Сарапшылардың пікірі

Сарапшылардың пікірі07.05.2022

Көміртегі несиелері - парниктік газдар шығарындыларымен күресудің бір құралы

Авторлары: Сәния Перзадаева, Динара Ысқақова

Климаттың өзгеру проблемасын шешу XXI ғасырдың басты міндеттерінің бірі болып табылады. Экономиканы көміртексізденіруге бағытындағы кең таралған үрдісті ескере отырып, парниктік газдар шығарындыларымен күресудің әр түрлі әдістері әзірленді. Осындай тәсілдердің бірі шығарындыларға квоталар саудасы сияқты нарықтық құралды енгізу болып табылады.

 Көміртегі немесе карбонды несиелер парниктік газдар шығарындыларына квоталар сауда жүйесінің бөлігі болып табылады, ол 2005 жылдан бастап өнеркәсіп пен энергетикалық компанияларға әсер етеді. Бұл тетік cap-and-trade («шектеу және сауда») жалпы қағидаты бойынша жұмыс істейді. Үкімет немесе халықаралық ұйым парниктік газдардың атмосфераға жол берілетін шығарындыларының жоғарғы шегін (шектеуді) өндірушілерге тегін немесе ақылы түрде берілетін квоталар түрінде белгілейді, ал компаниялар оларды пайдаланады және шығарындылар жол берілетін шектен аз жүзеге асырылған жағдайда өзінің артығын басқа компанияларға сата алады (сауда).

Көміртегі несиелері қоршаған ортаға шығарындылардың рұқсат етілген мөлшеріне квотаны білдіреді. Көміртегіі несиесі бір тонна көмірқышқыл газына тең. Әрбір мемлекетке атмосфераға газдар шығарындыларына белгілі бір квота беріледі, ол одан әрі мемлекет ішінде компаниялар арасында бөлінеді. Егер компания белгіленген шектен асып кетсе, онда ол айыппұл төлеуі немесе ашық нарықта көміртегі несиесін сатып алуы керек. Өз квотасын толық пайдаланбаған компания немесе ел көміртегі несиесін сата алады. Нәтижесінде сатып алушы компанияға айыппұл төлеудің қажеті жоқ, ал сатушы қоршаған ортаны көгалдандыруға өз үлесін қосады. Бұл ретте берілетін квоталарды біртіндеп азайту есебінен парниктік газдар шығарындыларының саны азаяды. Компаниялар технологияны тез өзгертуге және парниктік газдар шығарындыларын едәуір азайтуға мүмкіндігі болмаған жағдайда көміртегі несиелерін сатып алуға жүгінеді.

 Карбонды несиелерді имплементациялаудың халықаралық тәжірибесі

 Квоталық сауда жүйесін сәтті енгізген елдердің бірі - Қытай. 2021 жылы Қытайда көміртегі шығарындыларына квоталар саудасының ұлттық нарығы жұмыс істей бастады. Таңдалған жүйеге жылына 4 млрд тоннаға жуық көмірқышқыл газын шығаратын 2000-ға жуық компания қосылды, бұл осы нарықты әлемдегі ең ірі нарыққа айналдырады [1]. Бірінші жылға жүйемен қамтылған экономиканың пилоттық секторы оның көмір және жылу электр станциялары бар жылу энергетикасы болып табылады. Жүйе субъектілеріне парниктік газдар шығарындыларының жылдық көлемі 26 тонна болатын кәсіпорындар жатады. Осы көрсеткіш қатарынан екі жыл ішінде төмендеген жағдайда мұндай компаниялар субъектілер тізімінен шығарылады.

Квоталар саудасы жүйесінің жобаларын іске асырудың тағы бір мысалы Корея Республикасы болып табылады, онда парниктік газдардың шамамен 60%-ы ұсынылған тетікпен жабылады. Квоталар саудасы жүйесінің корейлік моделі осы тетікті тиімді және бірқалыпты енгізуге мүмкіндік берген үш кезеңге бөлінген. Бірінші кезеңде (2015-2017 жж.) екінші кезеңде (2018-2020 жж.) алдымен квоталардың 3%-ы сатылған аукциондар жүйесін және үшінші кезеңде (2021-2025 жж.) аукциондардан сатылатын квоталардың 10%-на дейін біртіндеп енгізе отырып, барлық рұқсаттар тегін берілді.

 Қазақстандағы көміртегі нарығы

 Париж келісімі шеңберінде Қазақстан өзінің ұлттық деңгейде айқындалатын үлесін ұсынды және 2030 жылға қарай парниктік газдар шығарындыларын 15%-ға қысқартуға міндеттенеді және шығарындыларға квоталар саудасы жүйесі осы мақсатқа қол жеткізуге ықпал ететін көміртексіздендіру тетіктерінің бірі болып табылады. Айта кету керек, 2013 жылы [3] Қазақстан Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азияның осындай жүйесі іске қосылған алғашқы елі болды [4].

