Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары02.06.2022

Шығарындылар сауда жүйесі 2026 жылға қарай кеңейеді - ҚР Экология министрлігі

2026 жылдан бастап экономикалық қызмет түрлері және басқа да парниктік газдар шығарындыларының сауда жүйесін кеңейту жоспарлануда. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев хабарлады, деп мәлімдейді «ҚазАқпарат» ХАА.

«Қазіргі уақытта бүкіл әлем жаһандық климаттың өзгеру қаупінің алдында тұр. Климаттың өзгеруі энергетиканы дамыту саласындағы әлемдік саясатқа әсер етті. Көмір саласына экономикалық қысым күшейе түсуде. Ірі қаржы институттары көмірмен байланысты жобалардан жасыл технологиялардың пайдасына толық бас тартты. Бұл жаңартылатын энергия көздері технологияларының бәсекеге қабілеттілігіне оң әсерін тигізді. ЖЭК нысандарын салу және пайдалану құны соңғы 10 жылда үш есеге төмендеді», - деді ҚР Экология министрі «ECOJER» ІІ Халықаралық экологиялық конгресінде.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда әлемнің ірі экономикаларын көміртексіздендірудің тұрақты үрдісі байқалады.

«Көміртегі бейтараптығы және тиісінше көмірден бас тарту жөніндегі мақсаттар туралы мәлімдеген елдердің саны жыл сайын артып келеді. Бұл бастамаға Қазақстан да қосылды. Бүгінде Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2060 жылға дейін көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясын пысықтау, сондай-ақ Париж келісімі шеңберінде ұлттық деңгейде айқындалатын үлесті жаңарту бойынша жұмыс жүргізілуде. Шығарындылардың нөлдік теңгеріміне қол жеткізу үшін ЖЭК пайдалануды кеңейту, энергия тиімділігін арттыру және биоотын мен сутекке көшу бөлігінде айтарлықтай өзгерістер күтілуде», - деп түсіндірді ведомство басшысы.

Серікқали Брекешев атап өткендей, Париж келісімі бойынша міндеттемелерге қол жеткізу құралдарының бірі шығарындылар саудасы жүйесі болып табылады. Бұл парниктік газдар шығарындыларын азайтудың нарықтық тетігі болып саналады.

ҚР Экология министрлігі еуропалық және қазақстандық жүйелерді жақындастыру жұмыстарын бастап кетті. 2026 жылдан бастап экономикалық қызмет түрлері және басқа да парниктік газдар бойынша жүйені кеңейту жоспарлануда.

«Париж келісімі бойынша міндеттемелерді орындаумен қатар, бұл біздің экспорттаушылардың ЕО-да шекаралық көміртегі салығын толық төлеуіне жол бермейді», - деп толықтырды министр.

08.07.2025
Өзбекстанның күн және жел электр станциялары жыл басынан бері 5 млрд кВт·сағ энергия өндірді
08.07.2025
Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказда жасыл энергетиканы дамыту үшін «Green Corridor Alliance» бірлескен кәсіпорны тіркелді
08.07.2025
2024 жылы ЕО-да «жасыл» энергия жеткізілімі артты, ал көмір өз позициясын жоғалтуды жалғастырды
08.07.2025
Қырғызстанда ЖЭК объектілері іске қосылғанға дейін жерді қайта сату тыйым салынды
04.07.2025
ЖЭК Қазақстанның энергия балансында позициясын нығайтуда
04.07.2025
15 тамызға дейін: IRENA Орталық Азияда ЖЭК саласында инвестициялық жобаларды қабылдауда
04.07.2025
Amazon Жапонияда геотермалдық тапсырыстарды өңдеу орталығын ашады
03.07.2025
Астанада Electronica Expo Kazakhstan көрмесі өтеді
02.07.2025
Көксу өзенінде ГЭС құрылысы қайта жанданды: жоба туралы не белгілі
02.07.2025
Әзірбайжан мен Дүниежүзілік банк ЖЭК саласында кредиттік келісімге қол қойды
02.07.2025
АҚШ-тың күн және жел энергетикасы электр энергиясын өндіруде рекордтық үлеске жетті
02.07.2025
Жаһандық баяндама: Орталық Азия жасыл энергетиканы дамытуға рекордтық қаржы ағындарын тартты
30.06.2025
Билл Гейтс инвестициялаған революциялық жел станциясының құрылысы басталды
30.06.2025
Тандемдік перовскиттік фотоэлементтер 26,4% тиімділікке қол жеткізді
27.06.2025
Қазақстан мен Қытай стратегиялық энергетикалық әріптестікті талқылады
27.06.2025
Ғарышқа арналған органикалық күн элементтері бойынша инновациялық зерттеу
27.06.2025
Қазақстан мен Өзбекстан Орталық Азияда «жасыл» энергетиканы белсенді дамытуда
27.06.2025
ҚазМұнайГаз Атырауда «жасыл» сутегі өндіру бойынша пилоттық жобаны іске қосты
26.06.2025
Қазақстанда жеке үй иелері күн батареяларынан қалай ақша таба алады
26.06.2025
Қазақстан аукциондық жүйе арқылы ЖЭК саласына 14 елден инвестиция тартты