Әлем жаңалықтары

Әлем жаңалықтары13.04.2026

Швейцария әлемдегі ең қуатты редокс-ағынды батареясын құрап жатыр

QAZAQ GREEN.  Швейцариялық FlexBase Group компаниясы ө «әлемдегі ең қуатты редокс- ағынды батареясы» деп атаған қондырғысын құрап жатыр. Қондырғы жаңартылатын көздерден алынатын электр энергиясын жинақтауға арналған. Ол швейцариялық және еуропалық электр желілерінің жұмысын тұрақтандыруға көмектесуі тиіс, деп хабарлайды Swissinfo.

Лауфенбург қаласындағы Ааргау кантонындағы (Laufenburg, Aargau) бұл компания қазіргі уақытта ұзындығы жағынан екі футбол алаңынан асып түсетін, тереңдігі 27 метр  қазаншұңқырды дайындап жатыр. Онда жоспарланған батарея қондырғысының жер асты бөлігі орналастырылады. «Біз бірнеше миллисекунд ішінде желіге 1,2 гигаваттқа дейінгі электр энергиясын бере аламыз немесе ала аламыз, бұны Германия шекарасына жақын Ааргау кантонында орналасқан Ляйбштадттағы (Leibstadt) АЭС қуатымен салыстыруға болады».

Бұл туралы FlexBase Group компаниясының негізін қалаушылардың бірі Марсель Аумер (Marcel Aumer) швейцариялық қоғамдық француз тілді RTS телерадиокомпаниясына берген сұхбатында айтты. Бұл энергия жинақтағышы, ауданы шамамен 20 000 шаршы метрлік кешен - Лауфенбургтегі болашақ технологиялық орталықтың бөлігіне айналады, ол жасанды интеллект негізінде құралдарға, кеңсе кеңістігіне және ғылыми зертханаларға қызмет көрсететін ОДО-дан (деректер орталығы)  тұрады.

FlexBase компаниясы батареяны 2029 жылы пайдалануға беруді жоспарлап отыр және бұл ретте шамамен 300 жаңа жұмыс орнын құруды көздейді. Жоба жеке капиталмен қаржыландырылып, оның құны 1-ден 5 млрд швейцариялық франкке барады деп бағалануда.

Редокс-ағынды ағынды батареялар қалай жұмыс істейді?

Батарея ішіндегі қатты материалдарда энергия сақталатын литий-ионды аккумуляторлардан айырмашылығы, редокс-ағынды жүйелер сұйық электролиттерді пайдаланады. Бұл сұйықтықтар үлкен резервуарларда сақталады, ал олардың үстінде орналасқан ұяшық блоктары сақталған химиялық энергияны электр энергиясына түрлендіреді. Жүйе жаңартылатын көздерден, негізінен күн және жел энергиясынан алынатын артық электр энергиясын пайдаланып қуатталады, содан кейін оны сұраныстың ең жоғары кезеңінде желіге кері қайтарады.

Лауфенбург батареясы Швейцариядағы Swissgrid ұлттық жоғары вольтты электр желісіне тікелей қосылған алғашқы қондырғы болады. Swissgrid компаниясында мұндай ауқымды жинақтағыш жүйелер  болашақта бүкіл ұлттық энергетикалық жүйенің маңызды элементіне айналады деп санайды.

«Ірі батареялар бізге энергия мол болған кезде оны сақтауға және қажет болған кезде беруге мүмкіндік береді. Жел энергиясын өндіру ауа райы жағдайларына байланысты екенін ескере отырып, мұндай икемділік бізге желіні жылдам тұрақтандыруға көмектеседі», - деп түсіндірді компанияның өкілі Габриэль Кривелли (Gabriele Crivelli).

Мұндай қондырғылар электрмен қамтудың іркіліс тәуекелін азайтып, электр қуатына деген сұраныстың кенеттен артуына, сондай-ақ жасанды интеллект негізіндегі құралдармен жұмыс істейтіндерді қоса алғанда, көптеген деректер орталықтарының біртіндеп, бірақ тұрақты түрде артып келе жатқан энергия тапшылығына төтеп беруге көмектеседі.

Еуропада редокс-ағынды  технологиялар енді ғана «сәнге ене» бастады, ал әлемнің басқа өңірлерінде олар кеңінен қолданыс табуда. «Азияда, әсіресе Жапонияда, бұл технология қазірдің өзінде айтарлықтай танымал болды». Марсель Аумер атап өткендей,  бүгінгі күні Жапония, Қытай және Оңтүстік Корея бұл технология тұрғысынан Еуропадан шамамен жеті жыл алда.

