Қазақстан жаңалықтары20.06.2025
Аукцион қорытындысы: Оңтүстік Қазақстанда 20 МВт КЭС салынады

QAZAQ GREEN. 2025 жылғы 19 маусымда Қазақстан Республикасының БЭЖ Онтүстік аймағы үшін жалпы белгіленген қуаты 20 МВт күн электр станциясының құрылысына жаңартылатын энергия көздері жобаларын іріктеу бойынша аукцион өткізілді.
Аукциондық сауда-саттыққа қатысуға 6 компанияға рұқсат берілді, қатысушылар 27 баға ұсынысын берді. Берілген өтінімдердің жиынтық көлемі 120 МВт құрады. КЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттық кезінде 2025 жылғы шекті аукциондық баға 34,61 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз) құрады.
Аукцион барысында қатысушылардан түскен өтінімдер 34,61 теңге/кВтсағаттан 13,85 теңге/кВтсағатқа (ҚҚС-сыз) дейінгі баға ауқымын құрады.
Аукцион қорытындысы бойынша «Vigor Holding» ЖШС компаниясы жеңімпаз деп танылды. Жобаның белгіленген қуаты - 20 МВт, аукцион бағасы - 13,85 теңге/кВтсағ (ҚҚС-сыз).
Аукциондық сауда-саттыққа Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, «ECOJER» Қазақстандық аймақтық экологиялық бастамалар қауымдастығы, Қазақстандық электр энергетикасы қауымдастығы, «Qazaq Green» ЖЭК қауымдастығы, «KazЕnergy» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы өкілдері бақылаушы ретінде қатысты. Бақылаушылар аукционның бекітілген нормативтік құқықтық актілерге сәйкес өткізілгенін атап өтті, сонымен қатар аукционды ұйымдастырушы – «КОRЕМ» АҚ электрондық сауда жүйесінің ашықтығын растады.
Бекітілген Кестеге сәйкес, Қазақстан Республикасының Барлық аймағы үшін жалпы белгіленген қуаты 50 МВт ГЭС салу жобаларын іріктеу бойынша келесі аукцион 2025 жылдың 23 маусымға жоспарланған.
Израиль Негев шөлінде ірі КЭС құрылысын бастады
«Күн зейнетақылары және жел дивидендтері»: Оңтүстік Корея ЖЭК арқылы ауылды дамытуда
Қырғызстан алты шағын ГЭС салуға арналған жер учаскелеріне конкурс жариялады
АДБ Азияның электр желілері мен цифрлық инфрақұрылымын біріктіруге $70 млрд салады
Қазақстан мен Дүниежүзілік банк Орталық Азиядағы энергетикалық интеграцияны талқылады
Қарағанды облысында 500 МВт жел электр станциясының құрылысы басталды
Қазақстан БЭЖ Оңтүстік аймағында 50 МВт КЭС салуға арналған аукцион жеңімпазы анықталды
Қырғызстанда шатырлардағы күн панельдеріне қатысты ережелер әзірленуде
Еуропада ыстық күшеюде: ЖЭК шешім бола ала ма?
Қазақстанда 100 МВт КЭС аукционының жеңімпазы анықталды
Қытайлық компания Қырғызстанда күн және жел энергиясын өндіруге $1 млрд инвестиция салуға дайын
Meta ғарыштық күн энергетикасына және тым ұзақ мерзімді энергия сақтау саласына инвестиция салады
Токио әлемдегі ең үлкен жүзбелі жел электр станциясын салмақ
«KOREM» АҚ-да 50 МВт қуат бойынша еркін аукциондық сауда-саттық өтті
Қасым-Жомарт Тоқаев Әзірбайжан және Өзбекстанмен жасыл энергетикалық дәліз туралы келісімді ратификациялады
Қытай ЖЭК үлесін жалпы орнатылған қуаттың 60%-ына дейін арттырды
«Батыс Каспий Энерго» Атырау облысындағы 250 МВт жел паркіне арналған аукционда жеңді
Ember: Жаңартылатын энергия көздері тарихта алғаш рет көмірден асып түсті.
Қазақстанда ЖЭК аукциондарына өтінім беру мерзімі жалғасуда
Орталық Азияның төрт елінің энергетика министрлері аймақтың су-энергетикалық балансын талқылады