 2021 жылғы 2 қаңтардағы Қазақстан Экологиялық кодексінің жаңа редакциясына сәйкес көміртегі бірлігі көміртегі диоксидінің бір тоннасына тең көміртегі квотасының немесе көміртегі офсетінің есептік бірлігі болып табылады және көміртегі нарығы субъектілері арасындағы айналым үшін рұқсат етілген тауар болып табылады [5].

Қазақстан Республикасындағы көміртегі бірліктерінің сауда жүйесі бастапқы және қайталама көміртегі нарықтарынан тұрады. Бастапқы нарықта көміртегі бірліктерін сату жүйесінің операторы Ұлттық квота жоспары резервінің тиісті санатынан көміртегі квотасының бірліктерін аукцион шарттарында сатуды жүзеге асырады. Қайталама көміртегі нарығында субъектілер бір-бірімен тікелей мәміле немесе тауар биржасы арқылы көміртегі бірліктерін сатып алу-сатуды жүзеге асырады [6].

 Қазақстандық квоталарды сату жүйесі мынадай схема бойынша жұмыс істейді: жылына 20 000 тоннадан астам [7] парниктік газдарды [8] өндіретін компаниялардың тізбесі бар, олар жыл сайын есеп беруге және шығарындылар деңгейін төмендетуге міндетті. А компаниясы мен Б компаниясы әрқайсысы 30 000 тонна СО2 өндіреді делік (бірлесіп 60 000 тонна СО2). Олардың бірлескен шығарындыларын 50 000 тонна СО2 дейін төмендету қажет. Квоталарды бөлу нәтижесінде әр компанияға 25 000 көміртегі бірлігі (25 000 тонна СО2) бөлінді. Алайда, іс жүзінде А компаниясы шығарындыларды азайта алмады және жылына 30 000 тонна СО2 өндіреді, ал Б компаниясы, өз кезегінде, тек 20 000 тонна СО2 өндірді. А компаниясы қосымша 5000 квотаны қажет ететіндіктен, ал Б компаниясында пайдаланылмаған квоталар болғандықтан, осы компаниялар арасында сауда жүреді. Осындай мәміле нәтижесінде А компаниясы іс жүзінде 30 000 тонна СО2 және Б компаниясы – 20 000 тонна СО2 шығара отырып, бірлесіп 50 000 тонна СО2 өндірді, бұл көмірқышқыл газының шығарындыларын 10 000 тоннаға азайту мақсатына қол жеткізуге мүмкіндік берді.

 Квота асып кеткен жағдайда квотаның әрбір бірлігі үшін белгіленген көлемнен жоғары айыппұл төлеу бойынша әкімшілік жауапкершілік туындайды [9]. Бұл айыппұлды болдырмау үшін квота субъектісі көміртегі несиесін өз көлемінен аспайтын басқа компаниядан сатып алады. Бұл ретте квоталанатын қондырғының қуатын азайту есебінен құрылған көміртегі квотасының бірліктері сатып алуға және сатуға жатпайды. Қуаттың төмендеуі деп өнімді алудың, өндірудің, қайта өңдеудің және (немесе) тасымалдаудың жылдық көлемінің төмендеуі түсініледі. Осылайша алынған көміртегі бірліктерін парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулері саласындағы мемлекеттік реттеу қағидаларында белгіленген тәртіппен көміртегі квоталарының Ұлттық жоспарының резервіне қайтару қажет. 2022-2025 жылдарға арналған Ұлттық жоспар [10] және парниктік Газдар шығарындылары мен сіңірулері саласындағы мемлекеттік реттеу қағидалары [11] әлі қабылданбағанын және қаралу сатысында екенін атап өткен жөн.

 Көміртегі квоталарының Ұлттық жоспары экономиканың реттелетін секторлары бойынша квоталау субъектілері арасында бөлуге жататын көміртегі квотасы бірліктерінің жалпы санын, сондай-ақ көміртегі квотасы бірліктері резервінің көлемін белгілейтін құжат болып табылады [12]. Парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі міндеттемелерді орындау үшін көміртегі квоталарының саны біртіндеп азаяды. 2022-2025 жылдарға арналған Ұлттық жоспардың жобасына сәйкес Қазақстанда көміртегі квоталарының көлемін 2022 жылғы 151 млн квотадан 2025 жылы 125 млн квотаға дейін төмендету жоспарланып отыр.

 Көміртегі квотасын бөлу

 Квоталау субъектілері арасында көміртегі квотасының бірліктерін бөлу оларды тегін бөлу және аукцион арқылы сату шарттарында көміртегі квоталарының Ұлттық жоспарында айқындалған көлемдер шегінде жүзеге асырылады. Көміртегі квотасының бірліктерін есепке алу үшін квоталау субъектісі қағидаларға сәйкес көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімінде шот ашады [13]. Көміртегі квотасының бірліктері Ұлттық жоспардың қолданылуы шегінде бір есепті кезеңнен екіншісіне ауысуы мүмкін.

