Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары29.11.2025

ҚазҰУ суперкомпьютері энергетика саласындағы зерттеулер мен ЖИ әзірлемелерінің өзегіне айналады

QAZAQ GREENҚР Энергетика министрлігі мен «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» КеАҚ жан-жақты білікті мамандар даярлау, құзыреттерді арттыру және отын-энергетикалық кешенінің (ОЭК) кадрлық әлеуетін дамыту бағытында бірлескен бастамаларды іске асырға арналған кездесу өткізді. Бұл энергетикаға көшу және жасанды интеллект технологияларын қолдану салаларын да қамтиды, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Серіктестік Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» Жолдауына сәйкес жүзеге асырылады. Сонымен қатар, ол жасанды интеллектпен жұмыс істейтін ғылыми-білім беру ұйымдарын қолдау және инновацияларды дамыту үшін ғылыми институттар мен университеттерді біріктіруді көздейтін Жалпұлттық жоспардың талаптарына сай келеді.

Кездесу барысында тараптар ОЭК саласында салалық технологиялық құзыреттер орталығын құруды қарастыратынын атап өтті. Бұл орталық индустриялық және энергетикалық технологияларға қатысты бірлескен зерттеулер жүргізуге, қолданбалы шешімдер әзірлеуге, сондай-ақ өндірістік және ғылыми ұйымдар арасындағы кооперацияны нығайтуға арналған платформа қызметін атқарады.

Келісімнің маңызды бағыттарының бірі – «ҚазҰУ суперкомпьютерінің» есептеу инфрақұрылымын пайдалану. Бұл ресурс күрделі технологиялық және өндірістік үдерістерді модельдеуге, жасанды интеллект модельдерін сынақтан өткізуге, сондай-ақ ОЭК-ті цифрландыру және жаңғырту міндеттеріне арналған аналитикалық құралдар әзірлеуге мүмкіндік береді.

Энергетика министрлігі бұл келісімді саланың ұзақ мерзімді қажеттіліктеріне бағытталған орнықты ғылыми-білім беру экожүйесін қалыптастырудағы маңызды қадам деп санайды. ҚазҰУ және халықаралық әріптестермен бірлескен жұмыс жаңа буын мамандарын даярлауға, инновацияларды жедел енгізуге және саланың технологиялық тұрақтылығын арттыруға жол ашады.

04.05.2026
Израиль Негев шөлінде ірі КЭС құрылысын бастады
04.05.2026
«Күн зейнетақылары және жел дивидендтері»: Оңтүстік Корея ЖЭК арқылы ауылды дамытуда
04.05.2026
Қырғызстан алты шағын ГЭС салуға арналған жер учаскелеріне конкурс жариялады
04.05.2026
АДБ Азияның электр желілері мен цифрлық инфрақұрылымын біріктіруге $70 млрд салады
30.04.2026
Қазақстан мен Дүниежүзілік банк Орталық Азиядағы энергетикалық интеграцияны талқылады
30.04.2026
Қарағанды облысында 500 МВт жел электр станциясының құрылысы басталды
30.04.2026
Қазақстан БЭЖ Оңтүстік аймағында 50 МВт КЭС салуға арналған аукцион жеңімпазы анықталды
30.04.2026
Қырғызстанда шатырлардағы күн панельдеріне қатысты ережелер әзірленуде
30.04.2026
Еуропада ыстық күшеюде: ЖЭК шешім бола ала ма?
29.04.2026
Қазақстанда 100 МВт КЭС аукционының жеңімпазы анықталды
29.04.2026
Қытайлық компания Қырғызстанда күн және жел энергиясын өндіруге $1 млрд инвестиция салуға дайын
29.04.2026
Meta ғарыштық күн энергетикасына және тым ұзақ мерзімді энергия сақтау саласына инвестиция салады
29.04.2026
Токио әлемдегі ең үлкен жүзбелі жел электр станциясын салмақ
28.04.2026
«KOREM» АҚ-да 50 МВт қуат бойынша еркін аукциондық сауда-саттық өтті
28.04.2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Әзірбайжан және Өзбекстанмен жасыл энергетикалық дәліз туралы келісімді ратификациялады
28.04.2026
Қытай ЖЭК үлесін жалпы орнатылған қуаттың 60%-ына дейін арттырды
28.04.2026
«Батыс Каспий Энерго» Атырау облысындағы 250 МВт жел паркіне арналған аукционда жеңді
27.04.2026
Ember: Жаңартылатын энергия көздері тарихта алғаш рет көмірден асып түсті.
27.04.2026
Қазақстанда ЖЭК аукциондарына өтінім беру мерзімі жалғасуда
27.04.2026
Орталық Азияның төрт елінің энергетика министрлері аймақтың су-энергетикалық балансын талқылады