Сұхбат

Cұхбат16.09.2021

Кристоф Шляйссинг: Қалдықтарды қайта өңдеу және экологиялық таза тәсіл өмір салты болуы керек

Кристоф Шляйссинг: Қалдықтарды қайта өңдеу және экологиялық таза тәсіл өмір салты болуы керек

Экотуризм – бұл таза табиғатқа, ұлттық саябақтарға, табиғи қорықтарға баруға бағытталған туризмнің бір түрі. Экологиялық туризмді дамытудағы негізгі қағидаттар: қоршаған ортаға теріс әседі болдырмау, туристердің көркем жерлерде болуына «ұйымдастырылған» көзқарасты дамыту, елдің табиғаты мен мәдениетін зерттеу және жас ұрпақты тәрбиелеу.

Rixos Borovoe қонақ үйі Бурабай ұлттық паркіндегі экологиялық туризм мақсаттарына қол жеткізуде көшбасшылардың және жақтаушылардың бірі болып табылады. Rixos Borovoe қонақ үйінің бас директоры Кристоф Шляйссинг мырза QazaqGreen журналына экотренд туралы көзқарасы және өңірдегі туризмнің дамуы туралы әңгімеледі.

 - Пандемия мен карантиндік шаралар Қазақстандағы туризмге қалай әсер етті? Біз қазір пандемиядан шыға бастаған кезде, салада қандай да бір өзгерістер бар ма? Туристердің қалауы өзгерді ме?

- Экология мен туризм туралы және біздің компанияның осы бағытты дамыту үшін үлесі туралы қарапайым пікіріммен бөлісуге мүмкіндік бергеніңіз үшін рахмет. Қалдықтарды қайта өңдеу және табиғатқа қамқорлық жасау – біздің міндетіміз екенін және біз тек бизнеспен айналысып қоймай, сондай-ақ тұрақты бизнесті қамтамасыз етуіміз керектігін атап өткім келеді.

Пандемия сабақтары қандай? Менің ойымша, ең бастысы, ол бізге уақыттың қаншалықты маңызды екенін көрсетті. Көріп отырғаныңыздай, біздің өміріміз бір күнде тоқтады.

Rixos Borovoe қонақ үйіне келетін болсақ, пандемия біздің қонақ үйге теріс әсер етпегенін растай аламын. Бұған – сандар мен қаржылық көрсеткіштер дәлел. Шын мәнінде, 2019 жыл осы қонақ үй тарихындағы ең жақсы жыл болды. Ал 2020 жылы пандемия кезінде біз бұл нәтижені екі еселедік. Ағымдағы жылы өткен жылғы нәтижені екі есеге арттыруды жоспарлап отырмыз. Өйткені біз белгілі бір нарықтық жағдайларға бейімделеміз. Саяхатшылардың қалауы, өзіңіз білетіндей, соңғы он жыл ішінде көп өзгерді.

Менің ойымша, қазір пандемия «сән-салтанат» және «бес жұлдыз» сияқты сөздер жаңа мағынаға ие болғанын көрсетті. Мысалы, екі жыл бұрын «сән-салтанат» сөзі сарай қызметшісін, терезеден тамаша көріністі, таңғажайып жаңа әсерлерді және т.б. білдірді. Ал бүгінде бұл ұғым денсаулық, қауіпсіздік, қауіпсіздік техникасының түрлі ережелерін қамтиды. Клиентіміздің бүгінгі ойы: мен өзімді қауіпсіз сезінемін бе, айналада жеткілікті орын бар ма, әлеуметтік қашықтықты сақтай аламын ба? Аумақтың зарарсыздандырылғанына көз жеткізу үшін қонақ үй не істейді және біз оған қалай бейімделеміз? Менің ойымша, біздің клиенттерімізді бірінші кезекте дәл осы сұрақтар толғандырады.

Жалпы, біздің әлем цифрлық сипатқа ие болған тәрізді, біз «жанды» кездесулерден, конференциялардан, дөңгелек үстелдерден және т.б. бас тарта бастадық. Қазір адамдар бұл шараларды телефон арқылы жасайды, сондықтан бұл іссапарларға үлкен әсер етеді.

