Қазақстан жаңалықтары09.04.2025
Қазақстан PowerTech 2025-те ЖЭК-тің перспективалы жобаларын ұсынды

QAZAQ GREEN. Әлемнің 14 елінен 100-ден астам компания Алматыда 2-4 сәуір аралығында өткен PowerTech 2025 халықаралық іс-шарасына – көміртексіздендіру және жаңартылатын энергетика мәселелері жөніндегі Орталық Азия конференциясы мен көрмесіне қатысты. Мемлекеттік және жеке компаниялардың сарапшылары, экологиялық бастамалардың көшбасшылары, инвесторлар мен кәсіпкерлер «жасыл» технологиялар тренсферін және экологиялық бастамаларды қаржыландыру тетіктерін, көміртегі шығарындыларын өтеу жобаларын және ерікті көміртегі нарығын дамыту перспективаларын қарастырды. Ұсынылған бағдарламалардың көпшілігі Қазақстан аумағында жүзеге асырыла бастады.
Қарқынды геосаяси өзгерістер мен жаһандық сын-тегеуріндер жағдайында жаңартылатын энергетика және көміртексіздендіру саласындағы өңіраралық әріптестіктің кеңеюі ерекше өзектілік пен стратегиялық маңыздылыққа ие болады. Осыған байланысты PowerTech 2025 қатысушылары әлемнің 14 елінің өкілдері болды: Қазақстан, Әзірбайжан, Австрия, Беларусь, Бразилия, Италия, Қытай, Оман, Ресей, Сербия, Түркия, Өзбекстан, Франция және Швейцария.
Қазақстан көміртексіздендіру бастамаларын белсенді түрде ілгерілетуде. Мәселен, 2024 жылы климаттың өзгеруі және «жасыл» энергетика мәселелері бойынша Өңірлік жобалық кеңсе құрылды. Сонымен қатар, Орталық Азия Ең озық қолжетімді технологиялар бюросы (ЕОҚТ) – өнеркәсіп секторындағы озық экологиялық тәжірибелерді бейімдеу және білім алмасу платформасы белсенді дамып келеді. Осы және басқа да бастамалар мемлекеттік деңгейде қолдау табады. PowerTech 2025 ашылу салтанаты мен жұмысына Қазақстан Республикасының экология және табиғи ресурстар вице-министрі Мансұр Ошурбаев қатысты. Ол экологиялық бастамалар мен «жасыл» экономика қағидаттарын ілгерілетуге қосқан PowerTech үлесін жоғары бағалады.
Спикерлері мен модераторлары әлемнің түрлі елдерінен 50-ге жуық сарапшы болған PowerTech 2025 іскерлік бағдарламасы аясында «жасыл» технологиялар трансферінің тетіктеріне арналған кездесулер өтті. Осы және басқа да экономикалық құралдар мен бағдарламалар Қазақстан Республикасының 2024-2030 жылдарға арналған «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының басымдықтарына сәйкес дамуда. Талқылауға қатысушылар өнеркәсіп пен энергетикаға экологиялық шешімдерді енгізу бойынша нақты ұсыныстарға назар аударды.
Іскерлік сессия барысында «жасыл» жобаларды қаржыландыру мүмкіндіктері де қарастырылды. Экологиялық бастамаларды қолдау жөніндегі өз бағдарламаларын Қазақстанның даму банкі, Азия даму банкі (ADB), Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ), басқа да халықаралық және ұлттық даму институттары ұсынды. «Жасыл» қаржыландыру экологиялық таза, энергияны үнемдейтін және төмен көміртекті жобалармен жұмыс істеуге бағытталған инвестициялардың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Бірқатар қаржы институттары «жасыл» жобаларды аралас қаржыландыруды ұсынады – халықаралық ұйымдардың «жасыл» облигациялар шығаруға және «жасыл» инвестицияларды орналастыруға бірлескен қатысуы. Сарапшылардың пікірінше, аралас қаржыландыру тетіктері елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына нұқсан келтірместен парниктік газдардың «нөлдік» шығарындыларын қамтамасыз ету жөніндегі мақсаттарға қол жеткізуге көмектеседі.
