Әлем жаңалықтары

Әлем жаңалықтары28.10.2026

Ғалымдар күн панельдерін Күнге қарай бұру қажеттілігін жоятын технология ұсынды

QAZAQ GREEN. Қытайлық зерттеушілер перовскитті күн элементінің жаңа құрылымын әзірледі. Компьютерлік модельдеу нәтижелері оның жарық сәулелері 0°-тан 50°-қа дейінгі бұрышпен түскенде де жарықтың 95%-дан астамын сіңіретінін көрсетті. Бұл технология Күннің қозғалысын қадағалайтын арнайы жүйелерсіз-ақ тұрақты электр энергиясын өндіруге мүмкіндік беруі мүмкін. Зерттеу нәтижелері Solar Energy ғылыми журналында жарияланды.

Перовскитті күн элементтері жоғары тиімділігі мен өндіріс құнының төмендігіне байланысты фотоэлектр энергетикасының келесі буынына жататын перспективалы технологиялардың бірі саналады. Зертханалық жағдайда олардың пайдалы әсер коэффициенті (ПӘК) 27%-дан асты. Алайда мұндай жоғары көрсеткіштерге күн сәулесі элементтің бетіне тік түскен кезде қол жеткізіледі. Ал нақты жағдайда күн сәулесінің түсу бұрышы тәулік бойы және жыл мезгіліне қарай өзгеріп отырады. Соның салдарынан кәдімгі жазық күн элементтерінде оптикалық шығындар артып, өндірілетін электр энергиясының қуаты құбылады.

Бұл мәселені күн панельдерін Күннің қозғалысына қарай бұрып отыратын қадағалау жүйелері арқылы шешуге болады. Дегенмен зерттеу авторлары мұндай жүйелерді қолдануға олардың қымбаттығы, механикалық құрылымының күрделілігі, тұрақты техникалық қызмет көрсетуді қажет етуі және сенімділігінің төмендігі кедергі келтіретінін атап өтті. Бұл шектеулер әсіресе ірі жобалар мен ғимараттарға кіріктірілген күн энергетикасы жүйелері үшін маңызды.

Зерттеушілер мәселені күн элементінің құрылымын өзгерту арқылы шешуді ұсынды. Олар беті ұшы жұмырланған конустармен бедерленген, «ядро — қабықша» үлгісіндегі жартылай сфералық құрылым әзірледі. Мұндай бет әртүрлі бұрышпен түсетін жарықты шашыратып, жарық белсенді қабатта Ми резонанстарының гибридті түрлерін қоздырады. Соның арқасында жарық элементтің ішіне біркелкі таралады. Ал жартылай сфералық пішін зарядтардың беттен ядроға қарай симметриялы тасымалдануын қамтамасыз етеді. Бұл зарядтарды жинап алуды жеңілдетіп, рекомбинация салдарынан болатын шығындарды азайтады.

Үш өлшемді модельдеу нәтижелері бойынша, жарық 0°-тан 50°-қа дейінгі бұрышпен түскенде де күн элементі кең толқын ұзындығы диапазонында жарықтың 95%-дан астамын сіңіреді. Қуат тығыздығының ең жоғары мәні 28,25 мВт/см²-ге жеткен, ал шығыс қуатының ауытқу көрсеткіші 0,02-ге дейін төмендеген.

Зерттеу авторларының пікірінше, бұл нәтижелер механикалық қадағалау жүйелерін қолданбай-ақ күн энергиясын тұрақты өндіруге жол ашады. Мұндай шешім күн энергетикасы жүйелерінің сенімділігін арттырып, шығындарын азайтуға мүмкіндік беруі мүмкін.

Зерттеу Қытайдың Табиғи ғылымдар ұлттық қоры мен Цзилинь провинциясының ғылым және технологияны дамыту бағдарламасының қолдауымен жүргізілді.

02.11.2026
Филиппиндегі ауруханалар мобильді күн жүйесі арқылы резервтік электр қуатымен қамтамасыз етіледі
02.11.2026
Қазақстан мен Sakigake Japan ЖЭК негізіндегі суық тізбек жүйесін енгізуді талқылады
02.11.2026
Жамбыл облысында ЖЭК нысандарының қуаты 2,5 ГВт-қа жетеді
30.10.2026
Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан Ыстанбұлда Қамбарата-1 СЭС жобасын талқылады
30.10.2026
Қазақстанда электр энергиясын өндірудегі ЖЭК үлесі 8,5%-ға жетті
29.10.2026
Қазақстанда ЖЭК саласындағы кәсіби стандарттар алғаш рет әзірленіп жатыр
29.10.2026
Күн панельдерінің астында өскен жүзім мол өнім берді, бірақ қант мөлшері азайды
28.10.2026
Қазақстан Президенті жаңартылатын энергетиканы энергия профицитіне қол жеткізудің бір бағыты деп атады
28.10.2026
ЕҚДБ Мысырдағы жаңартылатын энергия жобаларына $221 млн дейін инвестиция салады
28.10.2026
Ғалымдар күн панельдерін Күнге қарай бұру қажеттілігін жоятын технология ұсынды
28.10.2026
Ресейдің Сібір өңірінде электр энергиясының 56%-дан астамын су электр станциялары өндірді
28.10.2026
АҚШ-та шатырдағы күн панельдерінен өндірілетін электр энергиясы 10 жылда төрт есе өсті
27.10.2026
Qazaq Green мен Sarens Қазақстандағы ЖЭК жобалары бойынша өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қойды
27.10.2026
Нидерландтарда роторы көлбеу жұмыс істейтін қалқымалы жел турбинасы сынақтан өтуде
27.10.2026
Түркістан облысында қуаты 350 МВт-қа дейін кеңейтілетін ЖЭС салынады
27.10.2026
АҚШ-та ескі полигондардың орнына күн электр станциялары салынуда
26.10.2026
Panasonic күн энергиясын өндіретін әйнекті жаппай шығаруды 2029 жылы бастайды
26.10.2026
Гайана шалғайдағы үш ауылда күн электр станцияларын іске қосты
26.10.2026
Әзербайжан жаңартылатын энергия көздерін пайдалану арқылы 840 млн текше метр газ үнемдеді
23.10.2026
Astana ESG Forum 2026 5 қарашада елордада өтеді