Мен бұл ұзаққа созылады дегенге сенбеймін, өйткені адамдар бір-бірін көруі, кездесуі керек. Менің ойымша, кездесулер аз, бірақ құнды бола түседі. Осылайша, жиналыстар қатысушылардың аз саны арасында өткізілуі мүмкін. Жеке тәсіл бірінші орынға шығады. Екінші жағынан, бұл пандемия бәрін негізге қайтарды деп ойлаймын. Адамдар өмірдің мәні, өмірдегі мақсаты, жақындарымен өткізген уақыттың сапасы, табиғатпен байланысы туралы ойлана бастады. Адамдар ақыры жер бетінде қонақ екенін және олардың уақыты санаулы екенін түсінді деген сезім бар. Олар өздері үшін не түсінетіні толығымен өздеріне байланысты. Бұл түсінік адамдардың әлемге және табиғатқа деген құрметін қалыптастырады. Табиғатты сақтауға деген ұмтылыс бұрынғыдан арта түсті.

 - Бүгінде экологиялық туризм – үлкен әлемдік тренд. Бұл пандемиядан кейінгі кезеңде ерекше маңызды болды: ұзақ шектеулерден кейін жеңілдіктер қабылдануда және адамдар табиғатпен қайта қосылуға ұмтылуда. Сіздің қонақ үйіңіз және «Бурабай» ұлттық паркінің мысалында экологиялық туризмнің қазіргі жағдайына тоқтала кетесңіз.

- Менің ойымша, экотуризмге бейімділік – бұл соңғы он жыл ішінде шынымен дамып келе жатқан үрдіс. Енді біздің кәсіби әлемде жаңа ұғымдар пайда болды, мысалы, «глэмпинг», бұл «сәнді кемпинг» дегенді білдіреді – қолайлы кемпинг стилі. Бұл тұжырымдаманы жоғары сапалы өмір сүру жағдайын іздейтін және сонымен бірге шындықтан алшақта болуды қалайтын туристер ұстанады.

Қазақстан, менің көзқарасымша, экотуризмнің дамуын алдын ала айқындайды. Түсінесіз бе, бұл ел табиғаты тамаша көрнекі орындарға бай. Алайда, туристердің табиғатқа жауапсыздығы маңызды мәселе болып табылады, олар кейіннен оны бұзады. Неліктен экотуризмнің танымалдығы артып келеді? Менің ойымша, қазір адамдар шынымен түсінді: табиғатты сақтау үшін амал қолдануымыз керек.

Көптеген адамдар саяхаттайды, әр түрлі елдерге барады. Бірақ Сіз әрқашан белгілі бір мақсатпен саяхаттауыңыз керек екенін білесіз бе? Менің айтайын дегенім, мақсат – екі апта бойы жайлы қонақ үйде отырып, содан кейін: «О, мен осындай елде болдым. Мен Африканы көрдім» деп тамсану емес. Сондықтан, менің ойымша, халықаралық туристер бүгінде өз қалауында даралықты сақтау мүмкіндігімен халықаралық стандарттың қауіпсіздігін қалайды. Әрине, әр елді шынымен зерттеу мүмкіндігімен. Көптеген туристер жергілікті суретшілердің көрмелеріне, өндіріске, жергілікті рәсімдерге, қолөнершілер мен шеберлердің жұмысына қатысқысы келеді.

Мен жаһандық ойыншы болғаныма қарамастан, әрқашан жергілікті тұрғындардың өзіндік ерекшелігіне бас иемін. Менің ойымша, біз жергілікті болуымыз керек, біз жұмыс істейтін елге қолдау көрсетуіміз керек. Білесіз бе, мысалы, біздің мейрамханаларда ұсынылатын балықтардың барлығы дерлік жергілікті көлдерде ауланған. Біздің дәмді негізгі ет тағамдарымыз жергілікті тұрғындар жеткізетін еттен жасалады. Бұл табиғатқа әсерді азайтады және қонақтарымыздың жергілікті тағамдардың ерекшелігін сезіну ниетіне сәйкес келеді. Адамдар жергілікті құбылысқа жақын болғысы келеді. Біз жергілікті жерге жақындаймыз деген кезде, бұл біздің қоршаған ортаға жақындайтынымызды білдіреді.