«Аралас қаржыландыру ұлттық экономиканы көміртексіздендіруді ынталандыруда, соның ішінде тұрақты дамуға бағытталған жеке инвестицияларды жұмылдыруда шешуші рөл атқарады. Қазақстанның даму банкі негізгі қаржы операторы ретінде ұлттық орнықты жобаларды қаржыландыру үшін халықаралық қаржы ұйымдарынан жеңілдікті климаттық қаржыландыруды тарту мүмкіндігін қарастыруда», – деп атап өтті «Қазақстанның даму банкі» АҚ басқарушы директоры Дина Жаңаділ.
Көміртегі шығарындыларын өтеу жобаларына, ерікті көміртегі нарықтарына және стартаптарды қолдауға арналған сессия ерекше қызығушылық тудырды. Сарапшылар Verra (АҚШ), Ernst & Young (Ұлыбритания), Valor Carbon (Ұлыбритания), Agreena (ЕО) сияқты халықаралық компаниялардың қатысуымен қазақстандық компаниялардың әлемдік көміртегі нарықтарына шығу мүмкіндіктерін бағалады. Мұнда PowerTech 2025 конференциясы мен көрмесі өткен «Атакент» көрме орталығының аумағында сараптамалық бағалаудан өткен және іске қосу сатысында тұрған 20-ға жуық эко-стартаптар ұсынылды – олардың арасында Арал өңіріне сексеуіл егу жобаларымен Forest Hero және QazaqCarbon бар.
PowerTech 2025 жұмысы кезінде UNIDO (Біріккен Ұлттар Ұйымының өнеркәсіптік даму ұйымы) қолдауымен жүзеге асырылатын беделді Global Cleantech Innovation Programme (GCIP) акселерациялық бағдарламасының үшінші циклі іске қосылды. GCIP Kazakhstan – бұл энергия тиімді шешімдерді, жаңартылатын энергетиканы, орнықты ауыл шаруашылығын және қалдықтарды басқаруды қоса алғанда, экологиялық таза технологиялар саласындағы стартаптарға жүйелі қолдау көрсететін Орталық Азиядағы жалғыз бағдарлама. Бағдарлама бәсекеге қабілетті cleantech-экожүйесін қалыптастыруға бағытталған және қазақстандық инновациялық жобалардың халықаралық нарықтарға шығуына ықпал етеді.
«Сессияға қатысушылар Орталық Азиядағы жаңартылатын энергетика нарығының қазіргі жағдайы мен елеулі даму әлеуетін талқылады. Талқылауға Ecojer, S&P Global, Ernst & Young, Cranmore Partners, CAREC Institute халықаралық компанияларының және басқа да аналитикалық әрі консалтингілік құрылымдардың ірі сарапшылары қатысты. Дәл осындай мәселелер 2025 жылғы 4 сәуірде Самарқандта өткен «Орталық Азия – Еуропалық одақ» саммитінде көтерілді, онда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйлеп, жаңартылатын энергетика және экологиялық таза отын саласындағы ұлттық жобалардың маңыздылығын атап өтті. PowerTech ұйымдастырушылары мен серіктестері «жасыл» экономика жолында тиімді өзгерістер енгізуді ұсынатын спикерлер мен сарапшыларға алаң береді. Келесі жылы біз эко-бағдарланған жобаларды жасайтындар мен ілгерілететін сарапшыларды жинауға дайын боламыз», – деп түсіндірді PowerTech 2025 конференциясының бағдарламалық директоры Анель Келжанова.
