Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары18.07.2025

«Самұрық-Энерго» АҚ Қытайдың жетекші энергетикалық корпорацияларымен ынтымақтастықты нығайтады

QAZAQ GREEN.  Қытайға жұмыс сапары аясында Директорлар кеңесінің төрағасы Нұрлан Казутин мен Басқарма төрағасы Қуат Мақсұтов бастаған «Самұрық-Энерго» АҚ делегациясы ҚХР ірі энергетикалық компанияларымен бірқатар кездесулер өткізді.

Бейжіңде Power Construction Corporation of China (POWERCHINA) өкілдерімен кездесу өтті, оған корпорацияның басқарма мүшесі Чэнь Гуаньфу, POWERCHINA Resources президенті Джун Хайсян және POWERCHINA Sepco1 президенті Джан Хунмэй қатысты. Бірлескен жобаларды іске асыру барысы және ынтымақтастықты тереңдету перспективалары талқыланды. Жалпы қуаты 810 МВт болатын ЖЭК саласындағы жобалар, сондай-ақ Алматы ЖЭО-2 көмірден газға ауыстыру басты назарда болды. Нысанда құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ, China Machinery Engineering Corporation (CMEC) президенті Фанг Яншуймен кездесу өтті. Қолданыстағы станцияларды жаңғыртуда, олардың тиімділігін арттыруда және экологиялық жүктемені төмендетуде өзара іс-қимылдың ықтимал бағыттары талқыланды. CMEC басшысы компанияның қазақстандық энергетикалық нарыққа деген қызығушылығын растап, ЕРС-мердігер ретінде жобаларға қатысуға дайын екендігін білдірді. Атап айтқанда, CMEC Франция, БАӘ және Қытайдан келген серіктестермен бірлесіп «Самұрық-Энерго» АҚ іске асыратын ЖЭК объектілерін салу бойынша халықаралық тендерлерге қатысуды қарастыруда.

China Energy Engineering Corporation (CEEC) жаһандық бизнес жөніндегі президенті Лю Цзэсянмен келіссөздерде ЖЭК және дәстүрлі энергетика саласындағы ағымдағы және перспективалы жобалар талқыланды. Түркістан облысында қуаты 300 МВт күн электр станциясының құрылысына ерекше назар аударылды. Осы жоба бойынша 2025 жылғы 16 маусымда «Орталық Азия — Қытай» энергетикалық форумы шеңберінде электр энергиясын сатып алу туралы келісімге (PPA) қол қойылды.

Жұмыс сапары Қазақстан мен Қытайдың энергетика саласындағы стратегиялық әріптестігін нығайтып, инвестициялық жобаларды бірлесіп іске асырудың жаңа бағыттарын белгіледі.

 

23.04.2026
Азия даму банкі Қазақстан жобаларына 5,5 млрд доллар инвестиция салады
23.04.2026
Астанада RES 2026 EXPO көрмесінің ашылуында $2,3 млрд астам сомаға 17 меморандумға қол қойылды
22.04.2026
Қазақстан мен Қытай Қарағанды облысында 500 МВт жел электр станциясын іске қосады
22.04.2026
Қазақстан мен Тәжікстан Роғун СЭС электр энергиясын импорттау туралы келіссөздер жүргізуде
22.04.2026
Өңірлік экологиялық саммит 2026 Астанада өз жұмысын бастайды
20.04.2026
Астанада RES 2026 EXPO ашылып, халықаралық келісімдерге қол қойылады
20.04.2026
Орталық Азия елдері Астанада өтетін 2026 жылғы ӨЭС-те энергетикалық көшуді талқылайды
20.04.2026
Молдова ЖЭК орнатылған қуаты бойынша 1 ГВт шегінен асып түсті
20.04.2026
Қытай Камбоджада құны $ 1 млрд ГЭС құрылысын бастады
20.04.2026
Германияда ондаған мың адам «жасыл көшуді» жеделдетуге шақырды
17.04.2026
Ресей мен Өзбекстан ғалымдары «жасыл» энергия жүйелерінің тұрақтылығын 24%-ға жақсартты
17.04.2026
Қазақстандық ауадан су өндіру стартапы Венада өткен GCIP байқауында үздік үштікке енді
16.04.2026
Қазақстанда құс фабрикасы қалдықтан 15 млн кВт·сағ энергия өндірді
16.04.2026
Қытай мен Испания күн және жел энергиясы саласындағы серіктестігін нығайтуда
16.04.2026
Моңғолия Hanwha Group компаниясына ЖЭК дамыту мен шикізатты өңдеуге қатысуды ұсынды
16.04.2026
Ресей Адыгейдегі жаңа полигонда көлденең және тік ЖЭС сынақтан өткізеді
15.04.2026
Брюссель электрлендіруді күшейтеді: желілік пакет — жазда, стратегия — күзде
15.04.2026
ӨЭС 2026 аясында жаңартылатын энергия көздерін дамыту үшін мамандар даярлау мәселелері талқыланады
14.04.2026
Алжир 400 МВт болатын екі күн электр станциясын іске қосты
14.04.2026
KOREM жел және күн станциялары бойынша сәуірде төрт аукцион өткізеді