Қазақстан жаңалықтары29.12.2025
Қазақстанда БиоЭС бойынша аукциондар ақпанда қайта өтеді

QAZAQ GREEN. Орнатылған қуаты 20 МВт болатын биомассалық электр станциялары (БиоЭС) жобаларын іріктеу бойынша қайталама аукциондық сауда-саттық 2026 жылғы ақпан айында өтеді.
«KOREM» АҚ-тың хабарлауынша, 2025 жылғы 12 қарашада болған аукциондық сауда-саттық өткізілмеді деп танылған. Сауда-саттыққа қатысуға тек бір ғана компания жіберілген, бұл аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу қағидаларының талаптарына сәйкес келмейді. Аталған қағидаларға сәйкес, аукциондық сауда-саттыққа қатысу үшін өтінім берген қатысушылар саны кемінде екі болуы тиіс. Нәтижесінде аукцион қорытындысы бойынша жеңімпаз анықталған жоқ.
Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің хабарландыруына сәйкес, БиоЭС жобаларын іріктеу бойынша қайталама аукциондық сауда-саттық 2026 жылғы 10 ақпанда сағат 15:00-де өткізіледі.
Аукциондық сауда-саттықтың ұйымдастырушысы ретінде «KOREM» АҚ құжаттарды қабылдау және өтінім берушілерді тіркеу қолданыстағы қағидаларға сәйкес жүзеге асырылатынын нақтылады. Құжаттарды қабылдау аукцион өтетін күнге дейін 30 күнтізбелік күн бұрын басталып, сауда-саттық басталуына 5 жұмыс күні қалғанда аяқталады.
Алжир 400 МВт болатын екі күн электр станциясын іске қосты
KOREM жел және күн станциялары бойынша сәуірде төрт аукцион өткізеді
ЖЭК энергетикалық дағдарысқа жауап: IRENA елдерге іс-әрекеттер жоспарын ұсынады
Қазақстанда ЖЭК өндірісі 2026 жылдың бірінші тоқсанында 15%-ға өсті
Қазақстан Climatescope таза энергетикаға инвестиция әлемдік рейтингіндегі позициясын жақсартты
Қазақстан мен Қытай бірлескен Сутегі технологиялары орталығын іске қосты
Швейцария әлемдегі ең қуатты редокс-ағынды батареясын құрап жатыр
Ұлыбритания елдегі ең ірі КЭС құрылысын мақұлдады
Sonnedix Италияда ірі күн энергиясы келісімшарттарын жеңіп алды
Қытайлық компания Лаостың таулы аймағында 1000 МВт-ға КЭС-ті іске қосты
Қазақстан Сенаты энергияны Еуропаға экспорттауға арналған құжатты мақұлдады
Zayed Sustainability Prize өтінімдерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды
Әзірбайжандағы «жасыл энергияның» күнделікті үлесі 29%-дан асты
Тәжікстанда 250 МВт күн электр станциясы салынады
Тибетте ең биік таулы күн электр станциясы салынуда
ЖЭК инвесторлары Қырғызстанда энергия жинақтағыштарды орнатуға міндеттелді
Нидерландыда алғашқы перовскитті күн тақтайшасын әзірледі
Мексикада жинақтағыштары бар 900 МВт екі күн жобасы жүзеге асырылуда
Әділетті энергоауысым: Қазақстан Орталық Азияның инвестициялық даму векторын айқындауда
Дубайда саябақтар мен жағажайларда 600 электромобильді зарядтау станциясы орнатылады