Қазақстан жаңалықтары24.02.2026
Қазақстанда ЖЭК саласындағы кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңес құрылады

QAZAQ GREEN. Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі жаңартылатын энергия көздері саласындағы кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңес құру туралы жариялады. Шешім нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33405 болып тіркелген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2023 жылғы 8 қыркүйектегі № 378 бұйрығына сәйкес қабылданды.
Бекітілген қағидаларға сәйкес кеңестің құрамына мемлекеттік органның, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, Кәсіптік біліктілік жөніндегі ұлттық органның, жұмыс берушілердің, салалық кәсіподақтардың (бар болса), жұмыс берушілердің салалық бірлестіктерінің немесе бейінді ұйымдардың, сондай-ақ тиісті салада бағдарламаларды іске асыратын білім беру мекемелерінің екіден аспайтын өкілдері кіре алады.
Кеңес құрамын қалыптастыру үшін өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы аттестатталатын жұмыс түрлерін орындайтын және салалық біліктіліктерді әзірлеу және енгізу тәжірибесі бар мамандар шақырылады.
Кеңес құрамына кіруге ниет білдіргендер хабарландыру жарияланған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде белгіленген нысан бойынша өтінішті және ҚР Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы біліктілік талаптарын әзірлеу және енгізу тәжірибесін растайтын құжаттарды жолдауы қажет.
ЮНИСЕФ Түрікменстанда ауылдық аурухананы күн энергиясына қосты
Әлемдегі алғашқы күн энергиясымен жұмыс істейтін жедел жәрдем 2026 жылы жолға шығады
Ташкентте сутегі энергетикасын дамыту жобасы іске қосылды
Күн, жел және электромобильдер қазба отынына қарағанда арзанырақ — ЕО баяндамасы
Ресей 2026 жылы шамамен 1 ГВт ЖЭК енгізеді
TotalEnergies пен Masdar Азиядағы ЖЭК дамуын жеделдету мақсатында $2,2 млрд бірлескен кәсіпорын құрады
Германия тұтынуындағы «жасыл» энергияның үлесі 50%-дан асты
Ғалымдар күн сәулесінен және көмірқышқыл газынан авиациялық отын жасауды үйренді
IRENA: жаңартылатын энергия екінші жыл қатарынан рекордтар жаңартуда
Вьетнам үй шаруашылықтары мен мемлекеттік мекемелердің 10%-ын күн энергиясына ауыстырады
Абу-Даби вилла иелеріне күн энергиясын өндіруге және сақтауға рұқсат берді
Euronews: еуропалықтар күн панельдері мен электромобильдерді жаппай сатып алуда
Қырғызстан 2026 жылы ЖЭК өндірісін 1,5 млрд кВт/сағ дейін ұлғайтады
БҰҰ Қазақстандағы Өңірлік экологиялық саммитті ұйымдастыруға белсенді қолдау көрсетуде
ӨЭС-2026 аясында Халықаралық жасыл технологиялар көрмесі өтеді
Испания мен Қытай Чили шөлінде күн аккумуляторлық алыбын салуда
Литвада ЕҚДБ қолдауымен ірі BESS жобасы жүзеге асырылуда
Күн көмірге қарағанда арзанырақ: неліктен энергия дағдарысы Азияның ЖЭК-ке ауысуын жеделдетуде
Қытай корпорациясы Павлодар облысында 1 ГВт болатын мега-ЖЭС құрылысын бастады
Германияда қуаты 68 МВт жел паркінің жаңа буыны іске қосылды