 Қазақстандағы квоталар саудасы жүйесінің проблемалары

Қазақстандағы жүйе проблемаларының бірі көміртегі квотасының төмен құны болып табылады. Негізгі сауда-саттықтар өтетін «Каспий» тауар биржасы» АҚ электрондық алаңында жақында квоталармен сауда-саттық 2021 жылғы 11 тамызда өткізілді. Алаңның деректері бойынша соңғы сауда-саттықта бір квотаның құны 2021 жылдың мамырынан тамызына дейін 500 теңгені ($1,1) құрады [14]. Көміртегі квоталарының төмен бағасы өндірісті көміртексіздендіруді ынталандыруға кедергі келтіреді: компанияларға парниктік газдар шығарындыларын азайтудан гөрі көміртегі квоталарын сатып алу оңайырақ. Сарапшылардың пікірінше, экологиялық жобаларды іске асыру үшін қажетті квотаның ең төменгі құны 15 еуро ($17) деңгейінде болуы тиіс [15]. «Қазақстан Республикасының ұлттық деңгейде айқындалатын салымдарын бекіту туралы» ҚР Үкіметі қаулысының жобасына сәйкес көміртегі бірлігінің бағасы 2021 жылғы 1,1 АҚ долларынан 2026-2030 жылдары тоннасына 50,8 АҚШ долларына дейін өсуі тиіс [16]. Мұндай бағалар квоталардың сауда жүйесін артық квоталары бар компаниялар үшін тиімді етеді және квоталарды сатып алғысы келетіндер үшін шығарындыларды төмендетпеу тәжірибесін пайдасыз етеді.

 

Бұдан басқа, квоталар саудасы ашықтығының жетіспеушілігі байқалады. Атап айтқанда, «Каспий» тауар биржасының алаңында сауда операциялары мен бағалары көрсетіледі, бірақ сатып алушылар мен сатушылар туралы ешқандай ақпарат берілмейді [17].

Қорытынды

 Көміртегі бірліктерінің сауда жүйесі парниктік газдар шығарындыларымен күресте тиімді нарықтық құрал болып табылады және көміртексіздендірудің кезеңді процесін енгізуге мүмкіндік береді. Алайда, Қазақстандағы көміртегі нарығының шешуді талап ететін қазіргі проблемаларын атап өтпеуге болмайды. Осы проблемаларды шешу шығарындылар саудасының жоғары ұйымдастырылған жүйесін құруға мүмкіндік береді, ол Қазақстанның 2030 жылға қарай парниктік газдар шығарындыларын 15%-ға қысқарту жөніндегі өршіл міндеттемелеріне байланысты ерекше өзекті болып табылады.

 

 

10.05.2024
Магманың өзіне дейін бұрғылау: қауіпті жоспар геотермалдық энергияны аса маңызды сызықтарға шығарады
09.05.2024
Ember: ЖЭК 2023 жылы әлемдік электр генерациясының рекордтық 30%-ын қамтамасыз етті
09.05.2024
Жердің тереңінен шыққан энергия – Орталық Азия елдерінде геотермалдық энергияны пайдаланудың қандай пайдасы бар?
09.05.2024
Климаттың өзгеруіне қарсы күрестің тиімділігі бойынша елдер рейтингінде Қазақстан 67-ден 60-орынды ғана иеленді
06.05.2024
Англияда сусыз инновациялық гидроэнергетикалық қойма салынады
06.05.2024
Шымкенттің кәріз ағындарын қалай электр энергиясына түрлендіреді
06.05.2024
Eurostar 2030 жылға қарай барлық пойыздарды ЖЭК-ке ауыстыруға ниетті
06.05.2024
Ресейде нанотехнологиялардың көмегімен күн батареялары жетілдірілді
04.05.2024
Жел турбиналарының «әлемдегі алғашқы» ағаш қалақтары Германияда орнатылды
04.05.2024
АҚШ-та натрий-ионды аккумуляторлардың алғашқы сериялық өндірісі пайда болды
04.05.2024
Ташкент инвестициялық форумында Камбаратин ГЭС-1 құрылысының жобасы ұсынылды
03.05.2024
G7 елдері 2035 жылға қарай көмірден бас тарту туралы келісімге келді
03.05.2024
2032 жылға қарай Тәжікстан ЖЭК-ке толығымен көшуді жоспарлап отыр
03.05.2024
Африкада қалқымалы күн электр станциялары салынуда
02.05.2024
Оңтүстік кореялық компаниялар Астана, Алматы, Павлодар ЖЭО және Топар ГРЭС-ін жаңғыртуды жоспарлап отыр
02.05.2024
Көміртексіздендіру және тұрақты даму «Орталық Азия және Каспийдегі мұнай-газ химиясы және мұнай өңдеу» 11-ші конференциясының басты тақырыбына айналады
01.05.2024
Каспий теңізінің түбімен энергетикалық кабель тарту жобасы: Қазақстан, Әзірбайжан және Өзбекстан Энергетика министрлігінің басшылары меморандумға қол қойды
30.04.2024
Қытайда әлемдегі ең ірі толығымен электрлі контейнер тасушы кеме пайдалануға берілді
30.04.2024
Masdar Грузияда ірі күн электр станциясын салады
30.04.2024
Түркияда ЖЭК үлесі 50%-ға жақындады