Мысалы, біздің қонақ үйде, бүкіл округтегі сияқты, қоқыс шығару проблемасы болды. Бір жыл бұрын біз барлық қоқыстарымызды алып кетуі үшін қоқыс тасушыға ай сайын үлкен ақша төледік. Біз үшін бұл ыңғайлы болмады, өйткені жинау біздің қажеттіліктеріміз үшін тұрақты болмады және біз қол жеткізгіміз келген нәрсеге сәйкес келмеді. Біз қоқысымыздың қайта өңделгенін қаладық, сол арқылы болашаққа оң әсерге ұмтылдық. Осыдан кейін біз Көкшетаудан қоқыс өңдеумен айналысатын компания таптық. Олар әйнек, пластик, қағаз, металды бөліп, қоқысты ажыратады және кейіннен осы шикізатты сатады. Қалған органикалық қоқысты өртейді. Қазір олар күлге назар аударды және оны тыңайтқыш ретінде пайдалануға сертификат алу үшін жұмыс істеуде. Бүгінгі таңда қоқыс жинау күн сайын әрі кідіріссіз жүзеге асырылады және ең бастысы – бұл жаңа компания жергілікті уәкілетті органдармен келісімшартқа қол қойып, аймақтағы қоқыс шығару мәселесін шешті.

Егер біз тек сандарға қарайтын болсақ, онда біз бәріміз жеңімпаздардың жағында боламыз. Ақырында, біз үшін қоқыс шығару экономикалық тұрғыдан бейтарап болды, ал қалдықтарды қайта өңдеу бойынша компания әлдеқайда жоғары өнімділікпен жұмыс істейді. Бұл –- жоғары мақсатқа қызмет ете отырып, ақша үнемдеудің ақылға қонымды тәсілі. Кез келген бизнес қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауы мүмкін, егер бұған ниет болса.

Бүгінгі таңда әрбір халықаралық компанияның корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігі бар, өйткені олардың негізгі көзқарастарының бірі ДНҚ-да жазылған, ал экологиялық, тұрақтылық – ең маңыздыларының бірі. Біз ACCOR тобының бөлігі болғандықтан, «Планета 21» деп аталатын бастаманы мүмкіндігінше ұстанамыз. Компанияның CO2 шығарындыларын түбегейлі азайтуға және пластикті қолдануды қысқартуға деген бейілділігі. Бүгінгі таңда қонақ үйде қолданылатын түтікшелер қағаздан жасалған. Жүргізетін жұмыс әлі көп және біз пластиксіз қауіпсіз жұмыс істеуге ұмтылуды жалғастырамыз.

Менің ойымша, біз жергілікті экономика үшін үлкен мүмкіндіктерді жіберіп отырмыз. Өңдеуші кәсіпорындарды дамыту және тұрақты экономика жаңа жұмыс орындарын құруға, жаңа өндірістік кәсіпорындар құруға, «Қазақстанда жасалған» брендімен өз өнімдерін әзірлеуге көмектесе алады. Мысалы, бүгінде барлық сән брендтері киімдеріне қайта өңделген талшықты пайдаланады, көптеген елдер үйлер, жолдар салу үшін қайта өңделген өнімдерді пайдаланады. Олардан үйренуге болатын мысалдар көп. Мұның себебі – елдерде қалдықтарды жоюдың ұлттық стратегиялары бар және оларды күн сайын жергілікті экономика үшін жүзеге асырады. Бұл Қазақстанда да орын алуы тиіс.

 - Туризмге өркениетсіз көзқарас қоршаған ортаға зиянды әсер етеді. Экотуризмнің дамуы, әрине, ұйымдастырылған туризмге инвестицияны қажет етеді. Бұл – автотұрақтар, кемпингтер, инфрақұрылым нысандары және т.б. Өзіңіздің халықаралық тәжірибеңізбен бөлісе кетсеңіз: мысалы, Бурабайда туристер тарапынан табиғатқа зиянды әсер етпеу үшін не істеу керек?

