Әлем жаңалықтары

Әлем жаңалықтары16.06.2026

Молдовадағы күн батареялары: артықшылықтары кемшіліктерінен басым ба?

QAZAQ GREEN. Молдованың климаты жаңартылатын энергия көздерін (ЖЭК) пайдалану үшін өте қолайлы, жылына орта есеппен шамамен 300 күн жарқырап, бұлтсыз жаз болады. Елдің Энергетика министрлігінің мәліметтері бойынша, соңғы бес жылда жаңартылатын энергия көздерінің қуаты 77 МВт-тан 1 ГВт-қа дейін 12 еседен астам өсті. Дегенмен, мұндай жылдам өсім құрылымдық мәселелерді айқындады: ЖЭК көмегімен өндірілетін энергияны сақтау жүйелерінің сыни тапшылығы және тұрақты келісімшарттары бар жұмыс істейтін нарықтың болмауы, деп жазады Deutsche Welle.

Күн энергетикасында Молдовадпағы өндірушілердің жартысына жуығы парадоксалды жағдайға байланысты банкроттыққа ұшырау тәуекеліне тап болып отыр: күндіз күн батареяларының көмегімен энергия өндіру тұтынудан асып түсетіні соншалықты, олардың станцияларын  электр желісінен ажыратуға тура келеді. Ал, таңертең және кешке елде, қымбат импортпен жаьылатын,  сағатына 650 МВт дейін тапшылық байқалады. 11 маусымда Молдова Парламенті өндірілген энергияны жинақтауға қабілетті аккумуляторлық батареяларды импорттаушылар үшін жеңілдіктер енгізді, бірақ бұл жеткілікті ме?

Молдовада күн энергиясының қандай кемшіліктері бар?

Молдовада ірі және орта өндірушілерді мемлекеттік қолдау тетігі бар, дейді WatchDog қауымдастығының энергетика саласындағы сарапшысы Сергей Тофилат. Олар үкіметтік аукциондарға қатысады немесе Ұлттық энергетикалық реттеу агенттігіне (ANRE) өтінімдер береді және 15 жыл бұрын белгіленген бағаны алады, сол бойынша мемлекет барлық энергияны сатып алуға міндеттенеді. Сарапшының түсіндіруінше, оларда ешқандай мәселе жоқ, бірақ мұндай өндірушілердің үлесі жалпы қуаттылықтың 44%-ын құрайды.

Сонымен қатар, өндірушілердің қалған 56%-ы осал жағдайда қалып отыр, себебі олар бағалары өзгермелі еркін нарықта жұмыс істейді және үкімет қолдауын пайдаланбайды. Күндіз энергия артық болған кезде, олар электр желісінен ажыратылады және олардың өздерінде  экспортқа арналған электр беру желілері жоқ. «Артық энергияны сату мүмкін емес болғандықтан несие алған кәсіпкерлердің оларды өтеугеешқандай мүмкіндігі жоқ», - деп түсіндіреді Сергей Тофилат.

Жинақтау жүйелеріне инвестиция салу тез шешім болып көрінеді. 11 маусымда Молдова Парламенті жасыл энергетика жабдықтары мен электр энергиясын сақтау жүйелерін кіргізуді кедендік баждардан босататын заң қабылдады. Сонымен қатар, мемлекет инвесторларға ҚҚС-ты толық қайтаруға кепілдік береді.

«Жаңа заң көмектесе ме, жоқ па, белгісіз», - деп жалғастырады Сергей Тофилат, өйткені жинақталған энергияның сатып алынатынына әлі кепілдік жоқ. Мұнымен қоса, электр энергиясының артықшылығы артады, себебі 2024 жылы өткізілген мемлекеттік тендерлер бойынша жақын арада тағы 105 МВт жел генераторлары орнатылатын болды.

Бизнес пен үкімет тәуекелдер туралы дауласуда

Өндірушілер алғашқы шығындарын сәуір айының соңында, күндізгі уақыт айтарлықтай ұзарып, энергия алғаш рет шетелге сатыла бастаған кезде көрді. Рекордтық өндіріске қарамастан, кәсіпкерлер саладағы дағдарысқа байланысты шұғыл үндеу жариялады. Олар бейіндік мекемелерге PPA (Power Purchase Agreement) түріндегі ұзақ мерзімді келісімшарттар жасасуды, жинақтау жүйелерін дамытуды және сұранысты теңестіру құралдарын енгізуді талап етумен хат жолдады.

Энергетика министрлігі қатал жауап берді: 15 мамырда Министрліктің мемлекеттік хатшысы Каролина Новак еркін нарықта жұмыс істейтін кәсіпкерлер белгіленген тарифсіз ьизнестің тәуекелдерін басынан бастап білгенін және мемлекет олардың энергиясын сатып алуға міндетті емес екенін мәлімдеді. Дегенмен, шенеунік биліктің  әлі де шешімдер іздеп, бірнеше нұсқаны талдап жатқанын атап өтті.

