Әлем жаңалықтары

Әлем жаңалықтары07.01.2025

Қытай Ұлы күн қабырғасын салып жатыр

QAZAQ GREEN. Қытайдың Кобучи шөлінде жаңа тарихи мегажобаның құрылысы қарқынды жүруде. Бұл – Ұлы Қытай күн қабырғасы, мыңдаған фотоэлектрлік күн панельдерінен тұратын ауқымды жоба. Жоба, әсіресе, күн энергиясының әлеуетін қайта бағалауға мүмкіндік береді деп күтілуде және ол келесі онжылдықтың басында аяқталады деп хабарлайды CPG.

Ұлы Қытай күн қабырға Бейжіңге энергия жеткізу арқылы елдің энергетикалық тәуелсіздігін күшейту үшін жасалып жатқан жоба. Ол ең ірі шөлдерінің бірі Кобучи шөлінде салынып жатыр. Бұрын бұл жерді «Өлім теңізі» деп атаған.

Құрылыс аяқталғаннан кейін, бұл мегақұрылымның максималды қуаты 100 гигаватты құрайды. Қазіргі уақытта, қытайлық биліктің мәліметінше, 5,4 гигаватт энергия өндіріп жатыр.

Бұл мегажобаның алғашқы суреттерін қазірдің өзінде Landsat 8 және 9 спутниктерінен көруге болады.

Жоба аяқталған кезде күн электр станциясының ұзындығы 400 км, ені 5 км болады, бұл оны ғарыштан көргенде әсерлі ете түседі. Сонымен қатар, бұл қуат Қытайдың жаңартылатын энергия өндірісіндегі көшбасшылығын нығайтуға септігін тигізуі мүмкін.

Электр энергиясының жаңартылатын көзімен қатар, қытайлық инженерлер экология және тұрақтылық салаларында қосымша әсерлерді күтуде. Күн панельдерінің орнатылуы топырақ эрозиясын азайтады және соның салдарынан Хуанхэ өзеніне (Қытайдағы ұзындығы бойынша екінші өзен) шөгінділердің түсуі қысқарады деп болжап отыр.

Тағы бір маңызды фактор – көтерілген панельдер жерге көлеңке түсіріп, булануды бәсеңдетіп, олардың астында шөптер мен басқа да өсімдіктерді өсіруді жеңілдетуі мүмкін. Шынында, бұған дейінгі талдаулар Қытайдың басқа аймақтарындағы күн станциялары шөлдердің көгалдануына мүмкіндік бергенін көрсеткен.

Бұл фараондық мегажобадан бөлек, Қытайдың CNH Energy мемлекеттік энергетикалық компаниясы қараша айында әлемдегі ең үлкен теңіздегі күн электр станциясының алғашқы панельдерін электр желісіне қосты.

Жоба Шандун провинциясындағы Дунъин жағалауынан 9 км қашықтықта орналасқан және 1,2 гектарды қамтиды. Әлемдегі ең ірі теңіздегі күн электр станциясында әрқайсысы 60×35 метрлік өлшемдегі шамамен 3 мың фотоэлектрлік күн панельдері бар.

Ең үлкен теңіздегі күн электр станциясының жалпы қуаты 1 ГВт, бұл жылына 2,6 миллион адамды электрмен қамтамасыз етуге жеткілікті. Әлемдегі ең ірі энергия тұтынушы мемлекет – Қытай осы мегажоба арқылы жаңартылатын энергия көздеріне көшуін жеделдетуде. Энергия өндіруден бөлек, бұл күн электр станциясында балық өсіру шаруашылықтары да болады, бұл теңіз кеңістігін барынша тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Бұл маңызды жоба Қытайдың соңғы онжылдықтардағы энергия ауысуының символы болып табылады. Жобада JinkSolar компаниясының Tiger Neo n-Type TOPCon екіжақты модульдері пайдаланылғаны айта кету керек.

23.11.2026
Қазақстанда осы жылы қуаты 92 МВт болатын 5 күн электр станциясы іске қосылады
20.11.2026
Қазақстанда ЖЭК жобаларының саны 12 жылда нөлден 170-ке жуықтады – Qazaq Green төрағасы Нұрлан Қапенов
20.11.2026
Дубай бағдаршамдар мен көше шамдарына арналған жел турбиналарын сынақтан өткізеді
19.11.2026
ЕО Кеңесі мен Еуропарламент ЖЭК жобалары мен электр желілеріне рұқсат беруді жеделдетуге келісті
19.11.2026
Қостанай облысы электр энергия тапшылығын «жасыл» энергетика арқылы қалай шешіп жатыр
18.11.2026
Google Орегондағы геотермалдық станциядан 50 МВт энергия сатып алады
18.11.2026
Amazon Үндістандағы жаңартылатын энергетикаға тағы $7 млрд бөледі
17.11.2026
АҚШ-тағы энергия жинақтау жүйелерінің көлемі 200 ГВт·сағ-тан асты
17.11.2026
Garmin күн панелі бар смарт-сағатты патенттеуде
16.11.2026
Ливан үкіметі газ бен ЖЭК-ке басымдық беретін электр энергетикасын дамыту жоспарын мақұлдады
16.11.2026
Түркіменстанның шалғай елді мекендерінде 10-ға дейін шағын күн электр станциясы салынады
16.11.2026
Түркия мен Қытай шамамен $15 млрд инвестицияны көздейтін ЖЭК саласындағы меморандумға қол қойды
13.11.2026
Грекияда қуаты 251,9 МВт күн электр станциясы мен энергия жинақтау жүйесінің құрылысы басталды
13.11.2026
Acwa 2029 жылы Түркияда екі күн электр станциясын іске қосады
12.11.2026
Арман Шайханов «KOREM» АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды
12.11.2026
RWE мен KKR Ұлыбританияның теңіз жел энергетикасына шамамен 12 млрд фунт салады
12.11.2026
Гутерриш COP31-де климаттық әділеттілік пактісін жасасуға шақырды
12.11.2026
COP31-де Қазақстанда екі жел электр станциясын салу туралы келісімдерге қол қойылды
11.11.2026
Қазақстан мен Германия ЖЭК пен жасыл сутегіні дамытуды талқылады
11.11.2026
Сергей Алеев ЖЭК қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығын басқарады