Білім және ғылым

Білім және ғылым21.12.2022

Сарапшылар Алматыда өткен Green Media Forum форумында Орталық Азия елдерінде ЖЭК дамыту перспективаларын талқылады

«Green Media Forum»халықаралық медиафорумы 2022 жылғы 10-11 қарашада Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінде өтті.

Форум USAID қолдауымен өтті, оның күн тәртібінде Қазақстандағы жаңартылатын энергетика, елдің темен көміртекті міндеттемелері және олардың орындалуын қамтамасыз ету стратегиясы тәрізді тақырыптар бар.

Парламент, Энергетика министрлігі өкілдері, жаңартылатын энергетика саласындағы тәуелсіз сарапшылар мен журналистер «жасыл» энер¬гетика мәселелерін және климаттың өзгеруіне байланысты туындайтын проблемаларды, қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнамалық бастамаларды, Қазақстандағы ЖЭКжобаларын, Еуропа елдерінің ЖЭК дамыту жөніндегі тәжірибесін, сутегі энергетикасын талқылады.

«бұл медиафорум АЭЖБУ алаңында өткізіледі, өйткені АЭЖБУ энергетика, телекоммуникация, ІТ-технологиялар және ақпараттық қауіпсіздік, ғарыштық инженерия саласында кадрлар даярлауды жүзеге асыратын энергетикасаласындағы жетекші салалық жоғары оқуорны болып табылады», - деді АЭЖБУ ректоры Сәуле Сағынтаева құттықтау сөзінде.

USAID және АЭжБУ-да бірқатар бірлескен жобаларжәне тиімді ынтымақтастықтың көп жылдық тәжірибесі бар, сонымен қатар USAID ЖЭКжәнеЭЭ бойынша АЭжБУ магистратурасында оқитын Орталық Азия елдерінен 6 студентті оқытуды қаржыландырады, сондай-ақ, Қазақ-Неміс университетінде (DKU) тағы 10 шәкіртақы берілді, Тұрақты түрде Орталық Азия елдерінің оқушылары мен оқытушылары үшін Қазақстанның ЖЭК объектілері бойынша оқыту сапарлары ұйымдастырылады.

USAID-«Орталық Азия энергетикасы»жобасы басшысының орынбасары Баян Әбілқайырованың айтуынша, USAID жобасының мақсаты Орталық Азияның бес еліне энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етужәне өңірлік электр энергиясы саудасының экономикалық пайдасына қол жеткізуде қолдау көрсету үшін олардың энергетикадағы ұлттық және өңірлік басымдықтарына қол жеткізуге жәрдемдесу болып табылады.

USAID ЖЭКдамытудың барлық салаларында, соның ішінде ЖЭК бойынша заңнаманы жетілдіруде, ЖЭК конкурстық сатып алуды енгізу бойынша ұсынымдарда, үлгілік РРА, өзге де құжаттарды әзірлеуде және т.б. қолдау көрсетеді. Сондай-ақ, Баян ӘбІлқайырова жоба аясында гендерлік жоспар, атап айтқанда, энергетикадаты өңір әйелдерін қолдау жасалғанын атап өтті.

«Энергетика факультеттерінің студенттері үшін ЭМ, KEGOC, Samruk Energy, КОРЕМ-де кәсіби тағылымдамалар, техникалық тақырыптары мен soft skills дамыту бойынша семинарлар мен тренингтер өткізіледі: гендерлік саясат, Орталық Азия елдерінің энергетикасындағы әйелдердің рөлі. 2018-2022 жылдар аралығында энергетика саласында тәжірибе алмасужәнеәлеуетті арттыру жөніндегі іс-шараларға 600-ден астам әйел қатысты», - деді ол.

«Астана» халықаралық тылыми кешенінің Директорлар кеңесі төрағасыныңорынбасары Фархад Қуанғанов әлемде «жасыл» сутегіні тұты- ну өсетінін және ол мұнай мен газға негізгі балама болатынын және Қазақстан болашақта сутегі экспортынан ғана пайда көретінін атап өтті.

Оның айтуынша, әлемдік сутегі нарыты 2021 жылы 85 млн. тоннаны құрады. Бұл көрсеткіш 2030 жылға қарай кем дегенде 35 млн. тоннаға ұлғаяды деп кутілуде.

