Әлем жаңалықтары

Әлем жаңалықтары14.04.2026

ЖЭК энергетикалық дағдарысқа жауап: IRENA елдерге іс-әрекеттер жоспарын ұсынады

QAZAQ GREEN. IRENA Халықаралық жаңартылатын энергетика жөніндегі агенттігі аналитикалық  баяндамасын, жариялап, онда қазіргі жаһандық дағдарыс аясында энергетикалық қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етудегі жаңартылатын энергия көздерінің стратегиялық рөлін негіздейді.

Баяндама үкіметтерге арналған және елдерді энергетикалық нарықтардағы тұрақсыздықтың салдарынан қорғауға және экономикалық қалпына келуде, қазба отынынан тәуелсіздікті арттыруға бағыттауға мүмкіндік беретін қысқа және ұзақ мерзімді шаралар жиынтығын қамтиды.

Агенттіктің деректері бойынша, ЖЭК көмірсутек импортына тәуелділікті қазірдің өзінде, Испания мен Португалиядан Қытайға, Үндістанға және Пәкістанға дейін, азайтып келеді.  2025 жылы әлемде рекордтық 692 ГВт жаңа жаңартылатын энергия қуаты іске қосылады. Бұл ретте, жаңа ЖЭК 85%-дан астамы ұқсас қазба отынымен жұмыс істейтін қуаттылықтарға қарағанда арзанға түседі. 2010 жылдан бері күн энергиясын өндіру құны 87%-ға, жердегі жел энергиясын өндіру құны 55%-ға, ал энергия жинақтау құны 93%-ға төмендеді.

IRENA бас директоры Франческо Ла Камера қазіргі дағдарыс ЖЭК дамыту енді экологиялық күн тәртібі емес, ұлттық қауіпсіздік мәселесі екенін айқындайтынын атап өтті. Оның айтуынша үкіметтер шұғыл түрде инвестициялар мен дағдарысқа қарсы шараларды жаңартылатын энергия көздерін енгізуді жеделдетуге және түйінді экономикалық салаларды электрлендіруге бағыттауы қажет.

Таяу Шығыстағы жалғасып жатқан қақтығыс әлі де мұнай мен газға тәуелді энергетикалық жүйелердің құрылымдық осал тұстарын жайып салды. Оның салдары энергетикалық нарықтардың шегінен шығып, халықтың ең осал топтарына соққы бере отырып, инфляцияны арттырады және экономикалық белсенділікті баяулатады.

Кезек күттірмес шаралардың қатарында агенттік таратылған генерацияны орналастыруды жеделдетуді, ақпараттық науқандар арқылы энергия тұтынуды азайтуды, тәулік уақыты  бойынша сараланған тарифтерді енгізуді, электрлендіруді субсидиялауды және шалғай аудандарда гибридті күн аккумуляторлы микрожелілерді кеңейтуді ұсынады. Орта мерзімді перспективада энергия жинақтауды арттыру, желілерді жаңғырту және көлікті электрлендіруді қолдау қажет. Ұзақ мерзімді перспективада инвестицияларды тарту және отандық жеткізу тізбектерін дамыту үшін нақты саяси негіз қалыптастыру қажет.

14.04.2026
Алжир 400 МВт болатын екі күн электр станциясын іске қосты
14.04.2026
KOREM жел және күн станциялары бойынша сәуірде төрт аукцион өткізеді
14.04.2026
ЖЭК энергетикалық дағдарысқа жауап: IRENA елдерге іс-әрекеттер жоспарын ұсынады
14.04.2026
Қазақстанда ЖЭК өндірісі 2026 жылдың бірінші тоқсанында 15%-ға өсті
14.04.2026
Қазақстан Climatescope таза энергетикаға инвестиция әлемдік рейтингіндегі позициясын жақсартты
13.04.2026
Қазақстан мен Қытай бірлескен Сутегі технологиялары орталығын іске қосты
13.04.2026
Швейцария әлемдегі ең қуатты редокс-ағынды батареясын құрап жатыр
09.04.2026
Ұлыбритания елдегі ең ірі КЭС құрылысын мақұлдады
09.04.2026
Sonnedix Италияда ірі күн энергиясы келісімшарттарын жеңіп алды
09.04.2026
Қытайлық компания Лаостың таулы аймағында 1000 МВт-ға КЭС-ті іске қосты
09.04.2026
Қазақстан Сенаты энергияны Еуропаға экспорттауға арналған құжатты мақұлдады
08.04.2026
Zayed Sustainability Prize өтінімдерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды
08.04.2026
Әзірбайжандағы «жасыл энергияның» күнделікті үлесі 29%-дан асты
08.04.2026
Тәжікстанда 250 МВт күн электр станциясы салынады
08.04.2026
Тибетте ең биік таулы күн электр станциясы салынуда
08.04.2026
ЖЭК инвесторлары Қырғызстанда энергия жинақтағыштарды орнатуға міндеттелді
07.04.2026
Нидерландыда алғашқы перовскитті күн тақтайшасын әзірледі
07.04.2026
Мексикада жинақтағыштары бар 900 МВт екі күн жобасы жүзеге асырылуда
07.04.2026
Әділетті энергоауысым: Қазақстан Орталық Азияның инвестициялық даму векторын айқындауда
07.04.2026
Дубайда саябақтар мен жағажайларда 600 электромобильді зарядтау станциясы орнатылады