ТМД елдерінің жаңалықтары

ТМД елдерінің жаңалықтары22.10.2024

Якутияда жыл соңына дейін үш гибридті энергия кешені іске қосылады

QAZAQ GREEN. 2024 жылы Якутияда үш заманауи энергетикалық нысан пайдалануға беріледі. Оймякон ауданының Оймякон, Куйдусун және Орто-Балаған ауылдарында автоматтандырылған гибридті энергия кешендері (АГЭК) салынуда, деп хабарлайды YakutiaMedia ақпарат агенттігі.

Бұл нысандар жаңартылатын энергия көздеріне (ЖЭК) негізделген заманауи технологияларды пайдалана отырып, құрылуда. Әрбір энергия кешені тиімділігі жоғары дизельді электр станциясынан, күн электр станциясынан және бірыңғай автоматтандырылған басқару жүйесімен біріктірілген энергияны сақтау жүйесінен тұрады.

Күн электр станциялары мен үнемді дизель генераторларының көмегімен органикалық отын импортын едәуір қысқартуға және қоршаған ортаға теріс әсерді азайтуға мүмкіндік береді.

АГЭК-тің құрылысын Русгидромен Шығыс экономикалық форумында қол қойылған келісім аясында іске асырылады. Барлығы 73 нысан салу жоспарланып отыр.

«Жаңа гибридті энергия кешендері елді мекендерге арзан әрі экологиялық таза электр энергиясымен сенімді қамтамасыз етеді. Якутияда автоматтандырылған станциялардың құрылыс жұмыстары жалғасады», - деді Якутия басшысы Айсен Николаев.

Бұған дейін осындай жобалар Ұлахан-Күл, Құлын-Елбют, Хонуу, Чумпу-Кытыл, Сасыр ауылдарында және Верхоянск қаласында сәтті жүзеге асырылды. Олар отын (дизель) шығынын 1400 тонна азайтуға мүмкіндік берді.

Ағымдағы жылдың қыркүйек айында Олекмин ауданының Урицкое, Дабан және Саныяхтах ауылдарында, сондай-ақ Томпон ауданының Тополиное ауылында жалпы қуаты 3,7 МВт болатын АГЭК пайдалануға берілді.

Бұл елді мекендер орталықтандырылған энергиямен жабдықтаудан оқшауланған, ал қыс мезгілінде температура минус 50 градустан төмен түседі, бұл жергілікті тұрғындардың өмірі мен қауіпсіздігі үшін энергиямен жабдықтаудың сенімділігін қамтамасыз етуді қажет етеді.

 

04.05.2026
Израиль Негев шөлінде ірі КЭС құрылысын бастады
04.05.2026
«Күн зейнетақылары және жел дивидендтері»: Оңтүстік Корея ЖЭК арқылы ауылды дамытуда
04.05.2026
Қырғызстан алты шағын ГЭС салуға арналған жер учаскелеріне конкурс жариялады
04.05.2026
АДБ Азияның электр желілері мен цифрлық инфрақұрылымын біріктіруге $70 млрд салады
30.04.2026
Қазақстан мен Дүниежүзілік банк Орталық Азиядағы энергетикалық интеграцияны талқылады
30.04.2026
Қарағанды облысында 500 МВт жел электр станциясының құрылысы басталды
30.04.2026
Қазақстан БЭЖ Оңтүстік аймағында 50 МВт КЭС салуға арналған аукцион жеңімпазы анықталды
30.04.2026
Қырғызстанда шатырлардағы күн панельдеріне қатысты ережелер әзірленуде
30.04.2026
Еуропада ыстық күшеюде: ЖЭК шешім бола ала ма?
29.04.2026
Қазақстанда 100 МВт КЭС аукционының жеңімпазы анықталды
29.04.2026
Қытайлық компания Қырғызстанда күн және жел энергиясын өндіруге $1 млрд инвестиция салуға дайын
29.04.2026
Meta ғарыштық күн энергетикасына және тым ұзақ мерзімді энергия сақтау саласына инвестиция салады
29.04.2026
Токио әлемдегі ең үлкен жүзбелі жел электр станциясын салмақ
28.04.2026
«KOREM» АҚ-да 50 МВт қуат бойынша еркін аукциондық сауда-саттық өтті
28.04.2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Әзірбайжан және Өзбекстанмен жасыл энергетикалық дәліз туралы келісімді ратификациялады
28.04.2026
Қытай ЖЭК үлесін жалпы орнатылған қуаттың 60%-ына дейін арттырды
28.04.2026
«Батыс Каспий Энерго» Атырау облысындағы 250 МВт жел паркіне арналған аукционда жеңді
27.04.2026
Ember: Жаңартылатын энергия көздері тарихта алғаш рет көмірден асып түсті.
27.04.2026
Қазақстанда ЖЭК аукциондарына өтінім беру мерзімі жалғасуда
27.04.2026
Орталық Азияның төрт елінің энергетика министрлері аймақтың су-энергетикалық балансын талқылады