Қазақстан жаңалықтары30.01.2025
БҚО-да күн және жел электр станциялары салынбақ

QAZAQ GREEN. Батыс Қазақстан облысында 1 жел және 2 күн электр станциясы салынбақ, деп хабарлайды 24KZ.
10 мегаваттық күн станциясы шалғайдағы Жәнібек және Бөкей Ордасы аудандарында бой көтерсе, 30 мегаваттық екінші станция Теректі ауданы Пойма ауылында тұрғызылады. Ал жел электр станциясын Оралдың оңтүстігіндегі Свистун Гора ауданына салу жоспарланған.
Сонымен қатар Белес ауылындағы газотурбиналық электр станцияның қуатын 2052 жылға дейін 100 мегаваттан 200 мегаватқа өсіру көзделген. «Мұның бәрі өңірдегі электр қуатына тапшылықты жою үшін қажет», – дейді мамандар. Былтыр облыс тұтынушылары 2 млрд киловатт-сағат электр энергиясын пайдаланған. Соңғы кезде электр қуатына деген қажеттілік 40%-ке артқан.
«Жоспар бойынша осы жылдың 2-ші тоқсаны басында осы аумақтарға біздің Энергетика министрлігі арқылы аукцион ойнатылады. Біздің ұсынысқа сәйкес Орал қаласында, Атырау трассасы бойында, қалаға кіреберіс жерде 200 га жерді белгілеп қойдық. Сәйкесінше жел станциясына қатысады ойнатылатын аукцион. Инвесторлар табу, өндірісті арттыру мақсатында бізге қуат көздері керек», – деді БҚО энергетика және ткш басқармасының басшысы Мирас Мүлкәй.
Қазақстанда газ, көмір және ЖЭК негізіндегі дата-орталықтар кластері құрылады
Қазақстанда «жасыл» энергия өндірісі 15%-ға өсті
Израиль Негев шөлінде ірі КЭС құрылысын бастады
«Күн зейнетақылары және жел дивидендтері»: Оңтүстік Корея ЖЭК арқылы ауылды дамытуда
Қырғызстан алты шағын ГЭС салуға арналған жер учаскелеріне конкурс жариялады
АДБ Азияның электр желілері мен цифрлық инфрақұрылымын біріктіруге $70 млрд салады
Қазақстан мен Дүниежүзілік банк Орталық Азиядағы энергетикалық интеграцияны талқылады
Қарағанды облысында 500 МВт жел электр станциясының құрылысы басталды
Қазақстан БЭЖ Оңтүстік аймағында 50 МВт КЭС салуға арналған аукцион жеңімпазы анықталды
Қырғызстанда шатырлардағы күн панельдеріне қатысты ережелер әзірленуде
Еуропада ыстық күшеюде: ЖЭК шешім бола ала ма?
Қазақстанда 100 МВт КЭС аукционының жеңімпазы анықталды
Қытайлық компания Қырғызстанда күн және жел энергиясын өндіруге $1 млрд инвестиция салуға дайын
Meta ғарыштық күн энергетикасына және тым ұзақ мерзімді энергия сақтау саласына инвестиция салады
Токио әлемдегі ең үлкен жүзбелі жел электр станциясын салмақ
«KOREM» АҚ-да 50 МВт қуат бойынша еркін аукциондық сауда-саттық өтті
Қасым-Жомарт Тоқаев Әзірбайжан және Өзбекстанмен жасыл энергетикалық дәліз туралы келісімді ратификациялады
Қытай ЖЭК үлесін жалпы орнатылған қуаттың 60%-ына дейін арттырды
«Батыс Каспий Энерго» Атырау облысындағы 250 МВт жел паркіне арналған аукционда жеңді
Ember: Жаңартылатын энергия көздері тарихта алғаш рет көмірден асып түсті.