PowerTech 2025 ұйымдастырушылары, серіктестері мен қатысушылары Қазақстанның «жасыл» болашағына өз үлестерін қосты. Алматы Ботаникалық бағында 3 сәуірде қала әкімдігін, Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы (ХЖТИЖО) өкілдерін, сондай-ақ көміртексіздендіру және жаңартылатын энергетика мәселелері бойынша халықаралық конференция мен көрмені біріктірген экологиялық науқан өтті. Науқанға қатысушылар бірге бірнеше ондаған канадалық церцис (Cercis canadensis) көшеттерін отырғызып, жаңа серуендеу аймағын – Central Asian Green Bridge Alley құрды. Бұл саяжол көктемде ағаштар ашық қызғылт гүлдермен көмкеріліп, жапондық сакураны еске түсіріп, Қазақстан мен Орталық Азия өңірі елдерінің экономикасына «жасыл» экономика қағидаттарын тезірек енгізуге деген үмітін білдіретін қаланың нағыз көркіне айналады.
Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылғы 2-4 сәуір аралығында Алматыда «Атакент» көрме орталығының аумағында PowerTech 2025: көміртексіздендіру және жаңартылатын энергетика мәселелері бойынша Орталық Азия конференциясы мен көрмесі өтті. Оған:
- PowerTech 2025 конференциясы мен көрмесінде ұсынылған 100-ден астам компания;
- PowerTech 2025 конференциясының 50-ден астам спикерлері мен модераторлары;
- 500-ден астам бизнес иелері мен сарапшылар;
- PowerTech 2025 жұмысы күндерінде 3000-нан астам келушілер;
- БҰҰ қолдаған 20-дан астам нақты жұмыс істейтін стартаптар;
- PowerTech 2025 аясында біріккен 14 елдің өкілдері қатысты;
- Ботаникалық бақтың аумағында 30 канадалық церцис көшеттерінің 1 аллеясы отырғызылды.
Израиль Негев шөлінде ірі КЭС құрылысын бастады
«Күн зейнетақылары және жел дивидендтері»: Оңтүстік Корея ЖЭК арқылы ауылды дамытуда
Қырғызстан алты шағын ГЭС салуға арналған жер учаскелеріне конкурс жариялады
АДБ Азияның электр желілері мен цифрлық инфрақұрылымын біріктіруге $70 млрд салады
Қазақстан мен Дүниежүзілік банк Орталық Азиядағы энергетикалық интеграцияны талқылады
Қарағанды облысында 500 МВт жел электр станциясының құрылысы басталды
Қазақстан БЭЖ Оңтүстік аймағында 50 МВт КЭС салуға арналған аукцион жеңімпазы анықталды
Қырғызстанда шатырлардағы күн панельдеріне қатысты ережелер әзірленуде
Еуропада ыстық күшеюде: ЖЭК шешім бола ала ма?
Қазақстанда 100 МВт КЭС аукционының жеңімпазы анықталды
Қытайлық компания Қырғызстанда күн және жел энергиясын өндіруге $1 млрд инвестиция салуға дайын
Meta ғарыштық күн энергетикасына және тым ұзақ мерзімді энергия сақтау саласына инвестиция салады
Токио әлемдегі ең үлкен жүзбелі жел электр станциясын салмақ
«KOREM» АҚ-да 50 МВт қуат бойынша еркін аукциондық сауда-саттық өтті
Қасым-Жомарт Тоқаев Әзірбайжан және Өзбекстанмен жасыл энергетикалық дәліз туралы келісімді ратификациялады
Қытай ЖЭК үлесін жалпы орнатылған қуаттың 60%-ына дейін арттырды
«Батыс Каспий Энерго» Атырау облысындағы 250 МВт жел паркіне арналған аукционда жеңді
Ember: Жаңартылатын энергия көздері тарихта алғаш рет көмірден асып түсті.
Қазақстанда ЖЭК аукциондарына өтінім беру мерзімі жалғасуда
Орталық Азияның төрт елінің энергетика министрлері аймақтың су-энергетикалық балансын талқылады