Әлем жаңалықтары16.01.2025
Қалмақияда 63 МВт қуаты бар жаңа күн электр станциясы іске қосылды

QAZAQ GREEN. «Юнигрин Энерджи» компаниясы Қалмақия Республикасының Лаган ауданында орналасқан, қуаты 63 МВт Красин күн электр станциясын (КЭС) сәтті іске қосты, деп хабарлады Neftegaz.RU ақпарат агенттігі компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аталған жобаның инвестициясы 6 млрд рубльден асты. Осы күн электр станциясының іске қосылуымен Қалмақиядағы күн генераторларының жалпы орнатылған қуаты 297 МВт-қа жетті. Бұл көрсеткіш республикаға Ресей өңірлері арасында алдыңғы орындардың бірін иеленуге мүмкіндік береді.
Қалмақияның Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және энергетика министрлігінің мәліметінше, Красин КЭС өңірдегі төртінші күн электр станциясы болып табылады. Ол бұған дейін іске қосылған Малодербетовск КЭС (60 МВт), Яшкуль КЭС (58,5 МВт) және елдегі ең ірі Аршан КЭС-ке (115,6 МВт) қосылды. Бұл қуаттылық күн энергиясының Қалмақияның энергетикалық жүйесіндегі үлесін 55,6%-ға дейін арттырды.
Красин КЭС шамамен 180 гектар аумақты алып жатыр және Ресейде шығарылған150 мыңнан астам екіжақты күн модулін, сондай-ақ 800 шақырымнан астам кабельдік желілерді қамтиды. Жылдық электр энергиясын өндіру көлемі 99,6 млн кВт-сағатты құрайды деп болжанып отыр. Бұл жылына көмірқышқыл газының шығарылуын 35 мың тоннаға азайтуға мүмкіндік береді.
Жаңа күн электр станциясы күннің қозғалысын бақылайтын трекерлік жүйені пайдаланады, бұл электр энергиясын өндіруді бекітілген модуль бұрыштарымен салыстырғанда орта есеппен 20-25%-ға арттырады. Құрылыс барысында шамамен 100 уақытша жұмыс орны құрылды, ал станцияны тұрақты пайдалану және қорғау үшін шамамен 20 қызметкер жұмыс істейтін болады.
Сонымен қатар, «Юнигрин Энерджи» қуаты 63 МВт болатын Лаган күн электр станциясы жобасын іске асыруды жалғастыруда. Оны 2025 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Бұл станция Красин КЭС-ның жанында орналасады.
Қарағанды облысында 500 МВт жел электр станциясының құрылысы басталды
Қазақстан БЭЖ Оңтүстік аймағында 50 МВт КЭС салуға арналған аукцион жеңімпазы анықталды
Қазақстанда 100 МВт КЭС аукционының жеңімпазы анықталды
Қытайлық компания Қырғызстанда күн және жел энергиясын өндіруге $1 млрд инвестиция салуға дайын
Meta ғарыштық күн энергетикасына және тым ұзақ мерзімді энергия сақтау саласына инвестиция салады
Токио әлемдегі ең үлкен жүзбелі жел электр станциясын салмақ
«KOREM» АҚ-да 50 МВт қуат бойынша еркін аукциондық сауда-саттық өтті
Қасым-Жомарт Тоқаев Әзірбайжан және Өзбекстанмен жасыл энергетикалық дәліз туралы келісімді ратификациялады
Қытай ЖЭК үлесін жалпы орнатылған қуаттың 60%-ына дейін арттырды
«Батыс Каспий Энерго» Атырау облысындағы 250 МВт жел паркіне арналған аукционда жеңді
Ember: Жаңартылатын энергия көздері тарихта алғаш рет көмірден асып түсті.
Қазақстанда ЖЭК аукциондарына өтінім беру мерзімі жалғасуда
Орталық Азияның төрт елінің энергетика министрлері аймақтың су-энергетикалық балансын талқылады
Әділ ауысым: адамдарды қалай энергетикалық трансформациядан тыс қалдырмауға болады
Орталық Азияның жетекші техникалық ЖОО мен ОАӨЭО ЖЭК мамандарын даярлау туралы меморандумдарға қол қойды
Қазақстан мен БҰҰ ЕЭК энергетикалық тұрақтылық пен төмен көміртекті технологияларды дамыту мәселелерін талқылады
100 000 жұмыс орны мен кадрлардың тапшылығы: Орталық Азияның ЖЭК серпілісіне дайындығы қандай
Тасымалдаусыз ауысым жоқ: Орталық Азия энергетикалық болашағын қалай құруда
Азия даму банкі Қазақстан жобаларына 5,5 млрд доллар инвестиция салады
Астанада RES 2026 EXPO көрмесінің ашылуында $2,3 млрд астам сомаға 17 меморандумға қол қойылды