 

- Қазір көріп отырғанымыз болашақта жалғасуы мүмкін емес. Демалыс, мереке және жаз айларында ұлттық парк адамдарға, машиналарға толып, ешкім бақыламайды немесе шектеулер қоймайды. Ертеңіне бұл ұйымдастырылмаған туризмнің өте зиянды әсерін көруге болады. Әр жерде шашылған қоқыс, бүлінген табиғат. Оны қолдау үшін қажетті инфрақұрылымы бар ауданды дамытудың нақты жоспары қажет. Басқа елдерде біз қорғалатын аумақтардан көптеген көліктерді алып тастау үшін тұрақ пен көлік шешімдерін ұсынамыз. Келушілер осы қажетті құрылыстарды салу үшін пайдаланылатын экологиялық салық төлеуі керек. Заңнама дүкендерде және кәдесый аймақтарында пластикалық пакеттерді пайдалануға тыйым салуы керек. Саябаққа барғаннан кейін туристер барлық қоқыстарын алып кетуі үшін экологиялық полицияны енгізуге болады. Кәсіби гидтер Канададағы өз табиғи ресурстарын қорғайтын рейнджерлер тәрізді болуы тиіс. Әлемдегі көптеген елдердегідей, жаңа ғимараттарды 100% экологиялық таза деп белгілейтін экологиялық және тұрақты құрылыс жөніндегі нұсқаулық әзірлеңіз. Бензинді, көмірді пайдалануға тыйым салыңыз және тек газды пайдалануға ынталандырыңыз. Барлық қолданыстағы ғимараттарға, қонақ үйлер мен шипажайларға, туристік нысандарға экологиялық тазалық нысанында аудит жүргізіңіз. Мен Қазақстанға экотуризмді табысты дамытып отырған басқа елдерден көмек сұрап жүгінуді және олардың кейбір әдістерін, заңдарын бейімдеуді ұсынар едім. Әрине, бұл – ұзақ жол, бірақ біз дұрыс бағытта алғашқы қадам жасауымыз керек.

- Бірақ антагонист бұның қымбаттығын айтады. Күн панельдерін орнату қымбат, энергияны үнемдейтін технологияларды пайдалану қымбат, қалдықтарды қайта өңдеу қымбат және бұл туристік өнімнің өзіндік құнына әсер етеді. Экономикалық және экологиялық көзқарас арасындағы тепе-теңдікті қалай табуға болады?

- Мен адамдардың бұл пікірді айтатынын түсінемін. Өзгеріс әрдайым қиын және берік бейілділікті қажет етеді. Бүгінде әрбір дерлік ұлт пластиктен жасалған бұйымдардың қолданысын қысқарту қажеттігін түсінді. Көптеген балама өнімдер нарықта, негізінен, қайта өңделген өнімдермен ұсынылған. Көптеген ірі брендтер өз өнімдеріне және олардың қаптамасына тұрақты тәсілді бейімдеді және біз оның жыл сайын өсіп келе жатқанын көреміз. Бұл балама өнімдер арзанырақ болады дегенді білдіреді. Көптеген туристер, егер бұл ізгі іс үшін болса, көбірек төлеуге дайын. Біз бәріміз ертеңгі күнді құруға қатысқымыз келеді. Тұрақты туризмді дамытуға қызмет еткенге дейін экологиялық салықты талқылап, енгізу керек. Біз балаларға қалдықтарды қайта өңдеу мен тұрақтылықтың маңыздылығы туралы білім беруіміз керек. Маған сеніңіз, қазіргі уақытта бізде үлкен артықшылық бар. Көріп отырғанымыздай, балалардың көпшілігі ерте жастан цифрлық технологияға үйренген, неге осы арналар арқылы оқытпасқа? Дарынды кинорежиссерлермен бірге барлық мектептер арасында балаларға туған жерін қалай сақтауға үйрететін комикстер сериясын шығаруға неліктен конкурс өткізбеске? Балаларымыз түсінгеннен кейін, олар бізді үйрете бастайды. Қазақстан жас тәуелсіз ел болып табылады және өзінің көрші елдері үшін қазіргі заманғы тұрақты болып қалуда үлгі болуға тиіс.

