Білім және ғылым21.12.2022
ЖЭК саласындағы өзекті отандық әзірмелер. ЖЭК саласындағы цифрландыру

Атмосфералық ауаның ластануы Қазақстан экономикасына 110,5 млрд-тан астам шығын әкеледі (Дүниежүзілік банктің 2022 жылғы есептеулері бойынша). Қорытынды: арзан көмір, егер оны қолданудың барлық салдарын ескерсек, соншалықты арзан емес.
Жасыл энергия бұл Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 30 мамырдағы №577 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдамаға сәйкес көміртегі бейтараптығына қол жеткізудің негізгі шарасы ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік қаражатты едәуір үнемдеу және экономикаға инвестициялар тарту мүмкіндігі (жылына шамамен 3 3-4 млрд. АҚШ доллары). Бұл ретте тұжырымдамада 2030 жылға қарай атом электр станциясының жалпы белгіленген қуаты 1,5 ГВт, ЖЭС қуаты 4,6 ГВт жэне КЭС қуаты 0,5 ГВт құрайды деп жоспарланған. Алайда, тужырымдамада, біздің ойымызша, энергетика саласын цифрландыру қажеттілігіне тиісті назар аударылмаған.
Бұл ретте мамандандырылған ІТ-сервистер ҚР БЭЖ сенімділігін арттыру, ЖЭК теңгерімсіздігін төмендету, Қазақстанның жасыл экономикаға көшуін жеделдету бойынша бірқатар міндеттерді шеше алады. Осы мақсатта ТГС компаниялар тобына кіретін және цифрландыруға маманданған «Жасыл технологиялар орталығы» ЖШС (ЖТО) қазіргі уақытта цифрлық электр станциясының (Digital Power Plant, қысқ. DPP) жобасын, Greenlight және INTECH Ғогесаst жобаларын әзірлеуде.
DPP бағдарламасының баламалары әлемде бұрыннан бар және көптеген дәстүрлі станцияларға пайдаланужәне техникалық қызмет көрсету шығындарын айтарлықтай төмендетуге мүмкіндікбереді. Осылайша, General Electric халықаралық компаниясы әлемде алғашқылардың бірі болып электр станцияларында цифрландыруды енгізе бастады және қуаты 500 МВт ЖЭО үшін елеулі нәтижелерге қол жеткізді:
ЖЭК объектілерін цифрландыру олардың инвесторлар үшін де, станциялардың операциялық персоналы үшін де үлкен қаржылық тартымдылығына ықпал ететіні анық. Елдіңжалпы энергия жүйесінде ЖЭК объектілерін құратын теңгерімсіздіктер ауқымдыжәнежедел шешілетін міндет. Шаралардың бірі электр энергиясын жинақтау жүйесін (ЭЖЖ) салу болар еді, бірақ қазіргі уақытта ЖЭК объектілерін салужобаларыныңайтарлықтай қымбаттауына және соның салдарынан тарифтерді ұлғайту қажеттілігіне байланысты Қазақстан экономикасы мұндай технологиялық шешімдерге дайын емес.
ЖЭК секторындағы теңгерімсіздіктерді барынша азайтудың пәрменді қадамы ЖЭК объектілерінің электр энергиясын өндіруін сапалы болжау болып табылады. Осы проблеманы шешу мақсатында ЖТО Qazlnnovations қолдауымен отандық «ІnТесһ Forecast» ІТ-сервисін ұсынды, ол:
• ЖЭК объектілерінің электр энергиясын өндіруді біртәулікбұрын болжаудың ыңғайлы сервисін ұсынады;
• ЖЭК станциялары персоналыныңЖЭК қолдау бойынша жүйелік оператормен және ҚЕАО-мен өзара іс-қимылын автоматтандырады;
• Тарихи метеодеректер мен электр энергиясын өндіру көлеміне негізделген жасанды интеллекттің тұрақты үйрететін үлгісін жасайды;
• Нақты тәуліктік болжамдарды қалыптастыру есебінен Қазақстанның бірыңғай электр энергетикалық жүйесінің жұмыс істеу тиімділігін арттырады және олардың ҚР БЭЖ жұмысының сенімділігіне теріс әсерін азайтады.
ЖЭК саласын дамытуға ықпал ететін ішкі құралдардан басқа, қазақстандықтардың «жасыл экономикаға» көшуге деген адалдығын және олардың экология мәселелеріндегі хабардарлығын түсіну маңызды.