Швейцариялық сарапшы күмән танытады

Сарапшы және  Цюрихтегі Жоғары техникалық мектебінің  (ETH Zurich) профессоры Тобиас Шмидт (Tobias Schmidt) 2020 жылдың өзінде ақ анағұрлым перспективалы қолданыстағы энергия жинақтау технологияларының тиімділігін талдауға арналған зерттеу жүргізген. Ол Лауфенбургте жоспарланған түріндегі редокс-ағынды  технологиясының «болашағы жоқ» деп санайды.

«Мен Лауфенбург жобасы бойынша барлық нақты сандарды білмеймін. Бірақ көпшілікке мәлім болған нәрселер менің күмәнімді туғызады. Өз басым мұндай технологияға қаражат құймаған болар едім», - деді ол 2025 жылы Швейцарияның неміс тілді SRF телерадиокомпаниясына берген сұхбатында.

Тобиас Шмидттің пікірінше, болашақ литий-ионды секілді металл иондары негізіндегі аккумумляторлардың қолында. Оның айтуынша,  литий-ионды батареялардың негізгі нарығы электр көліктері болып табылады. Бұл салаға, әсіресе Қытайда, үлкен қаражат салынуда, және бұл батареялар өндірістік тәжірибе артқан сайын барынша жетілдіріліп, арзандап келеді.

2025 жылы Тобиас Шмидт әріптестерімен бірлесіп жазған зерттеуін жариялап, онда литий-ионды батареяларды, атап айтқанда натрий-ионды батареяларды алмастыратын жаңа энергия сақтау жүйелері бұрынғы литий-ионды технологиялардың жинақталған тәжірибесін толық пайдаланатынын дәлелдеген. «Сондықтан металл иондары негізіндегі батареялардың (Лауфенбургтегі болатын сияқты батареялардың) даму траекториясымен бәсекелесу өте қиын болады», - деді ол,  Swissinfo порталына берген сұхбатында.

14.04.2026
Алжир 400 МВт болатын екі күн электр станциясын іске қосты
14.04.2026
KOREM жел және күн станциялары бойынша сәуірде төрт аукцион өткізеді
14.04.2026
ЖЭК энергетикалық дағдарысқа жауап: IRENA елдерге іс-әрекеттер жоспарын ұсынады
14.04.2026
Қазақстанда ЖЭК өндірісі 2026 жылдың бірінші тоқсанында 15%-ға өсті
14.04.2026
Қазақстан Climatescope таза энергетикаға инвестиция әлемдік рейтингіндегі позициясын жақсартты
13.04.2026
Қазақстан мен Қытай бірлескен Сутегі технологиялары орталығын іске қосты
13.04.2026
Швейцария әлемдегі ең қуатты редокс-ағынды батареясын құрап жатыр
09.04.2026
Ұлыбритания елдегі ең ірі КЭС құрылысын мақұлдады
09.04.2026
Sonnedix Италияда ірі күн энергиясы келісімшарттарын жеңіп алды
09.04.2026
Қытайлық компания Лаостың таулы аймағында 1000 МВт-ға КЭС-ті іске қосты
09.04.2026
Қазақстан Сенаты энергияны Еуропаға экспорттауға арналған құжатты мақұлдады
08.04.2026
Zayed Sustainability Prize өтінімдерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды
08.04.2026
Әзірбайжандағы «жасыл энергияның» күнделікті үлесі 29%-дан асты
08.04.2026
Тәжікстанда 250 МВт күн электр станциясы салынады
08.04.2026
Тибетте ең биік таулы күн электр станциясы салынуда
08.04.2026
ЖЭК инвесторлары Қырғызстанда энергия жинақтағыштарды орнатуға міндеттелді
07.04.2026
Нидерландыда алғашқы перовскитті күн тақтайшасын әзірледі
07.04.2026
Мексикада жинақтағыштары бар 900 МВт екі күн жобасы жүзеге асырылуда
07.04.2026
Әділетті энергоауысым: Қазақстан Орталық Азияның инвестициялық даму векторын айқындауда
07.04.2026
Дубайда саябақтар мен жағажайларда 600 электромобильді зарядтау станциясы орнатылады