Экологиялық саясат

Экологиялық саясат05.05.2022

Үлкен атом мәселесі

Электр энергетикасы саласындағы ағымдағы жағдайды ескере отырып, соңғы уақытта атом электр станциясын салу қажеттілігі туралы мәселе белсенді түрде көтерілуде. 2021 жылдың қараша айында Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев Алматы қаласындағы қаржы секторының өкілдерімен кездесуде электр энергиясы тапшылығының белгілерін ескере отырып, болашақта АЭС салу бойынша танымал емес шешім қабылдауға тура келетінін атап өтіп, көшбасшының міндеті де осында екенін айтты.

2022 жылғы ақпанның басында ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында Қ. Тоқаев елдіңэнергетикалык, қауіпсіздігі мәселесін шұғыл шешу қажет екенін және таза атом энергиясынсыз экономиканы, инвестицияларды және өңірлік көшбасшылықты жоғалту қаупі бар екенін айтты. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы жауапты тұлғалар сұрақтарға жауап беруден бастартып, халыққа мұндай станция салудың маңыздылығын түсіндірмейтінін атап өтті.

ҚР Энергетика министрлігінің реакциясы көп күттірмеді. 15 ақпанда ҚР Үкіметінің отырысында ҚР Энерге­тика министрі Болат Ақшолақов АЭС салу қажеттілігі туралы мәлімдеді. Атап айтқанда, 2035 жылға дейін елдің әзірленген энергетикалық теңгерімінде электр энергиясын тұтыну деңгейі 153 млрд. кВтсағ деңгейінде болжануда. Бұл ретте жұмыс істеп тұрған электрстанциялары генерациясының2020жылғы 108 млрд. кВтсағ-тан 2035 жылы 88,6 млрд. кВтсағ-қа дейін кезең-кезеңімен төмендеуі байқалады.

Саланы дамытудың негізі ретінде сценарийін қабылдау ұсынылады.

Атап айтқанда, 2035 жылға дейін елдің әзірленген энергетикалық теңгерімінде электр энергиясын тұтыну деңгейі 153 млрд. кВсағ деңгейінде болжануда.

«Электр энергиясыныңалдағы тапшылығын, әлемдік экологиялык, күн тәртібіне, өндірістік куаттардың тозуына байланысты көмір генерациясына тәуелділікті төмендету қажеттілігін, сондай-ақ Қазақстанныңатом энергетикасын дамытудағы зор әлеуетін ескере отырып, елде АЭС салу неғұрлым перспективалы шешім болып көрінеді», - деп түйіндеді Болат Ақшолақов.

Бірнеше күн өткен соң, ҚР Парла­мент Сенатыныңсыртында журна- листердіңсұрақтарына жауап бере отырып, ҚРЭнергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов АЭС салу туралы шешім 2022 жылы қабылданатынын атап өтті.

Жоғарыда айтылғандай, «АЭС-пен жасыл» сценарийінде 2035 жылға дейінгі болжамды теңгерімде жүйеде ұлғайып кележатқан куаттар қатарында атом генерациясын енгізу көзделген. Атап айтқанда, мұндай объектіні құру 2032 жылы куаты 1200 МВт және 2035 жылы 1200 МВт оңтүстікаймақта көзделген. Елдің энергия теңгеріміндегі АЭС электр энергиясының жалпы үлесі 12%-ды кұрайды.

Әділдікпен айта кету керек, 2035 жылға дейін болжамды тепе-теңдікті әзірлеу – елдің энергетикалық жүйесін дамытуды модельдеудің жалғыз әрекеті емес. Қазақстан Республикасының2060 жылға дейін көміртегі бейтараптығына қол жеткізу жөніндегі стратегияны (доктринаны) әзірлеу шеңберінде

«Жасыл даму» АҚ (ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымы) энергетикалық секторды модельдеуді жүргізді. Атап айтқанда, сол кезде Қазақстанның халықаралык, міндеттемелерінің орындалуы келесі модельдеу кұралдарының көмегімен бағаланды:

•   ТІМЕS (энергияны оңтайландыру моделі)

•   СGЕ (макроэкономикалық модель)

•   System Dynamics (көміртексіздендіру саясатына ең сезімтал салалар үшін 5 модуль салынды (ең алдымен, әлеуметтік-экономикалық салдарлар тұрғысынан));

•   ТІМЕS және System Dynamics басқа екі моделімен байланысатын (линктелетін) динамикалық СGЕ моделіне негізделген кіріктірілген модель.

2060 жылға дейін пайдаланылатын бастапқы отын-энергетикалык, ресурстардың түрлері бойынша электр энергиясын өндіру кұрылымының өзгеруін талдау атом энергиясы Қазақстанда 2060 жылға дейін бәсекеге қабілетсіз болып қалатынын және TIMES-те мо­дельдеу оны ұсынбайтынын көрсетті.

АЭС кұрылысына қатысты пікірлердің алшақтығы еліміздің азаматтары арасында ғана емес, сарапшылар, экономистер, энергетиктер деңгейінде де бар. Біздің ойымызша, мемлекеттік жоспарлау жүйесінде елдің электр энергетикасының дамуын орта мерзімді, сондай-ақ ұзақ мерзімді кезеңге болжамдау мәселесі бойынша әдістемеде, модельдеуде және есептеулерде айырмашылық болмауы тиіс. Энергетикалық теңгерімнің бірыңғай біріздендірілген моделін қабылдап, оны стратегиялык, кұжаттарға енгізу қажет.

