Қазақстан жаңалықтары10.12.2022
ЖЭС жобалары бойынша 2022 жылғы аукциондарда бағаның максималды төмендеуі 42,5% құрады

QAZAQ GREEN. ЖЭС жобалары бойынша 2022 жылғы аукциондық сауда–саттық қорытындылары бойынша бағаның максималды төмендеуі 42,5%, ал КЭС бойынша 0,05% құрады, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.
2022 жылғы қарашада ҚР Энергетика министрлігі 2022 жылға арналған графикке сәйкес электр станцияларының түрлері бойынша бөле отырып, жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) бойынша жалпы белгіленген қуаты 690 МВт аукционға шығарды:
жел электр станциясы (ЖЭС) – 400 МВт;
гидроэлектр станциясы (ГЭС) – 220 МВт;
күн электр станциясы (КЭС) – 60 МВт;
биогаз электр станциялары (БиоЭС) – 10 МВт.
Аукциондар үшін ЖЭС-ке – 21,53 тг/кВтсағ, ГЭС-ке – 15,2 тг/кВтсағ, КЭС-ке – 16,96 тг/кВтсағ, БиоЭС-ке – 32,15 тг/кВтсағ шекті бастапқы аукциондық бағалары белгіленді.
2022 жылы жалпы 13 аукцион, оның ішінде КЭС жобалары бойынша – 3, ЖЭС жобалары бойынша – 7, ГЭС жобалары бойынша – 2 (1 – кіші, 1 – ірі) және БиоЭС жобалары бойынша – 1 аукцион өткізілді.
Аукциондарға 5 елден 36 компания қатысты: Қазақстан, Қытай Халық Республикасы, Сингапур, Ресей Федерациясы, Нидерланды. Аукционға қатысушылардан түскен өтінімдердің жиынтық көлемі 2 809,002 МВт-ты құрап, сұраныс көлемі ұсыныс көлемінен 4 есе асып түсті.
Жалпы, 2022 жылғы аукциондарда жалпы белгіленген қуаты 440 МВт болатын 10 ЖЭК жобасы іріктелді, оның ішінде ЖЭС – 400 МВт, ГЭС - 40 МВт.
2022 жылы өткізілген аукциондар қорытындысы бойынша ЖЭС жобалары бойынша аукциондық бағаның максималды төмендеуі 42,5%, КЭС – 0,05% құрады. Бұл аукциондар бағаның төмендеуін қамтамасыз ететінін және ЖЭК объектілерінен электр энергиясының нарықтық бағаларын анықтауға мүмкіндік беретінін растайтын жақсы нәтиже болып табылады.
TotalEnergies пен Masdar Азиядағы ЖЭК дамуын жеделдету мақсатында $2,2 млрд бірлескен кәсіпорын құрады
Германия тұтынуындағы «жасыл» энергияның үлесі 50%-дан асты
Ғалымдар күн сәулесінен және көмірқышқыл газынан авиациялық отын жасауды үйренді
IRENA: жаңартылатын энергия екінші жыл қатарынан рекордтар жаңартуда
Вьетнам үй шаруашылықтары мен мемлекеттік мекемелердің 10%-ын күн энергиясына ауыстырады
Абу-Даби вилла иелеріне күн энергиясын өндіруге және сақтауға рұқсат берді
Euronews: еуропалықтар күн панельдері мен электромобильдерді жаппай сатып алуда
Қырғызстан 2026 жылы ЖЭК өндірісін 1,5 млрд кВт/сағ дейін ұлғайтады
БҰҰ Қазақстандағы Өңірлік экологиялық саммитті ұйымдастыруға белсенді қолдау көрсетуде
ӨЭС-2026 аясында Халықаралық жасыл технологиялар көрмесі өтеді
Испания мен Қытай Чили шөлінде күн аккумуляторлық алыбын салуда
Литвада ЕҚДБ қолдауымен ірі BESS жобасы жүзеге асырылуда
Күн көмірге қарағанда арзанырақ: неліктен энергия дағдарысы Азияның ЖЭК-ке ауысуын жеделдетуде
Қытай корпорациясы Павлодар облысында 1 ГВт болатын мега-ЖЭС құрылысын бастады
Германияда қуаты 68 МВт жел паркінің жаңа буыны іске қосылды
IRENA: таза тамақ дайындауға көшу үшін жылына 8 миллиард доллар қажет
АҚШ-тың ең ірі оффшорлық жел паркі желіге алғашқы киловатты берді
Фиджи энергетикалық дағдарысқа байланысты ЖЭК-ке көшу жоспарын дайындауда
Украинаның жасыл энергетикасы: Львов облысы 2026 жылы 300 МВт қуат қосады
Қалмақияда 63 МВт күн станциясы іске қосылды