«Сутегі энергетикасы экономиканың қуатты драйвері бола алады. Сутеп энергетикасын дамытуды 19 ел 6-7 жыл бойы жүргізіп келеді, бүгінде көптеген елдер сутегі стратегиясының бағдарламаларын әзірлеуде», - деді Фархад Қуанғанов.

Ол Қазақстанда сутегіні дамыту бағдарламасы энергияның жасыл түрлерін өндіру жөніндегі кешендерді салужөніндегі жобаларды іске асыратын «Svevind» неміс компаниясының жобасымен ұсынылғанын атап өтті. Маңғыстау облысында компания 2031 жылға қарай жыл сайын 3 млн тонна Н2 шығаратын қуаты 45 ГВ алып кешен салуға ниетті.

Qazaq Green қауымдастығының Директорлар кеңесініңтөрағасы Нұрлан Қапенов Қазақстан ЖЭК дамыту бойынша өршіл мақсаттар қойға- нын атап өтті.

2022 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша ЖЭК белгіленген қуаты Қазақстанда 2330 МВт құрады.

WhatsApp Image 2022-11-11 at 11.51.53.jpeg

«Қазіргі уақытта ЖЭК секторының өзекті проблемаларының бірі қолданыстағы және жаңа ЖЭК жобаларының қаржылық жағдайына теріс әсер ететін ұлттық валюта бағамының жоғары құбылмалылығы болып табылады. 2022 жылдың басынан бері «Qazaq Green»ЖЭК қауымдастығы» ЗТБ ҚР Энергетика министрлігімен және ЖЭК іскерлік қоғамдастығымен бірлесіп саладағы инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша ауқымды жұмыс жүргізді. Осылайша, ЖЭК объектісін салу кезеңіне тарифті индекстеу енгізілді және инвесторлардың валюталық тәуекелдерін өтемейтін тарифтерді индекстеудің қолданыстағы тетігі айтарлықтай жақсарды», - деді Нұрлан Қапенов.

11 қарашада форумға қатысушылар «Самүрық-Энерго» АҚ жел электр станциясының қолданыстағы жел паркініңобъектісіне экскурсияға шықты.

03.07.2025
Астанада Electronica Expo Kazakhstan көрмесі өтеді
02.07.2025
Көксу өзенінде ГЭС құрылысы қайта жанданды: жоба туралы не белгілі
02.07.2025
Әзірбайжан мен Дүниежүзілік банк ЖЭК саласында кредиттік келісімге қол қойды
02.07.2025
АҚШ-тың күн және жел энергетикасы электр энергиясын өндіруде рекордтық үлеске жетті
02.07.2025
Жаһандық баяндама: Орталық Азия жасыл энергетиканы дамытуға рекордтық қаржы ағындарын тартты
30.06.2025
Билл Гейтс инвестициялаған революциялық жел станциясының құрылысы басталды
30.06.2025
Тандемдік перовскиттік фотоэлементтер 26,4% тиімділікке қол жеткізді
27.06.2025
Қазақстан мен Қытай стратегиялық энергетикалық әріптестікті талқылады
27.06.2025
Ғарышқа арналған органикалық күн элементтері бойынша инновациялық зерттеу
27.06.2025
Қазақстан мен Өзбекстан Орталық Азияда «жасыл» энергетиканы белсенді дамытуда
27.06.2025
ҚазМұнайГаз Атырауда «жасыл» сутегі өндіру бойынша пилоттық жобаны іске қосты
26.06.2025
Қазақстанда жеке үй иелері күн батареяларынан қалай ақша таба алады
26.06.2025
Қазақстан аукциондық жүйе арқылы ЖЭК саласына 14 елден инвестиция тартты
25.06.2025
Жасыл сутегі Қазақстан энергетикасын қалай өзгерте алады
25.06.2025
IKEA балкондарға арналған дайын күн электр станциясын ұсынады
25.06.2025
Adani Үндістанда «жасыл» сутегі өндіретін автономды қондырғыны іске қосты
25.06.2025
Тәжікстанда «жасыл» энергетика бойынша Жол картасын ұсынды
24.06.2025
KOREM аукционының нәтижесінде үш ГЭС жобасы іріктелді
24.06.2025
Еуропалық парламент пен ЕО Кеңесі CBAM жеңілдетуді мақұлдады
24.06.2025
Глазго ғалымдары қалақсыз жел турбиналарының әлеуетін ашты