Сала жаңалықтары

Сала жаңалықтары24.12.2023

Қазақстанда циркулярлы экономиканы дамытудағы стандарттардың рөлі мен маңыздылығы

Байзақова Альдина Құрманқызы, стандарттау және сертификаттау жөніндегі маман, «KazWaste» қазақстандық қалдықтарды басқару жөніндегі қауымдастығы

Лобунцова Юлия Николаевна, «Тұрақты дамуға жәрдемдесу» орталығының Қалдықтар және химиялық қауіпсіздік департаментінің директоры

 Талғат Шолпан Талғатқызы, PR маманы, «KazWaste» қазақстандық қалдықтарды басқару жөніндегі қауымдастығы

Қазіргі уақытта циркулярлы экономикаға көшу жаһандық тренд болып табылады және бұл ақиқат. Қалпына келтіретін және тұйық сипаттағы экономика болып табылатын циркулярлы экономика техникалық және биологиялық циклдердің айырмашылықтарын ескере отырып, өнімдердің, материалдар мен құрамдастардың пайдалылығы мен құндылығын үнемі сақтауға тырысады. Циркулярлы экономика, «take – make – waste» (жасау – пайдалану – кәдеге жарату) қағидатын көздейтін сызықтық экономикадан айырмашылығы, take – make – reuse (жасау – пайдалану – қайта пайдалану) қағидатына негізделген. Ол бастапқы шикізатты тұтынуды және қайта өңделетін ресурстардың көлемін азайтуға мүмкіндік береді, бұл көмуге жіберілетін қалдықтардың азаюымен бірге жүреді, сонымен өатар полигондар мен ұйымдастырылмаған үйінділердің ауданы қысқарады.

Циркулярлы экономиканы дамыту Қазақстан Республикасының маңызды міндеті болып табылады. Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдамада қалдықтарды қайта өңдеу үлесін ұлғайту, полигондар санын қысқарту және тұйық цикл экономикасын дамыту көзделеді. Бұған қоса, Қазақстан Республикасының көміртегі бейтараптығына қол жеткізуінің 2060 жылға дейінгі стратегиясы циркулярлы экономика қағидатына негізделеді және қалдықтардың түзілу көлемін қысқартуды, ҚТҚ жинау мен сұрыптаумен толық қамтуды жеделдетіп енгізуді және қайта өңделетін және қордаланатын қалдықтардың үлесін ұлғайтуды көздейді.

Циркулярлы экономиканы дамыту үшін әр түрлі елдер заңнамалық нормалар мен қағидалар белгілеуден, технологияларды енгізуден, бизнесті жүргізу тәсілдерін қаржыландырудан және өзгертуден бастап, қоғамның өз әдеттерін өзгертуге дайындығын қалыптастыруға дейін кешенді тәсілді белсенді қолданады.

Сызықтық экономикадан циркулярлық экономикаға көшу қалдықтарды басқарудан және ресурстарды қайта пайдаланудан бастап өнімдер мен технологияларға арналған стандарттарға дейінгі кең ауқымды қамтитын тиімді стандарттарсыз мүмкін емес.

Мұнда циркулярлы экономикадағы стандарттардың ресурстарды тиімді және тұрақты пайдалануды қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаруының бірнеше негізгі себептерін атап өтуге болады:

·       Процестерді біріздендіру. Бұл әр түрлі секторлар мен елдерде тұрақты тәжірибелерді енгізуді және қолдауды жеңілдетеді. Мысалы, егер қайталама шикізаттан өнім өндіру технологиялары басқа елде немесе ЕО аумағында енгізілген болса, онда шетелдік, қазірдің өзінде қолданылатын стандарттар негізінде ұлттық стандарттарды енгізген жөн.

·       Сапа мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Белгілі бір өлшемшарттар болған кезде, циркулярлы экономикада қолданылатын ресурстардың, материалдар мен өнімдердің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету әлдеқайда тиімді. Стандарттар дәл осы өлшемшарттарды анықтайды. Осыған байланысты циркулярлы экономика саласындағы стандарттарды әзірлеу арқылы тұйық цикл қағидаты бойынша өндірілген өнімнің сапасына қол жеткізуге болады. Бұл жағымсыз экологиялық және әлеуметтік салдардың алдын алуға ықпал етеді.

