Сұхбат

Cұхбат01.04.2021

Петер Хефеле:100 жылда біз нөлдік көміртегі шығаратын қоғам

Петер Хефеле:100 жылда біз нөлдік көміртегі шығаратын қоғам


Германия Федеративтік Республикасы «жасыл энергетиканы» пайдалану және енгізу бойынша әлемде жетекші орынға ие. Конрад Аденауэр атындағы Қордың Азия және Тынық мұхиты аймағы Департаментінің басшысы, Доктор Петер Хефеле мұны қандай ресурстар есебінен жасауға болатындығы және елімізде әрі әлемде ЖЭК нарығының Даму перспективалары туралы әңгімелейді.

- Хефеле мырза, бүгінде Германия жаңартылатын энергия көздерін енгізу бойынша жетекші елдердің бірі болып табылады. 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында Германияда жаңартылатын энергия көздері есебінен электр энергиясын өндіру 56%- дан астамды құрады. Германияда жаңартылатын энергия көздерін дамыту бойынша қандай процестер мен трендтер жүріп жатыр?

- Прогресс, шын мәнінде, энергия өндіру қуаты, негізінен, жел және күн тұрғысынан әсерлі болды. Дегенмен, соңғы екі-үш жылда біз басымдықтардың өзгеруін байқадық. «Energiewende» (энергетикалықауысу) енді қуаттылықты арттырумен ғана шектелмейді. Ол сектораралық тәсілді, бөлу мен тұтынуды цифрландыруды («ақылды шешімдер») және еуропалық ортақ нарық шеңберінде трансшекаралық үйлестіруді талап етеді. Энергия өндірісі саласында біз дамудың екі түрлі жолын көреміз: масштабтау, мысалы, одан да үлкен оффшорлық жел электр станциялары және коммуналар мен үй шаруашылықтары деңгейіндегі шағын таратылған зияткерлік жүйелер. Ақылды біріктірілген электр жүйелері мен энергияны сақтау шешімдері маңызды болып табылады.

ЖЭК жаһандық энергетикалық саясаттың негізгі факторына айналғандықтан, Германия өзінің сыртқы қатынастарын қайта қарап, жаппай іркілістер мен көміртексіздендірудің ықпалымен қалыптасатын жаңа геосаяси дәуірдегі энергияны қайта бөлуді назарға алуы тиіс.

- ЖЭК дамуы аясында қарапайым азаматтар мен үй шаруашылықтарының ЖЭК пайдалануы маңызды мәселе болып табылады. Германия - бұл салада да көшбасшы. Халық арасында ЖЭК шағын көлемді жобаларын дамытудың кепілі не болды: мемлекеттік қолдау, электр энергиясына жоғары тарифтер немесе жалпы «жасыл» тренд пе?

- I960 жылдардан бастап Германияда күшті экологиялық қозғалыс болды. Экологиялық проблемалар туралы қоғамның хабардарлығы жоғары және климаттыңөзгеруі жағдайында одан да маңызды бола бастады. Барлық дерлік саяси партиялар бірауыздан энергияны (және басқа да табиғи ресурстарды) өндіру мен тұтынуды шұғыл көміртексіздендіру үшін балама жоқтығын мойындады. Осы уақытқа дейін адамдар трансформациямен байланысты және қазіргі уақытта жылына 30 миллиард еуроға дейін болатын қаржылық ауыртпалықты қабыл- дауға дайын. Қондырғылар  көлемін жылдам ұлғайту және ЖЭК-ті қолданыстағы біріктірілген энергия жүйесіне интеграциялауүшін субсидиялар мен әкімшілік шаралардың тұтас кешені бар. Бірақ бұл стратегияның құны жоғары болғандықтан, нарықтық құралдардың көп санын енгізу үшін және аз шығынмен реформалар жүргізуге тура келді. Басқа елдер бұл саяси көзқарасты мұқият қадағалап отырды, бірақ міндетті түрде дәл осы жолмен жүрмейді.

- Жақында Германияда 2035-2038 жылдары Германия көмірмен электр энергия- сын өндіруден толығымен бас тартатыны жарияланды. Бұған дейін Германия атом энергетикасынан бас тартқан болатын. Іс жүзінде бұл энергетиканы «көгалдандыру» жағына энергетикалық көшу бойынша жаһандық күн тәртібін қалып- тастырды. Мұндай революциялық шешімдердің негізгі себептері қандай? 2050 жылы Сіздің еліңізде және жаһандық деңгейде энергетикалық болашақты қалай көресіз?

