Әлем жаңалықтары

Әлем жаңалықтары03.02.2023

Испандық Iberdrola Францияда қуаты 25 МВт болатын қалқымалы күн жобасын жасайды

QAZAQ GREEN. Испанияның Iberdrola жаңартылатын энергия тобы Францияның солтүстік-шығысында орналасқан Эльзас аймағында әзірленетін алғашқы қалқымалы күн энергетикасы жобасын алды, деп хабарлайды Offshore Energy.

Қалқымалы күн электр станциясын Iberdrola компаниясы ішінара Куртценхаус муниципалитетіне тиесілі Бишвиллер қиыршық тас карьері бассейнінде әзірлеп, салады және басқарады, ол жобаны 2022 жылдың маусымында жүзеге асыруға тендер жариялаған болатын.

Қазіргі уақытта қиыршық тас керьері аллювиалды шыққан құм мен аллювийлі қиыршық тасты өндірумен және сатумен айналысатын Eqiom Granulats компаниясы басқарады. Станцияны салу және пайдалану кезеңінде Iberdrola компаниясы осы қызмет түрлерінің болуын ескеретінін және олардың одан әрі жұмыс істеуін қамтамасыз ететінін айтты.

Қалқымалы күн электр станциясы учаскедегі 28 гектардың шамамен 13,5 гектарын алады.

2023 жылдың қаңтарынан бастап Iberdrola жоба мен учаске үшін ең қолайлы технологиялық шешімді анықтау және таңдау үшін экологиялық және техникалық зерттеулерді бастады. Компанияның мәліметінше, бұл зерттеулер 2024 жылдың басында аяқталады.

Құрылысқа рұқсат алуға өтініш 2024 жылдың көктемінде, ал пайдалануға 2026 жылдың жазының соңында беріледі деп күтілуде.

Пайдалану мерзімі - 30 жыл, ал станцияның белгіленген өндірістік қуаты 25 МВт*сағ. құрайды.

Ол жылына шамамен 27 ГВт/сағ таза электр энергиясын өндіре алады, ол Эльзастағы 10 000-ға жуық үй шаруашылықтарының жергілікті тұтыну үшін тарату желісіне жеткізіледі.

Куртценхаус қаласының мэрі Марк Мозер: «Бұл қалқымалы күн электр станциясын іске асыру біздің аймақ үшін нақты мүмкіндік болып табылады. Бұл «жасыл» энергетика жобасы аймақтың энергетикалық өзін-өзі қамтамасыз етуіне ықпал етеді және сонымен бірге электр энергиясы бағасының күрт өсуі жағдайында жаһандық жылынумен күреседі», - деді.

Станцияның пайдаланылу мерзімі аяқталғаннан кейін Iberdrola нысанды 100% бөлшектеуге және қалпына келтіруге жауапты болады.


01.04.2026
Абу-Даби вилла иелеріне күн энергиясын өндіруге және сақтауға рұқсат берді
01.04.2026
Euronews: еуропалықтар күн панельдері мен электромобильдерді жаппай сатып алуда
01.04.2026
Қырғызстан 2026 жылы ЖЭК өндірісін 1,5 млрд кВт/сағ дейін ұлғайтады
31.03.2026
БҰҰ Қазақстандағы Өңірлік экологиялық саммитті ұйымдастыруға белсенді қолдау көрсетуде
31.03.2026
ӨЭС-2026 аясында Халықаралық жасыл технологиялар көрмесі өтеді
31.03.2026
Испания мен Қытай Чили шөлінде күн аккумуляторлық алыбын салуда
31.03.2026
Литвада ЕҚДБ қолдауымен ірі BESS жобасы жүзеге асырылуда
31.03.2026
Күн көмірге қарағанда арзанырақ: неліктен энергия дағдарысы Азияның ЖЭК-ке ауысуын жеделдетуде
31.03.2026
Қытай корпорациясы Павлодар облысында 1 ГВт болатын мега-ЖЭС құрылысын бастады
30.03.2026
Германияда қуаты 68 МВт жел паркінің жаңа буыны іске қосылды
30.03.2026
IRENA: таза тамақ дайындауға көшу үшін жылына 8 миллиард доллар қажет
30.03.2026
АҚШ-тың ең ірі оффшорлық жел паркі желіге алғашқы киловатты берді
30.03.2026
Фиджи энергетикалық дағдарысқа байланысты ЖЭК-ке көшу жоспарын дайындауда
30.03.2026
Украинаның жасыл энергетикасы: Львов облысы 2026 жылы 300 МВт қуат қосады
28.03.2026
Қалмақияда 63 МВт күн станциясы іске қосылды
27.03.2026
Гарвардт әзірлемесі күн сәулесін жылу мен электр энергиясына түрлендіреді
27.03.2026
Испанияда «жасыл» сутегі өндіру үшін гибридті энергия сақтау жүйесі құрылды
27.03.2026
Бельгияда Еуропадағы ең ірі қалқымалы КЭС іске қосылды
26.03.2026
Әзірбайжанда энергияны сақтау орталығы ашылды
26.03.2026
Ғалымдар күн батареяларының тиімділігінің физикалық шегін еңсерді