·       Үйлесімділік пен алмасуды жақсарту. Стандарттар әр түрлі ресурстарды басқару және қайта өңдеу жүйелері арасындағы үйлесімділікті қамтамасыз етеді. Бұл, өз кезегінде, әр түрлі кәсіпорындар мен салалар арасында материалдар мен құрамдастармен алмасуды жеңілдетеді. Яғни, егер қайталама шикізат стандарттардың талаптарына сәйкес келсе, онда осы шикізаттан жасалған өнімді өндіруші мұндай шикізатты өз өндірісінде сенімді түрде пайдаланады.

·       Тұтынушылардың сенімін қалыптастыру. Айқын және ашық стандарттар тұтынушыларға өнімнің сапасы мен тұрақтылығына сенімді болуға мүмкіндік береді. Өйткені, кез келген тұтынушы өзінің және жақындарының денсаулығы мен әл-ауқатына қамқорлық жасай отырып, белгіленген сападағы өнімдерді пайдалануды және тұтынуды жөн көреді.

·       Заңнаманың келісілушілігіне жәрдемдесу. Стандарттар циркулярлы экономика саласындағы тиісті заңдар мен нормативтерді әзірлеу үшін негіз бола алады, бұл талаптарды енгізу мен орындауды жеңілдетеді. Стандарттар, заңнамалық актілерден айырмашылығы, тезірек қабылданады және жылдамырақ жұмыс істейді. Бұл стандарттарда белгіленген талаптардың қолданылуын, олардың жұмысының қажеттілігі мен нәтижесін іс жүзінде көруге мүмкіндік береді. Егер стандарттарда белгіленген талаптар орындалса, экономиканың дамуына ықпал етеді және өнімдер мен қызметтердің сапасын арттырады, содан кейін оларды міндетті деңгейде сенімді түрде орнатуға болады.

Бүгінгі күні циркулярлы экономикаға бағдарланған бірқатар халықаралық және ұлттық стандарттар бар. Ең негізгісі Британдық стандарттар институты (BSI) әзірлеген BS 8001:2017 стандарты болып табылады. Ол ұйымдарда циркулярлы экономика қағидатын қолдану бойынша нұсқаулық түрінде келеді. Стандарт 2017 жылы жарық көрді және «BS 8001:2017 Framework for implementing the principles of the circular economy ingganizations - Guide» («Ұйымдарда циркулярлы экономика қағидаттарын енгізу жөніндегі нұсқаулық») деп аталады.

BS 8001 циркулярлы экономика тәжірибесін бизнес-процестерге енгізу үшін бірқатар негіздемелік қағидаттарды ұсынады. Бұл қағидаттар ұзақ мерзімді жоспарлауды, жеткізу тізбегіндегі ынтымақтастықты, тәуекелдер мен мүмкіндіктерді басқаруды және мониторинг пен өлшеуді қамтуы мүмкін. Стандарт процесс, өнім, сервистік инновациялар немесе жаңа бизнес үлгілері арқылы құндылық жасау үшін ұйымға циркулярлы экономика қағидаттарын қалай енгізу керектігін анықтайды (1-сурет).

    

BS 8001 сертификаттау стандарты емес, керісінше, ұйымдар өздерінің циркулярлы экономика стратегияларын әзірлеу үшін пайдалана алатын нұсқаулық болып табылады.

Қазіргі уақытта Қазақстанда қалдықтарды басқару саласында 88 стандарт қолданылады. Алайда, циркулярлы экономика саласында жекелеген стандарттар бекітілмеген.

Циркулярлы экономиканы дамыту мақсатында 2023 жылы ТК 122 «Циркулярлы экономика. Тұрақты өндіріс және тұтыну» стандарттау жөніндегі техникалық комитеті құрылды, оның базалық ұйымы KazWaste қауымдастығы болып табылады. Циркулярлы экономика саласындағы стандарттау жөніндегі техникалық комитеттің қазіргі әлемде өзектілігі зор. Ол циркулярлы экономикадағы өнімдер мен процестердің өмірлік циклін бағалау стандарттарын анықтауға көмектеседі, бұл әр түрлі тәсілдерді салыстыруға және олардың экологиялық әрі экономикалық пайдасын бағалауға мүмкіндік береді.

Жалпы, стандарттау жөніндегі техникалық комитет жалпы стандарттар мен реттеулерді анықтауды, ашықтық пен сенімділікті арттыруды, кедергілерді азайтуды және экономиканың әр түрлі секторларында циркулярлы тәсілдерді енгізуді жеделдетуді қамтамасыз ете отырып, циркулярлы экономиканы дамытуда маңызды рөл атқарады.