Энергия сақтау жүйелерін импорттаушыларды ынталандыру туралы заң консультациялардың нәтижесі болды. Ол қабылданбас бұрын, Энергетика министрі Дорин Жунгиету Молдовада артық энергияны пайдалану және тұтынудың шың сағаттарында тапшылықты азайту үшін кемінде 600 МВт энергия сақтау қуаттылығы жетіспейтінін көрсетті. Биліктегі «Әрекет және ынтымақтастық» партиясының (PAS) атынан депутат  Раду Мариан бұл үшін 3 жыл қажет болатынын болжады.

ЕО жаңа сертификаттарды талап етеді

Парламенттік комиссиямен консультацияларда тағы бір мәселе аталып өтті: Румыния 1 қаңтарда Еуропалық Одақтың трансшекаралық көміртекті реттеу тетігі (CBAM) енгізілгендіктен,  ЕО мойындаған энергия көзі кепілдігін талап ете бастады. Сергей Тофилаттың түсіндіруінше, егер ел СО2 шығарындыларын шығаратын болса, онда ЕО сатып алушылары Молдовадан   сатып алынған электр энергиясына қосымша баж төлеуге мәжбүр болады. Молдованың жасыл энергияның шығу тегі сертификаттары әлі Еуропалық Одақта әлі танылған жоқ.

Бұл елдің энергетикалық балансы туралы жаңартылған ақпараттың жетіспеушілігінен туындап отыр, - деп атап өтті сарапшы. Еуропада әлі күнге дейін Молдова Приднестровьеде орналасқан және бұрын ресейлік газбен жұмыс істеген Кучуурган ШГРЭС  энергиясын пайдаланады деп санайды. НАРЭ басшысы Александру Урсу Энергетикалық қауымдастық хатшылығымен шығу тегі сертификаттарын өзара тану бойынша диалог орнатылғанын және Молдоваға бақылаушы мүше мәртебесін беру үшін ЕО эмитент-органдарына сұрату жолданғанын хабарлады.

16.06.2026
Ақтөбе облысының әкімдігі мен Plenitude Kazakhstan қуаты 100 МВт ЖЭС құрылысын талқылады
16.06.2026
Masdar Испаниядағы Repsol ЖЭК портфелінің жартысына жуығын €849 млн-ға сатып алады
16.06.2026
Душанбеде күн электр станцияларын салу талқыланды
16.06.2026
Молдовадағы күн батареялары: артықшылықтары кемшіліктерінен басым ба?
15.06.2026
Дүниежүзілік банк Қырғызстанда жасыл қаржыландыруды дамытуға $59 млн бөлмек
15.06.2026
Әлемдегі теңіз жел парктерінің қуаты 2035 жылға қарай төрт есеге артады
15.06.2026
Қырғызстан вьетнамдық инвесторлармен бірге ең ірі КЭС іске қосты
15.06.2026
Көмір, газ әлде ЖЭК: бүгінде Қазақстанның энергия теңгерімін не қамтамасыз етеді?
11.06.2026
Ember: Энергетикалық дағдарыс Еуропаның қазба отынынан стратегиялық бас тартуын жеделдетуде
11.06.2026
Кубалық темекі компаниясы электр қуатын өшіруге байланысты күн энергиясына ауысты
10.06.2026
Главная Новости Орталық Азия елдері энергожүйелердің сенімділігін талқылады 09 июня 2026, 13:24 86 Орталық Азия елдері энергожүйелердің сенімділігін талқылады
10.06.2026
Automechanika Astana 202 переведи на каз 17:11 Қазақстан Automechanika Astana 2026 көрмесінде зарядтау инфрақұрылымына инвесторларды тартуда
10.06.2026
Өзбекстанда «жасыл энергия» өндірісі 28%-ға өсті
10.06.2026
Испанияда жыл бойы «жасыл» болат өндірісі үшін энергияны сақтаудың жолы табылды
09.06.2026
Астана мен Сеул энергетикалық әріптестікті кеңейтуде
09.06.2026
Орталық Азия мен Әзірбайжаннан МАГАТЭ-ге 600-ден астам ЖЭК жобалары түсті
09.06.2026
Қазақстан мен Қытай Түркістан облысында ЖЭК мегажобасының құрылысына кірісті
09.06.2026
Нұрлан Қапенов: Huawei – Қазақстанда жасыл болашақ құрудағы стратегиялық серіктес
08.06.2026
Қазақстан қыркүйек айына гидроэнергетика бойынша жаңа аукциондар кестесін бекітті
08.06.2026
Nordex Германиядан 255 МВт-ға тапсырыс алды