Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары20.01.2026

Шымкенттегі маневрлік генерация салуға арналған аукцион: баға 59%-ға төмендеді

QAZAQ GREEN.  2025 жылғы 19 қаңтарда сағат 10:00-де «KOREM» АҚ сауда алаңында ҚР БЭЖ-нің Оңтүстік аймағы (Шымкент қ.) үшін генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған қайталама аукциондық сауда-саттық өткізілді.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2025 жылғы 13 маусымдағы № 237-н/қ бұйрығымен бекітілген Генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған аукциондық сауда-саттық кестесіне сәйкес 2025 жылғы 15 желтоқсанда ҚР БЭЖ-нің Оңтүстік аймағы (Шымкент қ.) үшін аукцион өткізілген болатын. Өткен аукциондық сауда-саттық екіден аз жіберілген қатысушының қатысуына байланысты өткізілмеген деп танылды.

Осыған байланысты Комиссия 2026 жылғы 19 қаңтарда қайталама аукциондық сауда-саттық өткізу туралы шешім қабылдады.

Аукциондық сауда-саттыққа жалпы өтінім көлемі 1500 МВт болатын 3 компания жіберілді. Сауда сессиясы барысында қатысушылар 442 баға ұсынысын берді.

Нәтижелер бойынша аукциондық бағаның төмендеуі 58,8 % құрады – 16 299 800-ден 9 600 000 тг/МВт*айға дейін (ҚҚС-сыз).

Аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша жеңімпаз ретінде 500 МВт көлемімен, 9 600 000 теңге/МВт*ай бағасы бойынша (ҚҚС-сыз) NextGen Power Systems Ltd. жеке компаниясы танылды.

Генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған аукциондық сауда-саттыққа бақылаушы ретінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, «ЖЭК қолдау жөніндегі есеп айырысу-қаржы орталығы» ЖШС-нің, «Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығы» ЗТБ-ның өкілдері қатысты. Бақылаушылар аукцион ұйымдастырушысы «KOREM» АҚ-ның электрондық сауда жүйесі жұмысының толық ашықтығы мен тиімділігін атап өтті.

 

14.04.2026
Алжир 400 МВт болатын екі күн электр станциясын іске қосты
14.04.2026
KOREM жел және күн станциялары бойынша сәуірде төрт аукцион өткізеді
14.04.2026
ЖЭК энергетикалық дағдарысқа жауап: IRENA елдерге іс-әрекеттер жоспарын ұсынады
14.04.2026
Қазақстанда ЖЭК өндірісі 2026 жылдың бірінші тоқсанында 15%-ға өсті
14.04.2026
Қазақстан Climatescope таза энергетикаға инвестиция әлемдік рейтингіндегі позициясын жақсартты
13.04.2026
Қазақстан мен Қытай бірлескен Сутегі технологиялары орталығын іске қосты
13.04.2026
Швейцария әлемдегі ең қуатты редокс-ағынды батареясын құрап жатыр
09.04.2026
Ұлыбритания елдегі ең ірі КЭС құрылысын мақұлдады
09.04.2026
Sonnedix Италияда ірі күн энергиясы келісімшарттарын жеңіп алды
09.04.2026
Қытайлық компания Лаостың таулы аймағында 1000 МВт-ға КЭС-ті іске қосты
09.04.2026
Қазақстан Сенаты энергияны Еуропаға экспорттауға арналған құжатты мақұлдады
08.04.2026
Zayed Sustainability Prize өтінімдерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды
08.04.2026
Әзірбайжандағы «жасыл энергияның» күнделікті үлесі 29%-дан асты
08.04.2026
Тәжікстанда 250 МВт күн электр станциясы салынады
08.04.2026
Тибетте ең биік таулы күн электр станциясы салынуда
08.04.2026
ЖЭК инвесторлары Қырғызстанда энергия жинақтағыштарды орнатуға міндеттелді
07.04.2026
Нидерландыда алғашқы перовскитті күн тақтайшасын әзірледі
07.04.2026
Мексикада жинақтағыштары бар 900 МВт екі күн жобасы жүзеге асырылуда
07.04.2026
Әділетті энергоауысым: Қазақстан Орталық Азияның инвестициялық даму векторын айқындауда
07.04.2026
Дубайда саябақтар мен жағажайларда 600 электромобильді зарядтау станциясы орнатылады