ТК 122 техникалық комитетінің жұмысы шеңберінде жоғарыда аталған BS 8001 британдық стандарты негізінде циркулярлы экономика қағидаттарын енгізу жөніндегі ұлттық стандартты әзірлеу және енгізу жоспарлануда. Осы стандартты бекіту қазақстандық кәсіпорындарға циркулярлы экономика қағидаттарын енгізу процестерін түсінуге және оны дамытуда алғашқы қадамдар жасауға көмектеседі.

ТК 122 стандарттау жөніндегі техникалық комитеті озық елдердің тәжірибесін талдау және осы саладағы шетелдік стандарттарды Қазақстанның ерекшеліктеріне бейімдеу жолымен, сондай-ақ жергілікті кәсіпорындардың практикалық тәжірибесін ескере отырып, жаңа стандарттарды әзірлеу жолымен циркулярлы экономика, тұрақты өндіріс және тұтыну қағидаттарын енгізу мәселелерін шешуге көмектесуді жоспарлап отыр.

Осылайша, осы тәсілді тиімді енгізу мен дамытуды қамтамасыз ететін циркулярлы экономикадағы стандарттаудың маңыздылығын түсіну циркулярлы экономиканың негіздерін қалыптастыру мен нығайтуда шешуші рөл атқарады. Циркулярлы экономика қағидаттарына негізделген стандарттарды әзірлеу және қабылдау өнім сапасын жақсартуға, қайта өңдеу процестерінің тиімділігін арттыруға және қалдықтарды басқаруға ықпал етеді. Қазақстанда циркулярлы экономика саласындағы стандарттауды дамыту Қазақстан Республикасының стратегиялық құжаттарына сәйкес болашақта ел экономикасының жылдам және жүйелі дамуына ықпал етеді.

*Дереккөз: Кристина Алленнің презентациясы – бағдарламаның жетекші жетекшісі, Тұрақты даму стандарттары. Британдық стандарттар институты.

13.05.2024
Қырғызстан ЖЭК дамытуға 80,2 млн доллар кредит алады
13.05.2024
Әлемдегі алғашқы жасанды энергетикалық аралдың құрылысы қарқынды жүріп жатыр
13.05.2024
Біз сусыз қаламыз ба? Неліктен Қырғызстанда да су тапшылығы пайда болды?
10.05.2024
Ауадан электр энергиясын өндіретін ақуыз талшықтары жасалды
10.05.2024
ЕО Қазақстанмен ЖЭК саласында ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі – елші
10.05.2024
Магманың өзіне дейін бұрғылау: қауіпті жоспар геотермалдық энергияны аса маңызды сызықтарға шығарады
09.05.2024
Ember: ЖЭК 2023 жылы әлемдік электр генерациясының рекордтық 30%-ын қамтамасыз етті
09.05.2024
Жердің тереңінен шыққан энергия – Орталық Азия елдерінде геотермалдық энергияны пайдаланудың қандай пайдасы бар?
09.05.2024
Климаттың өзгеруіне қарсы күрестің тиімділігі бойынша елдер рейтингінде Қазақстан 67-ден 60-орынды ғана иеленді
06.05.2024
Англияда сусыз инновациялық гидроэнергетикалық қойма салынады
06.05.2024
Шымкенттің кәріз ағындарын қалай электр энергиясына түрлендіреді
06.05.2024
Eurostar 2030 жылға қарай барлық пойыздарды ЖЭК-ке ауыстыруға ниетті
06.05.2024
Ресейде нанотехнологиялардың көмегімен күн батареялары жетілдірілді
04.05.2024
Жел турбиналарының «әлемдегі алғашқы» ағаш қалақтары Германияда орнатылды
04.05.2024
АҚШ-та натрий-ионды аккумуляторлардың алғашқы сериялық өндірісі пайда болды
04.05.2024
Ташкент инвестициялық форумында Камбаратин ГЭС-1 құрылысының жобасы ұсынылды
03.05.2024
G7 елдері 2035 жылға қарай көмірден бас тарту туралы келісімге келді
03.05.2024
2032 жылға қарай Тәжікстан ЖЭК-ке толығымен көшуді жоспарлап отыр
03.05.2024
Африкада қалқымалы күн электр станциялары салынуда
02.05.2024
Оңтүстік кореялық компаниялар Астана, Алматы, Павлодар ЖЭО және Топар ГРЭС-ін жаңғыртуды жоспарлап отыр