Қазақстан жаңалықтары12.03.2025
Қазақстан CERAWeek 2025 аясында әлемдік энергетика көшбасшыларымен стратегиялық келіссөздер жүргізді

QAZAQ GREEN. Қазақстан Республикасы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтің қатысуымен қазақстандық делегация Chevron, ExxonMobil, Shell, Eni және Honeywell сияқты әлемдегі ірі энергетикалық компаниялардың басшылығымен бірқатар стратегиялық маңызды кездесулер өткізді.
Келіссөздердің негізгі тақырыбы – Қазақстандағы ағымдағы жобалар және ұзақ мерзімді әріптестіктің перспективалары. Басым мәселелер қатарында көмірсутектер өндіру көлемін өзектендіру, газ өңдеу қуаттарын дамыту қарқынын жеделдету, геологиялық барлауға инвестиция тарту, озық технологияларды енгізу және жаңартылатын энергия көздерін дамыту болды.
Chevron Corporation директорлар кеңесінің төрағасы және бас атқарушы директоры Майкл Уиртпен және Exxon Mobil Corporation аға вице-президенті Джон Уиланмен кездесуде Теңіз және Қашаған жобаларының негізгі аспектілері, оның ішінде болашақ кеңейту жобасын іске асыру мәселелері талқыланды. Сондай-ақ мұнай өндіру көлемін реттеу жоспарлары, нарықты тұрақтандыруға бағытталған жаһандық күш-жігер және Қазақстанның халықаралық міндеттемелері қаралды. Министр жобаларды белгіленген мерзімде аяқтау мен шығындарды оңтайландыру қажеттігіне назар аударды. Сонымен қатар, компаниялардың жаңа геологиялық барлау бастамаларына қатысу перспективалары талқыланды.
Shell бас атқарушы директоры Уаэль Сауанмен және Eni S.p.A бас операциялық директоры Гвидо Брускомен өткен кездесулерде газ стратегиясы басты назарда болды. Қазақстанның ішкі нарығын қамтамасыз ету және сұйытылған көмірсутек газын өндіру мақсатында жылдық қуаты 4 млрд текше метрге дейін жететін жаңа газ өңдеу зауытын (ГӨЗ) салу жобасы қарастырылды.
Shell компаниясымен геологиялық барлау саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктері мен жаңартылатын энергетика жобаларын іске асыру талқыланды. Ал Eni Маңғыстау облысында қуаты 120 МВт болатын гибридті жел-күн электр станциясын салу барысын таныстырды.
Сапар аясында Қазақстан делегациясы Хьюстон қаласындағы Honeywell технологиялық орталығына барып, компания басшылығымен келіссөздер жүргізді. Тараптар ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктерін қарастырды.
«Қазақстан энергетика секторына озық технологиялар мен инвестиция тарту үшін барлық жағдайды жасап отыр. Біз саладағы әлемдік көшбасшылармен ұзақ мерзімді өзара тиімді әріптестік орнатуға мүдделіміз және еліміздің тұрақты дамуы мен жаһандық энергетикалық қауіпсіздікті нығайтуға ықпал ететін ауқымды жобаларды жүзеге асыруға дайынбыз», – деді ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев кездесулер қорытындысы бойынша.
«Самұрық-Энерго» АҚ Қытайдың жетекші энергетикалық корпорацияларымен ынтымақтастықты нығайтады
Қытайлық энергетика құрылысшылары Маңғыстау облысында КЭС салуда
Литвада балконға орнатылатын күн электр станцияларының танымалдығы артты
Ja Solar Әзірбайжандағы Masdar жобалары үшін 1 ГВт күн модульдерін жеткізеді
Молдовада ГЭС қалқымалы күн станциясы мен жел паркінің арқасында күшейтіледі
Қытай әлемдегі ең қуатты тікелей жетекті қалқымалы жел турбинасын таныстырды
Калифорния әлемдегі алғашқы энергиясының үштен екі бөлігін таза көздерден қамтамасыз еткен өңір болды
Иранда елдің ең ірі күн электр станциясы жұмыс істей бастады
Норвегия ауыл шаруашылығын, балық шаруашылығын және жаңартылатын көздерді біріктіретін қалқымалы жылыжайды ұсынды
Дүниежүзілік банк Әзірбайжанға $173,5 млн мөлшерінде кредит бөлуді мақұлдады
Кристалданудың жаңа тәсілі екіжақты перовскитті күн элементтерінің тиімділігін арттырды
Флоат-вольтаика: Үндістан фотоэлектрикаға түбегейлі жаңа көзқарасты сынауда
Қазақстан мен БАӘ энергетика саласындағы стратегиялық серіктестік мәртебесін растады
Еуропалық одақта алғаш рет күн энергиясы электр энергиясының ең ірі көзіне айналды
Орталықтандырылмаған ЖЭК Зимбабвенің ауылдық жерлерінде медицинаны өзгертуде
Қытай Қырғызстанда әрқайсысы 300 МВт қуатпен КЭС пен ЖЭС салады
Француз стартапы толқын энергиясы технологиясын өнеркәсіптік іске қосу үшін €2,45 млн тартты
Трамп АҚШ-та жел және күн энергиясына субсидияларды жою туралы жарлыққа қол қойды
Өзбекстанның күн және жел электр станциялары жыл басынан бері 5 млрд кВт·сағ энергия өндірді
Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказда жасыл энергетиканы дамыту үшін «Green Corridor Alliance» бірлескен кәсіпорны тіркелді