Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары28.09.2022

Қазақстан көмір станцияларын газға көшіру мен сутегі энергетикасын дамытуға мүдделі – премьер

QAZAQ GREEN.  ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов Дүниежүзілік мұнай кеңесінің президенті Педро Мираспен кездесіп, Қазақстанның жаһандық энергетикалық қауымдастықпен ынтымақтастығын нығайту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды премьердің баспасөз қызметі.

Әлихан Смайылов әлемдік салалық қоғамдастықтың сенімді және жауапты мүшесі ретінде Қазақстанның позициясын нығайту үшін Үкімет барлық қажетті шараларды қабылдап жатқанын атап өтті.

Мәселен, еліміз климаттың өзгеруі жөніндегі Париж келісімін ратификациялады және 2030 жылға қарай парниктік газдар шығарындыларын 15%-ға қысқарту бойынша міндеттемелерді мойнына алды, сондай-ақ қазіргі уақытта 2060 жылға дейін көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясын әзірлеп жатыр.

«Қазақстан көмір станцияларын газға көшіру, мұнай-газ химиясы мен сутегі энергетикасын дамыту бойынша ынтымақтастыққа мүдделі. Осыған байланысты біз Дүниежүзілік мұнай кеңесінің сараптамалық бағалауын қарастыруға әрқашан дайынбыз», — деді премьер-министр. 

Сонымен қатар Үкімет басшысы 2022 жылғы 29 қыркүйек пен 2 қазан аралығында Алматыда ДМК VII жастар форумын өткізудің маңызын атап өтті, онда жаһандық энергетикаға көшу, декарбонизациялау және төмен көміртекті даму мәселелері қаралады. Әлемнің 29 елінен 700-ден астам делегат қатысады.

Өз кезегінде Педро Мирас Қазақстан Үкіметіне аталған іс-шараны өткізуге және жалпы өңірдегі ұйымның жұмысына қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты.

«Бізде көптеген қызықты жобалар жүзеге асырылып жатыр. Атап айтқанда, біз жас мамандарға бүкіл әлемдегі болашақ әріптестерімен салалық байланыс орнатуға көмектесу үшін университеттермен жұмыс істейміз», — деді Педро Мирас.

Дүниежүзілік мұнай кеңесі – БҰҰ жанында аккредиттелген коммерциялық емес ұйым, оның мақсаты – мұнай және газ өнеркәсібінің негізгі мәселелерін талқылау үшін жағдай жасау. Ұйымға 59 ел мүше, олардың үлесіне әлемдік мұнай мен газды өндіру және тұтынудың 95%-дан астамы тиесілі. Қазақстан 2008 жылы ДМК-ның толық құқықты мүшесі болды.

 

02.05.2024
Оңтүстік кореялық компаниялар Астана, Алматы, Павлодар ЖЭО және Топар ГРЭС-ін жаңғыртуды жоспарлап отыр
02.05.2024
Көміртексіздендіру және тұрақты даму «Орталық Азия және Каспийдегі мұнай-газ химиясы және мұнай өңдеу» 11-ші конференциясының басты тақырыбына айналады
01.05.2024
Каспий теңізінің түбімен энергетикалық кабель тарту жобасы: Қазақстан, Әзірбайжан және Өзбекстан Энергетика министрлігінің басшылары меморандумға қол қойды
30.04.2024
Қытайда әлемдегі ең ірі толығымен электрлі контейнер тасушы кеме пайдалануға берілді
30.04.2024
Masdar Грузияда ірі күн электр станциясын салады
30.04.2024
Түркияда ЖЭК үлесі 50%-ға жақындады
29.04.2024
Acwa Power Қазақстанның Каспий маңы аймағында ЖЭК жобасын құрмақ
29.04.2024
Баварияда тік қалқымалы фотоэлектрлік жүйе құрылады
29.04.2024
Латвияда ең ауқымды күн электр станциясы 2 мамырда ашылады
29.04.2024
2024 жылы Жетісуда жаңартылған энергия көздері бағытында 4 жоба іске қосылады
26.04.2024
ЕАЭО-ның энергетикалық перспективалары көміртексіздендіруге ауысуды және климаттық күн тәртібінің басымдығын ескеруі тиіс
26.04.2024
SNSF: Швейцариядан тік жел турбиналары электр энергиясын көбірек өндіруге қабілетті
26.04.2024
ХЭА энергия ауысуын жеделдету үшін аккумуляторлардың арзандауына үміттенеді
26.04.2024
Грузияда қалқымалы күн электр станциясы ашылды
25.04.2024
Латвияда үлгілік емес жылыту шешімі бар үйлер пайдалануға берілді
25.04.2024
Ғалымдар қайта өңделетін материалдардан қалақтарды 3D басып шығаруды әзірлеуде
25.04.2024
Қытайда теңіз КЭС құрылысына рұқсат етілген теңіз аймақтары анықталды
24.04.2024
1 миллионға жуық американдық отбасы күн батареясынан қуат алады
24.04.2024
Мәжіліс жаңартылатын энергия көздеріне қатысты заңды қабылдады
23.04.2024
Вильнюс қаласында Литвада өндірілген алғашқы күн батареясы ұсынылды