Қазақстан жаңалықтары25.11.2026
Қазақстанда ГЭС салу аукционында төрт компания жеңіске жетті

QAZAQ GREEN. Қазақстанда жалпы қуаты 64 МВт болатын гидроэлектр станцияларын (ГЭС) салу жобаларын іріктеу аукционында төрт компания жеңімпаз атанды.
Сауда-саттық 25 қарашада өтті. Аукционға Қазақстанның біртұтас электр энергетикалық жүйесінің барлық аймақтары бойынша жалпы белгіленген қуаты 100 МВт көлем шығарылды.
Аукционға төрт компания жіберілді. Сауда-саттық сессиясы барысында олар 16 баға ұсынысын берді, өтінімдердің жалпы көлемі 64 МВт болды.
Сауда-саттық қорытындысы бойынша жеңімпаздар деп танылды:
- «YNTALYZHAN» ЖШС — жобаның қуаты 10,2 МВт, аукциондық бағасы 1 кВт·сағ үшін 39,99 теңге;
- «КазГидроКаскад» ЖШС — 24,8 МВт, 1 кВт·сағ үшін 40 теңге;
- «АМПЕРА» ЖШС — 15 МВт, 1 кВт·сағ үшін 40,55 теңге;
- «Primus Capital Almaty» ЖШС — 14 МВт, 1 кВт·сағ үшін 41,09 теңге.
Барлық баға ҚҚС-сыз көрсетілген.
Сауда-саттыққа бақылаушы ретінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, «ЖЭК-ті қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы» ЖШС-нің, «EcoJer» Қазақстан өңірлік экологиялық бастамалар қауымдастығы» ЗТБ-ның және «Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығы» ЗТБ-ның өкілдері қатысты. Бақылаушылар операторы «KOREM» АҚ болып табылатын электрондық сауда жүйесінің жұмысы ашық әрі дұрыс жүргізілгенін растады.
Қазақстанда ГЭС салу аукционында төрт компания жеңіске жетті
Қызыл теңіз жағалауында 500 МВт жел электр станциясының құрылысы жүріп жатыр
Испания 2030 жылға дейін электр желілеріне 17,1 млрд еуро салуды жоспарлап отыр
Қазақстанда осы жылы қуаты 92 МВт болатын 5 күн электр станциясы іске қосылады
Қазақстанда ЖЭК жобаларының саны 12 жылда нөлден 170-ке жуықтады – Qazaq Green төрағасы Нұрлан Қапенов
Дубай бағдаршамдар мен көше шамдарына арналған жел турбиналарын сынақтан өткізеді
ЕО Кеңесі мен Еуропарламент ЖЭК жобалары мен электр желілеріне рұқсат беруді жеделдетуге келісті
Қостанай облысы электр энергия тапшылығын «жасыл» энергетика арқылы қалай шешіп жатыр
Google Орегондағы геотермалдық станциядан 50 МВт энергия сатып алады
Amazon Үндістандағы жаңартылатын энергетикаға тағы $7 млрд бөледі
АҚШ-тағы энергия жинақтау жүйелерінің көлемі 200 ГВт·сағ-тан асты
Garmin күн панелі бар смарт-сағатты патенттеуде
Ливан үкіметі газ бен ЖЭК-ке басымдық беретін электр энергетикасын дамыту жоспарын мақұлдады
Түркіменстанның шалғай елді мекендерінде 10-ға дейін шағын күн электр станциясы салынады
Түркия мен Қытай шамамен $15 млрд инвестицияны көздейтін ЖЭК саласындағы меморандумға қол қойды
Грекияда қуаты 251,9 МВт күн электр станциясы мен энергия жинақтау жүйесінің құрылысы басталды
Acwa 2029 жылы Түркияда екі күн электр станциясын іске қосады
Арман Шайханов «KOREM» АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды
RWE мен KKR Ұлыбританияның теңіз жел энергетикасына шамамен 12 млрд фунт салады
Гутерриш COP31-де климаттық әділеттілік пактісін жасасуға шақырды