- Сыртқы көзқарас тұрғысынан алғанда, «Energiewende» (энергетикалықауысу) деп аталатын кезеңде жасалған қадамдар өте революциялық болып көрінеді. Бірақ іс жүзінде олар біздің энергетикалық жүйеміздіңұзақ ауысуына сәйкес келеді. 1970 жылдардың соңынан бастап Германияэнергия тиімділігін арттыру және жаңартылатын электр станцияларын орнатуды қолдауүшін көптеген шаралар қабылдады. Трансформация соңғы онжылдықта атом электр станцияларын біртіндеп пайдаланудан шығаруға байланысты жеделдеді, олар алдағы жылдары жұмысын тоқтатады және «Фукусима-2011» атом электр станциясындағы апатқа жауап әрекет ретінде қарастырылуы мүмкін.
2030 жылы көмірқышқыл газы шығарындыларын 65 пайызға азайтудың өршіл мақсаттары аясында бұл мақсатқа тек көмірэлектр станцияларын жабуарқылы қол жеткізуге болатындығы белгілі болды. Атом энергиясы мен көмірден осы екі еселік бас тартумен біз бүкіл энергетикалық жүйемізді қайта қалыптастыруға тиіспіз. Әрине, тұрақты және қолжетімді энергияны қалай қамтамасыз ету керек; жалпы еуропалық энергетикалық нарық аясында осы шешімді қалай келісу керек; осы серпінді даму процестеріне көлік немесе өнеркәсіптік өндіріс сияқты басқа секторларды қалай біріктіруге болады деген тәрізді көптеген сұрақтар қалады. Ерте ме, кеш пе, барлық елдер бірдей проблемаларға тап болады, ал Германия бұл мәселеде әлемдік ізашарға айналады.

- Бүгінде энергетикалық қоғамдастықта «таза көмір» технологиясын дамыту, көміртекті ұстау технологиясын енгізу және дәстүрлі станцияларда қуатты сүзгілерді орнату қажет деген пікірді жиі естуге болады. Тұрақты экономиканы дамытудың осы бағыты «жасыл» энергетиканың дамуымен қаншалықты бәсекелесе алады?

- Тұрақты дамутұжырымдамасы жаңартылатын энергия көздерін пайдаланудан гөрі кеңірек. Ол БҰҰ-ның тұрақты даму мақсаттары - ТДМ-да көзделгендей, айналмалы экономика немесе тіпті, әлеуметтік теңгерімді даму сияқты басқа да аспектілерді қамтиды. Трансформацияның кез келген саясаты, кем дегенде, қысқа мерзімде - жеңімпаздар мен жеңілгендерді көрсетеді. Қазақстан сияқты отын экономикалары мұндай тәуекелдерге әсіресе бейім. Көпшілік осы жүзжылдықтың ішінде біз көміртектің нөлдік шығарындысына қол жеткізген қоғам болуымыз керек деген пікірге келді. Бірақ «таза көмір»туралы аралық қадам ретінде талқылау жолдар мен құралдардың қатты дауланатынын көрсетеді. Кейбіреулер көмір шешімдеріне салынған кез келген инвестиция трансформация процесін ұзартады және бұдан былай ресурстар толығымен ЖЭК-ке ауыстырылуы керек деп мәлімдейді. Басқалары экологиялық және әлеуметтік себептерге байланысты көмір әлі де негізгі энергия көзі болып қала беретінін және көмірді өндіру мен пайдалануды жақсарту шығарындыларды азайтуға және экологиялық стандарттарды жақсартуға бірдей ықпал ететіндігін көрсетеді. Меніңойымша, Қазақстан екі бағытты іске асыруы: өзінің орасан зор ЖЭК көздерін пайдалануы және тиімділікті арттыру есебінен қазбалы энергияны пайдалану процесін жақсартуы тиіс.

- Сұхбатыңыз үшін рахмет!


16.05.2025
«Жасыл» энергетика: Алматы облысы инвестиция мен даму қарқыны бойынша алда келеді
15.05.2025
Премьер Қостанай облысындағы «жасыл» энергетиканың дамыту жоспарымен танысты
15.05.2025
Қытайдағы бүкіл тау тізбегі күн панелімен жабылған
15.05.2025
Өзбекстан 2025 жылы 3,5 ГВт жаңартылатын энергия мен 1,8 ГВт энергия сақтау жүйесін іске қосады
14.05.2025
Жапония ғарыштан күн энергиясын беруді сынады
14.05.2025
Жасыл таксономия Қырғызстанда бекітілді
14.05.2025
Polar Night Финляндияда екінші «құм» энергия сақтау қоймасын салады
13.05.2025
Masdar мен «Самұрық-Қазына» Қазақстанда ЖЭК бойынша ірі жобаларды іске асыру туралы келісті
13.05.2025
«Жасыл» технологияларға инвестициялар тарту AIF форумы тақырыптарының бірі болмақ
13.05.2025
ЖЭК саласындағы мамандар Астанада МЖӘ бойынша оқытудан өтті
13.05.2025
Әзірбайжанда ЖЭК жобаларына ең аз инвестиция көлемі анықталды
12.05.2025
ЕҚДБ Египеттегі күн панельдері мен батареялар өндірісіне инвестиция салады
12.05.2025
Қазақстанның өнеркәсіптік өңірлері жасыл энергетикаға көшудің бір бөлігіне айналуы тиіс
12.05.2025
Сахара шаңы Еуропаның күн энергиясына кедергі келтіреді: жаңа зерттеу
08.05.2025
Қостанай облысында 2026 жылға дейін алты жаңартылатын энергия жобасы іске асырылады
08.05.2025
Швед компаниялары Қазақстанда локализация мен тұрақты жобаларға қызығушылық танытуда
06.05.2025
Қытай компаниялары Өзбекстанда 500 МВт күн электр станциясын салады
05.05.2025
Өлшемі маркамен бірдей жасанды жапырақ көмірқышқыл газын отынға айналдырады
05.05.2025
Тасманияда әлемдегі ең ірі электр кемесі іске қосылды
05.05.2025
Түрікменстан көмірсутектерді игеру бойынша экологиялық конференция өткізеді