 - Сіз өте өзекті тақырыпты қозғадыңыз. Шынында да, экологиялық туризмді дамыту жөніндегі ақпараттық жұмыстың маңызды бөлігі «зиян келтірме» қағидаты бойынша экологиялық жауапкершілікті мойнына алатын адал туристерді тәрбиелеу болып табылады. Сіздің ойыңызша, табиғат қорғау аймақтарында туристік қызметтің «қалдықсыздығын» қалай қамтамасыз етуге болады?

Мысалы, туристік сферада жұмыс істейтін адамдар үшін лицензия болуы керек, оларды соған сәйкес оқыту керек. Гидтер – Канададағы рейнджерлер сияқты жұмыс істеуі керек. Олар қоршаған ортаны қорғайды және сонымен бірге айналасында шоу ұйымдастырады. Гидтер орманда жолсерік қана болмауы керек. Олар туристерге ағаштардың жасы қандай, саңырауқұлақтарды қалай іздеу керек, қандай саңырауқұлақтар қауіпті, орманда қалай өмір сүру керек, орманда қалай тамақ дайындау керек және т.б. оқытуы тиіс. Бурабайда осы дағдыларды дамыту үшін тамаша мүмкіндік пен лайықты табиғат бар. Бурабай ормандарында көптеген жидектер мен саңырауқұлақтар бар. Орманда серуендеп, Сіз 10 келі құлпынай жинай аласыз. Бұл ерекше! Бұл әлемде еш жерде жоқ! Бұл «Бурабай» табиғи паркіндегі табиғаттың ерекшелігін әйгілей түседі. Бүгінгі таңда табиғатқа және қоршаған ортаға зиян тек жергілікті туризммен байланысты екендігі айқын. Пандемияға байланысты қазір халықаралық туристер жоқ. Табиғи ресурстарға жауапты қарым-қатынасты дамыту туралы халыққа білім беру қажеттігі туындады. Бұл, әрине, ұзақ жол және басқа елдердегідей көптеген жылдар қажет болады. Бірақ бұл процесті бастау керек.

Билік табиғи саябақта «жасыл періштелерді» орналастыра алады, олар біздің жергілікті туристерге қоқыстарын алып кетуді еске салып, табиғатты сақтау қаншалықты маңызды екенін түсінулері үшін оларға ақпараттық парақшалар таратады. Туристерге қалдықтары үшін қайта өңделген қоқыс сөмкелерін беріңіз және сол сөмкелерді қайда тастау керектігін көрсетіңіз. Экологтардың арнайы тобымен «Қоқысқа жол жоқ» тақырыбында ойын-сауық ұйымдастырыңыз. Сонымен бірге саябақтағы қоқыс жәшіктерінің санын күрт көбейтіңіз.

Сондай-ақ, билік барлық дүкендерде, базарларда, мейрамханаларда пластик пакеттерді пайдалануға тыйым салып, қайта өңделген шикізаттан балама өнімдер ұсынуы керек деп санаймын. Жергілікті дүкендердің иелерін үйретіңіз және пакеттерді ақылы етіңіз.

«Қазақстанда жасалған» брендімен құрамында пластик жоқ, ағаштан және басқа материалдардан жасалған балалар ойыншықтарының өндірісін қалай қалпына келтіруге болатыны туралы ойлану қажет болар. Балаларда ойыншықтар аз болуы мүмкін, бірақ бұл ойыншықтардың құндылығы арта түседі.

 - Жалпы, Сіз мұнда жұмыс істейтін адамдар туралы не ойлайсыз? Сіздің пікіріңізше, Қазақстанда жұмыс істейтін немесе туристік бизнесті жүргізгісі келетін адамдарға қандай талаптар болуы керек? Экожүйеге зиян тигізбеу үшін процесс қандай болуы керек?

- Менің ойымша, туризм саласындағы барлық кәсіпкерлер құрылыс ұсыныстары мен қызмет көрсету сапасына сүйене отырып, экологиялық тазалық, қоршаған ортаны қорғау, қоқысты қайта өңдеу, пластиктен бас тарту туралы хартияға қол қоюы керек. Менің ойымша, құзыретті органдар заңды платформаны дамытуы керек, оған сәйкес осы хартияларды/ережелерді сақтайтын кәсіпкерлер ғана өз бизнесін жүргізе алады. Қызметкерлер туристермен қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде сөйлесе білуі керек. Бизнесмендер мен туристер экологиялық салық төлеуі керек, өйткені тегін берілген нәрсе бағаланбайды.