Мен жүргізген сауалнамаға сәйкес, сауалнамаға қатысқандардың шамамен 86%-ы ал олардың көпшілігі 30-60 жас аралығындағы қала тұрғындарына сауалнама жүргіздім, сауалнамаға қатысқандардың шамамен 86%-ы ЖЭК-ті көмір станцияларына қарағанда экологиялық таза балама ретінде түсінеді және 89%-ы таза электр энергиясын өндіруді ұлғайту керек деп санайды.
Сауалнамаға қатысқандардың жалпы санының 77% сауалнамаға қатысушылар ЖЭК-тен алынған электр энергиясын тұрмыс-тіршілікте, 35%-ы бүл жаңа саладан бизнеспен байланысты мүмкіндіктерді көреді және 36%-ы жеке электромобильдерін жасыл энергиямен қуаттағысы келеді. ЖЭК-ті қолдаушылардың 78%-ы жасыл энергияның құнын арзандату керек деп санайды
Жасыл энергия үшін артық төлеуге даярлық туралы айтар болсақ, мүнда «іс-жүзінде дәлелдегісі» келетіндердің пайызы төмендейді, бірақ оптимизмнен айырмайды -72%.
ЖТО кезекті ІТ-бастамасы бұл әрбір қазақстандыққа ел экологиясының пайдасына өзінің саналы таңдауын жасай отырып, смартфондағы қосымша арқылы жасыл энергияны сатып алуға мүмкіндік беретін GreenLight cepвиci. Бұған қоса, ол климаттың өзгеруі мен ауаның ластануы проблемасын көпшілікке жеткізуді мақсат етеді.
POWEREXPO ALMATY 2022 КӨРМЕСІНДЕ GREENLIGHT ЖОБАСЫНЫҢ ТҰСАУ КЕСЕРІ
Жаңа инвестициялық мүмкіндіктерді ашумен қатар, GreenLight отандастарымыздың экологиялық мәселелердегі белсенді азаматтық ұстанымын білдірудегі оң фактор болып табылады. Әрбір азамат Қазақстанның экологиялық сценарийіне өз ықпалын тигізе алады. Бүгін кедергілерді жеңетін және ЖЭК саласы үшін қосымша өсу факторларын тудыратын шешімдерді ұсынатын уақыт. Дербес салаға айналған және ағымдағы жылы 10 қарашада атап өтілетін өзінің дербес кәсіби мерекесіне ие болған цифрландыру Қазақстан мен Орталық Азия елдерінде ЖЭК жобаларын одан әрі дамытуға елеулі үлес қоса алады.
Жоғарыда келтірілген статистика Қазақстанның жасыл энергияға көшуін өз еркімен қолдағысы келетіндердің жеткілікті екенін көрсетеді және бұл бізге осы салаға инвестициялаудың тағы бір арнасын ашуға мүмкіндік береді.
Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказда жасыл энергетиканы дамыту үшін «Green Corridor Alliance» бірлескен кәсіпорны тіркелді
ЖЭК Қазақстанның энергия балансында позициясын нығайтуда
15 тамызға дейін: IRENA Орталық Азияда ЖЭК саласында инвестициялық жобаларды қабылдауда
Amazon Жапонияда геотермалдық тапсырыстарды өңдеу орталығын ашады
Астанада Electronica Expo Kazakhstan көрмесі өтеді
Көксу өзенінде ГЭС құрылысы қайта жанданды: жоба туралы не белгілі
Әзірбайжан мен Дүниежүзілік банк ЖЭК саласында кредиттік келісімге қол қойды
АҚШ-тың күн және жел энергетикасы электр энергиясын өндіруде рекордтық үлеске жетті
Жаһандық баяндама: Орталық Азия жасыл энергетиканы дамытуға рекордтық қаржы ағындарын тартты
Билл Гейтс инвестициялаған революциялық жел станциясының құрылысы басталды
Тандемдік перовскиттік фотоэлементтер 26,4% тиімділікке қол жеткізді
Қазақстан мен Қытай стратегиялық энергетикалық әріптестікті талқылады
Ғарышқа арналған органикалық күн элементтері бойынша инновациялық зерттеу
Қазақстан мен Өзбекстан Орталық Азияда «жасыл» энергетиканы белсенді дамытуда
ҚазМұнайГаз Атырауда «жасыл» сутегі өндіру бойынша пилоттық жобаны іске қосты
Қазақстанда жеке үй иелері күн батареяларынан қалай ақша таба алады
Қазақстан аукциондық жүйе арқылы ЖЭК саласына 14 елден инвестиция тартты
Жасыл сутегі Қазақстан энергетикасын қалай өзгерте алады
IKEA балкондарға арналған дайын күн электр станциясын ұсынады
Adani Үндістанда «жасыл» сутегі өндіретін автономды қондырғыны іске қосты