергиясын Австралиядан Сингапурға береді
18.07.2024
ЕО тұрақты, қауіпсіз және интеллектуалды көлік инфрақұрылымына рекордтық €7 млрд инвестициялайды
18.07.2024
China Southern Power Grid Өзбекстанда ACWA Power жобаларының бірлескен инвесторы болады
18.07.2024
Алматыда күн панельдерін шығаратын зауыт салынады