Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары31.03.2026

БҰҰ Қазақстандағы Өңірлік экологиялық саммитті ұйымдастыруға белсенді қолдау көрсетуде

QAZAQ GREEN.  БҰҰ Өңірлік экологиялық саммитке дайындыққа белсенді сараптамалық қолдау көрсетуде. Жұмысты үйлестіру мақсатында былтыр БҰҰ жанынан жұмыс тобы құрылды. Ұйым Қазақстан Үкіметімен жаңа бесжылдық ынтымақтастық бағдарламасы аясында, оның ішінде «Орнықты қоршаған орта» бағыты бойынша экологиялық күн тәртібін одан әрі қолдауды жоспарлап отыр. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі Саранго Раднарагча мәлімдеді.

Оның айтуынша, Саммит аясында БҰҰ-ның 17 агенттігі 23 сессияның тең ұйымдастырушысы болады, оның ішінде 9 жоғары деңгейдегі және 14 тақырыптық сессия бар. Негізгі назар климат, су ресурстары, биоалуантүрлілік, денсаулық сақтау, гендерлік теңдік, жастар, орнықты қалалар және жасыл экономика мәселелеріне аударылады.

Саранго Раднарагчаның айтуынша, БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Саммиттегі өз өкілі ретінде экономикалық және әлеуметтік мәселелер жөніндегі Бас хатшының орынбасары Ли Цзюньхуаны тағайындады. Сондай-ақ БҰҰ-ның бірқатар құрылымы мен мамандандырылған мекемелерінің басшылары қатысатындарын растады, олардың қатарында Апаттар тәуекелін азайту жөніндегі басқарма, ДДҰ, ЮНЕП, БҰҰ ЕЭК, Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым, Халықаралық электр байланысы одағы және БҰҰДБ бар.

«БҰҰ үшін биыл Өңірлік экологиялық саммитке дайындыққа қатысу – үлкен мәртебе. Қазақстан бұл алаңды әріптестік диалогы мен практикалық шешімдер үшін маңызды платформа ретінде қолданбақ. Экологиялық сын-қатерлер барған сайын күрделеніп, өзара байланысты бола түскен жағдайда мұндай саммиттің өткізілуі өзекті», – деді Саранго Раднарагча.

Спикердің айтуынша, экологиялық күн тәртібі 2030 жылға дейінгі орнықты даму мақсаттарын іске асыруда жетекші орын алады, өйткені қоршаған ортаның жай-күйі адамдардың денсаулығына, су және азық-түлік қауіпсіздігіне, қалалардың орнықтылығына және ұзақ мерзімді даму перспективаларына тікелей әсер етеді.

«Орталық Азия үшін бұл ерекше маңызға ие. Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның деректеріне сәйкес, Азияда жылыну қарқыны шамамен екі есе жоғары. Ал, Орталық Азия елдері бұл үрдістің салдарын қазірдің өзінде сезінуде. Өңір елдерін ортақ экологиялық шындық біріктіреді – трансшекаралық су ресурстары, климаттық тәуекелдерге жоғары осалдық, экожүйелерге түсетін қысымның артуы және экономика мен инфрақұрылымды жаңғырту қажеттілігі», – деп атап өтті БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі.

Сондай-ақ ол БҰҰ алдағы саммитті үш негізгі бағытты күшейту мүмкіндігі ретінде қарастыратынын түсіндірді. Біріншіден, саяси серпінді күшейту. Саммит мемлекеттерге, халықаралық даму серіктестеріне, азаматтық қоғамға, ғылыми қауымдастыққа, қаржы институттарына және бизнеске ортақ басымдықтарды айқындап, іс-қимылды үйлестіруді күшейтуге мүмкіндік беретін алаңға айналуы мүмкін.

Екіншіден, практикалық шешімдерге басымдық беру. Бүгінде экологиялық мәселелерді тек талқылау жеткіліксіз – нақты қадамдарға көшу қажет: орнықты жобаларды әзірлеу, климаттық қаржыландыруды кеңейту, жасыл технологияларды енгізу және мониторинг жүйелерін дамыту.

Үшіншіден, үдерістердің инклюзивтілігін қамтамасыз ету. Орнықты шешімдер барлық тараптың – мемлекеттік органдар, жергілікті қауымдастықтар, жастар, академиялық сектор, бизнес, азаматтық қоғам және халықаралық серіктестердің кең қатысуынсыз мүмкін емес.

 

22.04.2026
Өңірлік экологиялық саммит 2026 Астанада өз жұмысын бастайды
20.04.2026
Астанада RES 2026 EXPO ашылып, халықаралық келісімдерге қол қойылады
20.04.2026
Орталық Азия елдері Астанада өтетін 2026 жылғы ӨЭС-те энергетикалық көшуді талқылайды
20.04.2026
Молдова ЖЭК орнатылған қуаты бойынша 1 ГВт шегінен асып түсті
20.04.2026
Қытай Камбоджада құны $ 1 млрд ГЭС құрылысын бастады
20.04.2026
Германияда ондаған мың адам «жасыл көшуді» жеделдетуге шақырды
17.04.2026
Ресей мен Өзбекстан ғалымдары «жасыл» энергия жүйелерінің тұрақтылығын 24%-ға жақсартты
17.04.2026
Қазақстандық ауадан су өндіру стартапы Венада өткен GCIP байқауында үздік үштікке енді
16.04.2026
Қазақстанда құс фабрикасы қалдықтан 15 млн кВт·сағ энергия өндірді
16.04.2026
Қытай мен Испания күн және жел энергиясы саласындағы серіктестігін нығайтуда
16.04.2026
Моңғолия Hanwha Group компаниясына ЖЭК дамыту мен шикізатты өңдеуге қатысуды ұсынды
16.04.2026
Ресей Адыгейдегі жаңа полигонда көлденең және тік ЖЭС сынақтан өткізеді
15.04.2026
Брюссель электрлендіруді күшейтеді: желілік пакет — жазда, стратегия — күзде
15.04.2026
ӨЭС 2026 аясында жаңартылатын энергия көздерін дамыту үшін мамандар даярлау мәселелері талқыланады
14.04.2026
Алжир 400 МВт болатын екі күн электр станциясын іске қосты
14.04.2026
KOREM жел және күн станциялары бойынша сәуірде төрт аукцион өткізеді
14.04.2026
ЖЭК энергетикалық дағдарысқа жауап: IRENA елдерге іс-әрекеттер жоспарын ұсынады
14.04.2026
Қазақстанда ЖЭК өндірісі 2026 жылдың бірінші тоқсанында 15%-ға өсті
14.04.2026
Қазақстан Climatescope таза энергетикаға инвестиция әлемдік рейтингіндегі позициясын жақсартты
13.04.2026
Қазақстан мен Қытай бірлескен Сутегі технологиялары орталығын іске қосты