Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары12.11.2024

Қазақстанда ірі ГЭС салуға арналған аукционның жеңімпаздары анықталды

QAZAQ GREEN. 24 жылғы 12 қарашада Қазақстан Республикасының Бірыңғай электр энергетикалық жүйесінің барлық аймағы үшін (Тентек өзенінен басқа) жалпы белгіленген қуаты 100 МВт гидроэлектр станцияларының құрылысына жобаларды іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттық өткізілді, деп хабарлайды KOREM.

Аукциондық сауда-саттықа қатысуға 4 компания жіберілді, сауда-саттық сессиясы барысында қатысушылар 10 баға ұсынысын берді. Аукциондық сауда-саттыққа қатысушылардан мәлімделген электр қуатының жалпы көлемі 101 МВт құрады.

Бастапқы шекті аукциондық баға – 41.23 теңге/кВт/сағ (ҚҚС-сыз). Өтінімдердің баға ауқымының 41.23-тен 40.93 теңге/кВтсағ-қа дейін (ҚҚС-сыз) төмендеуі байқалады.

Аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу қағидаларының 55-тармағына сәйкес іріктеудің белгіленген қуат көлемі 100-ден 101 МВт-қа дейін ұлғайтылды.

Аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша мына компаниялар жеңімпаз атанды:

  • «Коринская ГЭС-2» ЖШС, жобаның белгіленген қуаты 18.5 МВт, аукциондық бағасы 40.93 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз);
  • «KALZHYR RIVER ENERGY» ЖШС, жобаның белгіленген қуаты 16 МВт, аукциондық бағасы 40.94 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз);
  • «Коринская ГЭС-2» ЖШС, жобаның белгіленген қуаты 26 МВт, аукциондық бағасы 40.99 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз);
  • «Cascade NRG» ЖШС, жобаның белгіленген қуаты 10.5 МВт, аукциондық бағасы 41 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз);
  • «Baskan Irrigation» ЖШС, жобаның белгіленген қуаты 30 МВт, аукциондық бағасы 41.22 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз).

Аукциондық сауда-саттықты өткізу кезінде бақылаушылар ретінде ҚР Энергетика министрлігі, «Қазақстан электрэнергетика қауымдастығы» ЗТБ, «Qazaq Green» ЖЭК қауымдастығы ЗТБ, USAID және ЕҚДБ өкілдері қатысты. Бақылаушылар аукционды ұйымдастырушы – «KOREM» АҚ электрондық сауда жүйесінің толық ашықтығын атап өтті.

Биыл аукциондық сауда-саттық Кестесіне сәйкес ірі гидроэлектр станцияларының құрылысына жобаларды іріктеу бойынша екі аукцион өткізілді. Жалпы белгіленген қуаты 300 МВт құрады.

Жалпы белгіленген қуаты 30 МВт ГЭС құрылысына жобаларды іріктеу бойынша келесі аукцион 2024 жылдың 13 қарашасына жоспарланған.

 





18.07.2025
«Самұрық-Энерго» АҚ Қытайдың жетекші энергетикалық корпорацияларымен ынтымақтастықты нығайтады
18.07.2025
Қытайлық энергетика құрылысшылары Маңғыстау облысында КЭС салуда
18.07.2025
Литвада балконға орнатылатын күн электр станцияларының танымалдығы артты
18.07.2025
Ja Solar Әзірбайжандағы Masdar жобалары үшін 1 ГВт күн модульдерін жеткізеді
17.07.2025
Молдовада ГЭС қалқымалы күн станциясы мен жел паркінің арқасында күшейтіледі
17.07.2025
Қытай әлемдегі ең қуатты тікелей жетекті қалқымалы жел турбинасын таныстырды
16.07.2025
Калифорния әлемдегі алғашқы энергиясының үштен екі бөлігін таза көздерден қамтамасыз еткен өңір болды
16.07.2025
Иранда елдің ең ірі күн электр станциясы жұмыс істей бастады
15.07.2025
Норвегия ауыл шаруашылығын, балық шаруашылығын және жаңартылатын көздерді біріктіретін қалқымалы жылыжайды ұсынды
15.07.2025
Дүниежүзілік банк Әзірбайжанға $173,5 млн мөлшерінде кредит бөлуді мақұлдады
14.07.2025
Кристалданудың жаңа тәсілі екіжақты перовскитті күн элементтерінің тиімділігін арттырды
14.07.2025
Флоат-вольтаика: Үндістан фотоэлектрикаға түбегейлі жаңа көзқарасты сынауда
11.07.2025
Қазақстан мен БАӘ энергетика саласындағы стратегиялық серіктестік мәртебесін растады
11.07.2025
Еуропалық одақта алғаш рет күн энергиясы электр энергиясының ең ірі көзіне айналды
10.07.2025
Орталықтандырылмаған ЖЭК Зимбабвенің ауылдық жерлерінде медицинаны өзгертуде
09.07.2025
Қытай Қырғызстанда әрқайсысы 300 МВт қуатпен КЭС пен ЖЭС салады
09.07.2025
Француз стартапы толқын энергиясы технологиясын өнеркәсіптік іске қосу үшін €2,45 млн тартты
09.07.2025
Трамп АҚШ-та жел және күн энергиясына субсидияларды жою туралы жарлыққа қол қойды
08.07.2025
Өзбекстанның күн және жел электр станциялары жыл басынан бері 5 млрд кВт·сағ энергия өндірді
08.07.2025
Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказда жасыл энергетиканы дамыту үшін «Green Corridor Alliance» бірлескен кәсіпорны тіркелді