Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары25.06.2025

Жасыл сутегі Қазақстан энергетикасын қалай өзгерте алады

QAZAQ GREEN. Жасыл сутегі су электролизі әдісімен өндіріледі — бұл үдерісте су (H₂O) электр тогының әсерінен сутегіге (H₂) және оттекке (O₂) бөлінеді. Егер электролиз үшін күн, жел немесе басқа да жаңартылатын көздерден алынған энергия пайдаланылса, өндірілген сутегі «жасыл» деп аталады, себебі бұл кезде көміртек шығарындылары болмайды, деп Энергетика министрлігі мәлімдеді. 
 
Алынған сутегі:

  • электр және жылу өндіру үшін отын элементтерінде қолданылуы мүмкін;
  • өндірістік қондырғыларда немесе газ турбиналарында жағылады;
  • химия өнеркәсібінде, көлік саласында және металлургияда дәстүрлі энергия көздеріне көміртексіз балама ретінде пайдаланылады.
 
Бұл технология қаншалықты қымбат?
 
Бүгінде жасыл сутегі өндіру «сұр» сутегімен (табиғи газдан) немесе «көк» сутегімен (CO₂ ұстап қалу технологиясымен) салыстырғанда едәуір қымбат. Оның негізгі себептері:
  • электролизерлердің жоғары құны;
  • сақтау және тасымалдау инфрақұрылымының дамымауы.
Дегенмен, халықаралық сарапшылардың болжамы бойынша, алдағы уақытта жасыл сутегінің өзіндік құны төмендеп, кейбір салаларда бәсекеге қабілетті болады.
 
Бұл технология қаншалықты қауіпсіз?
 
Сутегіні өндіру және пайдалану — техникалық тұрғыдан жақсы зерттелген және қатаң қауіпсіздік талаптарына бағынады. Бұл жағынан ол табиғи газ немесе сұйытылған газ секілді басқа энергия көздерінен кем емес.
 
Қазіргі технологиялар сутегіні:
  • сығылған немесе сұйық күйінде қауіпсіз сақтау,
  • құбырлар немесе арнайы контейнерлер арқылы тасымалдау,
  • өндірістік және тұрмыстық жағдайда қолдану мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
 
Қазақстан неге жасыл сутегіне басымдық береді?
 
Қазақстан үшін жасыл сутегіні дамыту:
  • экономиканы әртараптандыру құралы;
  • 2060 жылға қарай көміртексіздікке қол жеткізудің жолы;
  • ЖЭК әлеуетіне негізделген жаңа жоғары технологиялық саланы дамыту мүмкіндігі;
  • тұрақты даму жөніндегі жаһандық күн тәртібіне кірігу құралы.
Сонымен қатар, сутегі технологиялары елдің энергетикалық тұрақтылығы мен тәуелсіздігін ұзақ мерзімді перспективада арттыра алады.
 
Жасыл сутегі Еуропаға қалай жеткізіледі?
 
Қазақстан Еуропалық Одақ және басқа елдермен сутегі мен аммиак экспорттау мәселелері бойынша келіссөздер жүргізіп жатыр. Бұл бағытта Hyrasia One секілді ірі жобалар мен Германия–Қазақстан сутегі диалогы шеңберіндегі бастамалар аясында жұмыс атқарылуда.
 
Жасыл сутегі дәстүрлі энергия көздеріне балама бола ала ма?
 
Жасыл сутегі барлық энергия көздерінің орнын баса алмайды, бірақ ол:
  • металлургия мен химия секілді кейбір өндірістік үдерістерде көмір мен табиғи газды алмастыра алады;
  • батареяларды қолдану мүмкін емес көлік түрлеріне (әуе тасымалы, кеме қатынасы, жүк көлігі) отын ретінде жарамды;
  • жаңартылатын энергиядан алынған қуатты сақтау құралы бола алады.
 