 - Біздің қауымдастық 2019 жылы Solar Fest Qazaqstan фестивалін сәтті өткізді. Дәл осы жерде, Rixos Borovoe қонақ үйінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне жолданған ЖЭК Хартиясына қол қойылды, бұл саланың дамуына жаңа мүмкіндік берді. Мұндай оқиғаға қалай қарайсыз? Болашақта бұл шара кеңінен ұйымдастырылады деп ойлайсыз ба? Сіз оны одан әрі қолдауға дайынсыз ба?

– Менің ойымша, бұл керемет. Біз әрқашан осындай іс-шараларға қолдау көрсетеміз. Бірақ басты мәселе – бұл көптеген жаңа бастамалар мен кешенді әрекеттерге үндеулер болуы керек. Қонақ үйде біз көрермендер мен биліктің назарын аудару үшін сән көрсетілімін немесе пластиктен жасалған қолөнер не мүсіндер көрмесін ұйымдастыра алатын керемет подиум бар.

Бұл қатысуға шақыру болуы тиіс, мысалы, орманда қоқыс жинау туралы жергілікті тұрғындар арасында хабарландыру жасау және жүлде 1 килограмм қоқыс үшін 1000 теңгені құрауы мүмкін. Біз жергілікті суретшіні шақырып, одан жиналған қоқыстардан мүсіндер жасауды сұрап, соңында осы мүсіндердің аукционын ұйымдастыра аламыз.

Бизнес-қауымдастықпен серіктестікте біз жастарға экологиялық бастамалары үшін ақша беретін немесе сыйлық ұсынатын экологиялық қор туралы ойлана аламыз. Бізде Бурабайда жаңа Iqanat жеке орта мектебі бар. Неліктен біз осы мектеп оқушыларының дарыны мен шығармашылық қуатын пайдаланбаймыз?! Неліктен оларды тартып, балаларға экологиялық білім беру үшін осы комикстерді жасауды сұрамасқа? Олар мұны Сіз үшін жасайды.

Елшіліктерді шақырып, оларға экологиялық технологиялар саласындағы ноу-хау туралы айту жақсы болар еді. Жақында мен ЕО-ның бір елшісімен кездестім. Оларда тек су өңдеу жобаларына жұмсалатын қаражат бар. Мен оларды Бурабайға келіп, әр түрлі көлдердегі судың сапасын тексеруге шақырдым.

Фестиваль барысында елшіліктер, экологиялық ұйымдар, корпоративтік кәсіпорындар арасында ұлт кубогын ұйымдастыра аламыз. Біз оларға көлден өту үшін қайық салу міндетін береміз. Әрине, қайық пластикалық бөтелкелерден және басқа да қалдықтардан жасалуы керек. Бізге іс-қимыл қажет және фестивальді кең аудитория үшін жемісті әрі қызықты ету үшін осындай бастамалар туралы бірге ойлана аламыз. Халықтың хабардарлығын арттыру туралы сөз болып отыр.

 

- Экологиялық туризмді дамыту аясында Сіздің қонақ үйіңізде қандай жоспарлар бар?

- Сіздің пластикті пайдалануыңызды одан әрі азайтуға, қоқысымызды одан әрі өңдеуді жалғастыруға және су, электр, газ тұтынуды азайтуға деген ұмтылыстың бір бөлігі ретінде біз экологиялық туризм идеясын қабылдап, глэмпинг/эко-этно-ауылымызды салуды бастаймыз деп үміттенеміз. Ғимараттарды глэмпинг тұжырымдамасын қолдана отырып, аз қуат тұтынумен салуға болады. Бұл экоауылдың қағидаттары – нөлдік қалдықтар, көміртекті бейтараптылық, пластиктің болмауы, тек жергілікті өнімдерді пайдалану болмақ. Басты ұстаным: смартфондарға жол жоқ (гаджеттерді арнайы қорапта қалдыруға болады).