Қазақстанда АЭС салу туралы мәселе төңірегінде ақпараттык, вакуумның болуын ескере отырып, қоғам 2 лагерьге бөлінді: қолдайтындар және қарсылар. АЭС кұрылысының бас қаһармандары - бұл, әдетте, электр энергетикасындағы ағымдағы жағдайды, еліміздің міндеттемелерін түсінетін және АЭС-те энергия жүйесі үшін «кұтқару» генерациясын көретін энергетик-сарапшылар. Экологтар мен біздің еліміздің қарапайым азаматтарынан тұратын қарсы қаһарман атом станциясының кұрылысы әкелетін денсаулык, пен қоршаған ортаға ықтимал қауіп-қатерді басшылыққа алады.

Бұл мәселеге Еуропалык, комиссияның атом да, газ да кірген таза энергия көздерін жіктеуді бекіту туралы шешімі алуды қиындатады және осы жобаларға қаржы тарту құнын арттырады. Бұл жердегі басты мәселе - Еуропа экономиканы «көгалдандыру» бойынша көшбасшы және әлемдегі АҚШ-тан кейінгі екінші экономика болып табылады. Сондықтан таза және лас экономиканың еуропалық жіктелуі әлемнің қалған бөлігі үшін алтын стандартқа айналуы мүмкін.

ҚР Энергетика министрлігінің ақпараты бойынша қазіргі уақытта 31 ел атом электр станцияларын пайдаланады. 2022 жылғы ақпандағы жағдай бойынша әлемде жалпы куаты шамамен 390 ГВт болатын 439 энергетикалык, ре­актор бар, әлемнің 19 елінде 52 реактор – құрылыс сатысында. Атом энергетикасы әлемдегі электр энергиясының жалпы генерациясынан 10%алады.

Қазақстанда АЭС салу бойынша мәселенің күрделілігін, екіұштылығын, пікірлердің поляризациясын ескере отырып, шешім қабылдау үшін неғұрлым қолайлы формат - бұл АЭС салу бойынша жалпыхалықтык, референдум өткізудеп санаймыз. Бұл ретте, қазірдің өзінде біздің мемлекеттік органдар еліміздің тұрғындарымен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуі қажет, алайда олар бұған әзірге дайын емес болып көрінеді. Әзірге АЭС салу мәселесі бойынша ақпараттық фонды Мемлекет басшысының ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу және уәкілетті мемлекеттік органдардың ұстанымын білдіру қажеттілігі туралы үндеуі мен осы мемлекеттік органдардың жағдаяттык, реакциясы алып отыр.

26.07.2024
Masdar және Endesa Испанияда ЖЭК бойынша 1,7 миллиард еуроға мәміле жасасу үшін күш біріктіреді
26.07.2024
Sweetch Energy компаниясы теңіз суынан 100% таза энергия өндіреді
25.07.2024
Арменияның күн энергиясы бес жыл ішінде нөлден 13%-ға дейін өсті
24.07.2024
Энергия үнемдегіш және стильді: инженер мөлдір күн панельдері бар терезе жасады
24.07.2024
Норвегия қуаты 40 МВт-тан 126 МВт-қа дейінгі алып қалқымалы жел турбинасын іске қосады
24.07.2024
Ойын ережелерін өзгертетін жаңалық: Қытай ғалымдары перовскит күн элементтерінде «құпия» құрылымды анықтады
23.07.2024
Қазақстанда 2024 жылдың I жартыжылдығында электр энергиясын өндірудегі ЖЭК үлесі 6,5%-ды құрады
23.07.2024
Қазақстан мен АҚШ арасындағы Стратегиялық энергетикалық диалог аясында жұмыс тобының отырысы өтті
23.07.2024
Қазақстан Әзірбайжан арқылы Еуропаға «жасыл» энергия жеткізеді
23.07.2024
Жаңартылатын жел энергетикасы АҚШ-та көмір энергетикасын ығыстыруда
22.07.2024
Жаңа қытайлық шағын дрон күн жарқырап тұрғанда ұшуға қабілетті
22.07.2024
ХЭА: Әлемдік электрмен жабдықтауда ЖЭК үлесі 2025 жылы 35% құрайды
22.07.2024
Бразилия электр генерациясы құрылымында ЖЭК үлесі бойынша G20 көшбасшысы болды
19.07.2024
Жамбыл облысы ЖЭК қуаты бойынша республикада көш басында
19.07.2024
Қытайда әлемдегі алғашқы қос мұнаралы күн шоғырландырушы электр станциясы салынады
19.07.2024
2023 жылы әлем ЖЭК-тен электр энергиясын өндіру бойынша жылдық рекордын жаңартты
19.07.2024
Ұзындығы 4300 км кабель күн энергиясын Австралиядан Сингапурға береді
18.07.2024
ЕО тұрақты, қауіпсіз және интеллектуалды көлік инфрақұрылымына рекордтық €7 млрд инвестициялайды
18.07.2024
China Southern Power Grid Өзбекстанда ACWA Power жобаларының бірлескен инвесторы болады
18.07.2024
Алматыда күн панельдерін шығаратын зауыт салынады