Қазақстан жаңалықтары31.07.2024
Жезқазғанда жел электр станциясы салынып жатыр

QAZAQ GREEN. Ұлытау облысында жел электр станциясы салынып жатыр. Құны 24,5 млрд теңге болатын инвестициялық жоба құрылысы жыл соңына қарай аяқталады, деп хабарлайды 24KZ.
Сол кезде Жезқазған мен Сәтпаев қаласында 100 мегаватт баламалы энергия өндіретін станция іске қосылады.
Жезқазғандағы арнайы аумақта құрылыс жұмыстары басталды. Қазір 16 генератордың әрқайсысының жеке іргетасы құйылып жатыр. Құрылғылар орнатылған соң желден энергия алынып, Сәтбаев қаласындағы подстанцияға жіберіледі.
«Құрылыс жұмыстары 2024 жылдың наурызының аяғы мен сәуірдің басынан салынып жатыр. Биыл 2024 жылы бұл объектіні іске қосып, 100 мегаватт тоқ шығарып, сол тоқты КЕГОК-тың Никольский 1 станциясына өткізу жоспарда», – деді Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары Алмат Саухимов.
Құрылыс жұмыстарына 50 шақты адам жұмылдырылған. Нысан іске қосылғанда 11 маман тұрақты жұмысқа орналасады. Тың жобаны қазақстандық және қытайлық 3 компания жүзеге асырып жатыр. Бұдан бөлек, Жаңаарқа ауданында тағы бір станция салынады.
«Жаңарқа ауданында 1000 мегаваттық жел электр станциясын орнату. Бұл жоба 2025 жылы жүзеге асыру жоспарланып отыр. Қазіргі таңда құжаттама жұмыстары рәсімделіп жатыр. 20 гектар жер бөлінді. Қазіргі таңда жел бағытын анықтау үшін «вышка» орнатылды», – Ұлытау облыстық энергетика және ТКШ басқармасы басшысының орынбасары Жангелді Бөгенбаев.
Жезқазғандағы индустриялды аймақта жел электр станциясына қажет қондырғыларды шығаратын зауыт ашу көзделген. Өндіріс орнында жылына 100 құрылғы құрастыру жоспарланып отыр.
Израиль Негев шөлінде ірі КЭС құрылысын бастады
«Күн зейнетақылары және жел дивидендтері»: Оңтүстік Корея ЖЭК арқылы ауылды дамытуда
Қырғызстан алты шағын ГЭС салуға арналған жер учаскелеріне конкурс жариялады
АДБ Азияның электр желілері мен цифрлық инфрақұрылымын біріктіруге $70 млрд салады
Қазақстан мен Дүниежүзілік банк Орталық Азиядағы энергетикалық интеграцияны талқылады
Қарағанды облысында 500 МВт жел электр станциясының құрылысы басталды
Қазақстан БЭЖ Оңтүстік аймағында 50 МВт КЭС салуға арналған аукцион жеңімпазы анықталды
Қырғызстанда шатырлардағы күн панельдеріне қатысты ережелер әзірленуде
Еуропада ыстық күшеюде: ЖЭК шешім бола ала ма?
Қазақстанда 100 МВт КЭС аукционының жеңімпазы анықталды
Қытайлық компания Қырғызстанда күн және жел энергиясын өндіруге $1 млрд инвестиция салуға дайын
Meta ғарыштық күн энергетикасына және тым ұзақ мерзімді энергия сақтау саласына инвестиция салады
Токио әлемдегі ең үлкен жүзбелі жел электр станциясын салмақ
«KOREM» АҚ-да 50 МВт қуат бойынша еркін аукциондық сауда-саттық өтті
Қасым-Жомарт Тоқаев Әзірбайжан және Өзбекстанмен жасыл энергетикалық дәліз туралы келісімді ратификациялады
Қытай ЖЭК үлесін жалпы орнатылған қуаттың 60%-ына дейін арттырды
«Батыс Каспий Энерго» Атырау облысындағы 250 МВт жел паркіне арналған аукционда жеңді
Ember: Жаңартылатын энергия көздері тарихта алғаш рет көмірден асып түсті.
Қазақстанда ЖЭК аукциондарына өтінім беру мерзімі жалғасуда
Орталық Азияның төрт елінің энергетика министрлері аймақтың су-энергетикалық балансын талқылады