Біз қазақтың қолөнерін насихаттаймыз, туристерді қазақ мәдениетіне, тіліне үйретеміз және орманда рюкзакпен жүретін туризм ұйымдастырамыз: жидектер жинаймыз, саңырауқұлақтар тереміз, бірге ас әзірлейміз, мұның бәрін қантсыз, глютенсіз дайындаймыз, жұлдызды аспанға қарап, гитарада ойнаймыз және орманда түнейміз. Сонымен қатар, біз атпен жүру, ұнату турлары, балық аулау, велосипед және қылқайық сияқты керемет іс-шараларды ұйымдастыра аламыз…

Осындай жобаларды іске асыру кезінде қалдықтарды қайта өңдеу, экологиялық тәсіл өмір салтына айналуы тиіс.

Осы эко-ауылда біз жазғы лагерьлер ұйымдастыра аламыз, онда қонақтарымызға қоқыс тастау, саңырауқұлақтар мен жидектерді қалай жинау және орманда қалай өмір сүру туралы әңгімелейміз. Менің ойымша, бұл – экологиялық қозғалысты дамытудың дұрыс бағыты.

Із қалдыру – бұл біз ұмтылуымыз керек нәрсе. Сондықтан, егер менің лауазымымда адамдарды біріктіріп, әлемді біршама жақсартуға мүмкіндік болса, менің ойымша, біз бұл мүмкіндікті жіберіп алмауымыз керек. Және сүйіспеншілікпен орындаңыз! Бұл экотуризм – шын мәнінде, үлкен қуаныш! Сонымен, менің көзқарасым бойынша, егер бізде адамдарды жинап, оны жасау мүмкіндігі болса, менің ойымша, біз бұл мүмкіндікті жіберіп алмауымыз керек. Және, әрине, мұндай қызметтен ләззат алу керек! Шынында да, мұндай экотуризм соншалықты қызықты!

Сұхбат алушы: Надежда Шаяхметова

19.04.2024
Apple жаңартылатын энергия көздері мен су ресурстарының тұрақтылығына күш салуда
18.04.2024
Еуропада екі мемлекет жел генераторларының қуатын арттырудың арқасында 100% жаңартылатын энергиямен қамтамасыз етілді
18.04.2024
IRENA есебі: ЖЭК-ке көшу энергия қауіпсіздігіне жаңа көзқарасты қажет етеді
17.04.2024
CATL өнеркәсіптік батареяны, Megapack Tesla баламасын ұсынды
17.04.2024
Бакуде жел электр станциясы салынады
17.04.2024
Қазақстан мен Оңтүстік Корея Түркістанда бу-газ қондырғысын салуға ниетті
17.04.2024
Астанада ҚР – ЕО Энергетика, көлік, қоршаған орта және климаттық өзгерістер жөніндегі кіші комитетінің 7-ші отырысы өтті
16.04.2024
Алмасадам Сәтқалиев: Қазақстан метан шығарындыларын азайту бойынша жұмысты күшейтуге ниетті
16.04.2024
Дубайда күн батареясымен жүретін көлік іске қосылуы мүмкін
16.04.2024
IRENA: Жел электр станцияларын енгізу құны үштен бірінен астамға төмендеді
16.04.2024
Абу-Дабиде министрлер мен энергетика көшбасшылары ЖЭК болашағын талқылайды
16.04.2024
Венгрия жылуды біртіндеп геотермалдық энергияға ауыстыруда
15.04.2024
Еуропалық комиссия ғимараттардың энергетикалық тиімділігі туралы заң қабылдады
15.04.2024
Финляндияда үлкен жерасты үңгірлері жыл бойына бүкіл қаланы жылыта алады
12.04.2024
Техаста СО2 мен судан отынның өнеркәсіптік өндірісі басталды
12.04.2024
ЕО жасыл ауысу үшін энергетикалық инфрақұрылымға €600 млрд инвестициялауы тиіс
12.04.2024
Ғарыштық күн энергиясы: SpaceX және General Motors бұрынғы инженерлері энергетика болашағын өзгертуде
12.04.2024
АҚШ таза энергияны пайдалануға рұқсат беру бойынша өз мақсатынан асып түсті
11.04.2024
Қызылордада эко-фазендаға 105 кВт күн станциясы орнатылды
11.04.2024
АҚШ-та сыртқы кванттық тиімділігі 190% күн панельдеріне арналған материал әзірледі