Ол басқа таза энергия көздеріне бәсекелес емес, қайта оларды толықтыратын шешім ретінде қарастырылады, әсіресе тікелей электр қуатын пайдалану мүмкін емес жағдайларда.
 
Болашақта жасыл сутегі энергия балансында қандай рөл атқара алады?
 
Халықаралық энергетикалық агенттіктің (IEA) бағалауы бойынша, 2050 жылға қарай сутегі:
  • жаһандық энергия сұранысының 10–15%-ын,
  • ауыр өнеркәсіп немесе жүк тасымалы секілді салаларда 25%-ға дейінгі бөлігін қамтуы мүмкін.

Қазақстан үшін бұл көрсеткіштер инвестиция көлеміне, технологиялық енгізу қарқынына және экспорт инфрақұрылымын дамыту деңгейіне байланысты болады.
 
Егер біз АЭС дамытсақ, неге жасыл сутегі де қажет?
 
Атом электр станциялары мен жасыл сутегі бір-бірін жоққа шығармайды, керісінше толықтырады.
 
АЭС — тұрақты базалық электр энергиясын береді, ал жасыл сутегі:
  • жаңартылатын энергиядан алынған қуатты жинақтауға мүмкіндік береді;
  • таза экспорт әлеуетін кеңейтеді;
  • өнеркәсіп пен көліктегі көміртекті үдерістерді алмастыра алады.

24.04.2026
Орталық Азияның жетекші техникалық ЖОО мен ОАӨЭО ЖЭК мамандарын даярлау туралы меморандумдарға қол қойды
24.04.2026
Қазақстан мен БҰҰ ЕЭК энергетикалық тұрақтылық пен төмен көміртекті технологияларды дамыту мәселелерін талқылады
24.04.2026
100 000 жұмыс орны мен кадрлардың тапшылығы: Орталық Азияның ЖЭК серпілісіне дайындығы қандай
24.04.2026
Тасымалдаусыз ауысым жоқ: Орталық Азия энергетикалық болашағын қалай құруда
23.04.2026
Азия даму банкі Қазақстан жобаларына 5,5 млрд доллар инвестиция салады
23.04.2026
Астанада RES 2026 EXPO көрмесінің ашылуында $2,3 млрд астам сомаға 17 меморандумға қол қойылды
22.04.2026
Банк Орталық Азия экожүйесінің интеграциялануына $1 млрд салым жасайды
22.04.2026
Қазақстан мен Қытай Қарағанды облысында 500 МВт жел электр станциясын іске қосады
22.04.2026
Қазақстан мен Тәжікстан Роғун СЭС электр энергиясын импорттау туралы келіссөздер жүргізуде
22.04.2026
Өңірлік экологиялық саммит 2026 Астанада өз жұмысын бастайды
21.04.2026
Күн энергиясы және тамшылатып суару Қырғызстан егінін сақтаудың жолы
21.04.2026
Ормуз дағдарысы көмірге жол ашпады: ЖЭК газ тапшылығын жапты
20.04.2026
Астанада RES 2026 EXPO ашылып, халықаралық келісімдерге қол қойылады
20.04.2026
Орталық Азия елдері Астанада өтетін 2026 жылғы ӨЭС-те энергетикалық көшуді талқылайды
20.04.2026
Молдова ЖЭК орнатылған қуаты бойынша 1 ГВт шегінен асып түсті
20.04.2026
Қытай Камбоджада құны $ 1 млрд ГЭС құрылысын бастады
20.04.2026
Германияда ондаған мың адам «жасыл көшуді» жеделдетуге шақырды
17.04.2026
Ресей мен Өзбекстан ғалымдары «жасыл» энергия жүйелерінің тұрақтылығын 24%-ға жақсартты
17.04.2026
Қазақстандық ауадан су өндіру стартапы Венада өткен GCIP байқауында үздік үштікке енді
16.04.2026
Қазақстанда құс фабрикасы қалдықтан 15 млн кВт·сағ энергия өндірді