Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары14.01.2025

Masdar Жамбыл облысында 1 ГВт қуаттылығы бар жел электр станциясын салады

QAZAQ GREEN.  Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Masdar компаниясының өкілдерімен кездесті. Компания өңірде энергия сақтау жүйесі бар 1 ГВт жел электр станциясын салу жобасын жүзеге асыруда, деп хабарлайды Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.. 

Masdar жобасының менеджері Ернұр Жиенбаев аралық нәтижелер туралы баяндады. 

Жобаның алдын ала құны - 742 млрд. теңге. Қазіргі таңда жел электр станциясының аумағында геотехникалық жұмыстар жүргізілуде. Ірі ЖЭК объектісінің құрылысын 2026 жылы бастау жоспарлануда. 

Сондай-ақ Е. Жиенбаев Жамбыл облысында компанияның ауқымын кеңейту және «жасыл» энергетика саласында инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарлары туралы атап өтті. 

Облыс әкімі жел паркінің еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге елеулі үлес қосатынына сенім білдірді.

Компания өкілдерімен әңгімелесу барысында Ербол Қарашөкеев кадрларға деген қажеттілікті алдын ала сараптап, өңір тұрғындарының арасынан мамандарды даярлау мақсатында жергілікті жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық орнату қажеттігін баса айтты.

Қолайлы инвестициялық ахуал мен мемлекеттік қолдаудың арқасында өңірде ЖЭК секторы өте жоғары қарқынмен дамып келеді. Қазіргі уақытта жалпы қуаттылығы 571,3 МВт болатын 22 ЖЭК нысаны жұмыс істейді.

 

14.04.2026
Алжир 400 МВт болатын екі күн электр станциясын іске қосты
14.04.2026
KOREM жел және күн станциялары бойынша сәуірде төрт аукцион өткізеді
14.04.2026
ЖЭК энергетикалық дағдарысқа жауап: IRENA елдерге іс-әрекеттер жоспарын ұсынады
14.04.2026
Қазақстанда ЖЭК өндірісі 2026 жылдың бірінші тоқсанында 15%-ға өсті
14.04.2026
Қазақстан Climatescope таза энергетикаға инвестиция әлемдік рейтингіндегі позициясын жақсартты
13.04.2026
Қазақстан мен Қытай бірлескен Сутегі технологиялары орталығын іске қосты
13.04.2026
Швейцария әлемдегі ең қуатты редокс-ағынды батареясын құрап жатыр
09.04.2026
Ұлыбритания елдегі ең ірі КЭС құрылысын мақұлдады
09.04.2026
Sonnedix Италияда ірі күн энергиясы келісімшарттарын жеңіп алды
09.04.2026
Қытайлық компания Лаостың таулы аймағында 1000 МВт-ға КЭС-ті іске қосты
09.04.2026
Қазақстан Сенаты энергияны Еуропаға экспорттауға арналған құжатты мақұлдады
08.04.2026
Zayed Sustainability Prize өтінімдерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды
08.04.2026
Әзірбайжандағы «жасыл энергияның» күнделікті үлесі 29%-дан асты
08.04.2026
Тәжікстанда 250 МВт күн электр станциясы салынады
08.04.2026
Тибетте ең биік таулы күн электр станциясы салынуда
08.04.2026
ЖЭК инвесторлары Қырғызстанда энергия жинақтағыштарды орнатуға міндеттелді
07.04.2026
Нидерландыда алғашқы перовскитті күн тақтайшасын әзірледі
07.04.2026
Мексикада жинақтағыштары бар 900 МВт екі күн жобасы жүзеге асырылуда
07.04.2026
Әділетті энергоауысым: Қазақстан Орталық Азияның инвестициялық даму векторын айқындауда
07.04.2026
Дубайда саябақтар мен жағажайларда 600 электромобильді зарядтау станциясы орнатылады