Әлем жаңалықтары29.10.2024
QatarEnergy мен TotalEnergies Иракта қуаты 1,25 ГВт болатын күн энергетикалық жобасы бойынша келісімге қол қойды

QAZAQ GREEN. 2024 жылғы 28 қазанда QatarEnergy Ирак Республикасындағы Газ кен орындарын кеңейту бойынша интеграциялық жобаның (GGIP) аясында күн электр станциясын салуға қатысу үшін TotalEnergies компаниясымен серіктестік келісіміне қол қойды.
Реттеуші органдардың мақұлдауын күтіп отырған келісім шарттарына сәйкес, QatarEnergy күн энергетикасы жобасының 50%-ын иеленетін болады, ал TotalEnergies қалған 50%-ын өзінде сақтап қалады. Әлемдегі ең ірі жобалардың бірі болып табылатын бұл жоба 2 миллион жоғары тиімді екі жақты күн панелін бір осьті трекерлерге орнатуды қамтиды. Құрылыс аяқталғаннан кейін күн станциясы Ирактың Басра аймағындағы электр желісіне 1,25 ГВт (пик қуаты) таза энергия жеткізе алады.
Жоба 2025-2027 жылдар аралығында іске қосылатын кезеңдер бойынша жүзеге асырылады және Басра аймағындағы шамамен 350 000 үйді электрмен қамтамасыз етуге қауқарлы болады.
Бұл оқиғаға қатысты пікір білдіре отырып, QatarEnergy компаниясының президенті және бас директоры, энергетика істері жөніндегі мемлекеттік министр Саад Шерида Әл-Кааби мырза: «Біз Ирактың энергетика саласы үшін маңызды болып табылатын бұл жобаға қатысқанымызға қуаныштымыз және стратегиялық серіктесіміз TotalEnergies-пен бірлесе жұмыс істеуді асыға күтеміз. Ирак үкіметіне көрсеткен сенімі үшін және TotalEnergies-ке Ирактың күн энергетикасын дамытуға қолдау көрсету мүмкіндігі үшін алғысымызды білдіреміз», – деді.
Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың маусым айында QatarEnergy Иракта Газ кен орындарын кеңейту бойынша интеграциялық жобаны іске асыруға арналған консорциумға 25% үлеспен, TotalEnergies (45%) және Basra Oil Company (30%) компанияларымен бірге қосылған болатын. GGIP – табиғи ресурстарды игеруге, сондай-ақ Басра аймағында алау ретінде жағылатын газдың үлкен көлемін жинап, электр станцияларына жеткізуге бағытталған стратегиялық жоба.
Израиль Негев шөлінде ірі КЭС құрылысын бастады
«Күн зейнетақылары және жел дивидендтері»: Оңтүстік Корея ЖЭК арқылы ауылды дамытуда
Қырғызстан алты шағын ГЭС салуға арналған жер учаскелеріне конкурс жариялады
АДБ Азияның электр желілері мен цифрлық инфрақұрылымын біріктіруге $70 млрд салады
Қазақстан мен Дүниежүзілік банк Орталық Азиядағы энергетикалық интеграцияны талқылады
Қарағанды облысында 500 МВт жел электр станциясының құрылысы басталды
Қазақстан БЭЖ Оңтүстік аймағында 50 МВт КЭС салуға арналған аукцион жеңімпазы анықталды
Қырғызстанда шатырлардағы күн панельдеріне қатысты ережелер әзірленуде
Еуропада ыстық күшеюде: ЖЭК шешім бола ала ма?
Қазақстанда 100 МВт КЭС аукционының жеңімпазы анықталды
Қытайлық компания Қырғызстанда күн және жел энергиясын өндіруге $1 млрд инвестиция салуға дайын
Meta ғарыштық күн энергетикасына және тым ұзақ мерзімді энергия сақтау саласына инвестиция салады
Токио әлемдегі ең үлкен жүзбелі жел электр станциясын салмақ
«KOREM» АҚ-да 50 МВт қуат бойынша еркін аукциондық сауда-саттық өтті
Қасым-Жомарт Тоқаев Әзірбайжан және Өзбекстанмен жасыл энергетикалық дәліз туралы келісімді ратификациялады
Қытай ЖЭК үлесін жалпы орнатылған қуаттың 60%-ына дейін арттырды
«Батыс Каспий Энерго» Атырау облысындағы 250 МВт жел паркіне арналған аукционда жеңді
Ember: Жаңартылатын энергия көздері тарихта алғаш рет көмірден асып түсті.
Қазақстанда ЖЭК аукциондарына өтінім беру мерзімі жалғасуда
Орталық Азияның төрт елінің энергетика министрлері аймақтың су-энергетикалық балансын талқылады