Сарапшылардың пікірі

Сарапшылардың пікірі21.12.2022

Шағын масштабты ЖЭК объектілері негізінде микрогенерацияны дамытудың жаңа тренді

Дүйсенбай Турганов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты

Қазіргі уақытта энергетика ны орталықсыздандырудың әлемдік тренді байқалады. Бұл үрдістің дамуына технологияларды жетілдіру, қаржылық мүмкіндіктер мен түрлі ынталандыру бағдарламаларының қолжетімділігі, сондай-ақ халықтың экология мәселелерінде хабардар болуы ықпал етеді.

Халықаралық энергетикалық агенттіктің мәліметі бойынша, 2018 жылы әлемде үй қондырғыларының (бірлік қуаты 10 кВт-қа дейінгі шатырлы күн қондырғылары)жалпы белгіленген қуаты 58 ГВт* деңгейіне жетті және 2024 жылға қарай бүл көрсеткіш 2,5 есеге артады деп жоспарлануда.

Бірінші кезекте үй шаруашылықтары мен шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өз мұқтаждарын қамтамасыз ету үшін қолданылатын шағын ауқымды ЖЭК объектілері негізінде бөлінген генерацияны (микрогенерацияны) дамыту елдің энергия қауіпсіздігіне қол жеткізуге Париж келісімі бойынша қабылданған міндеттемелер шеңберінде СО2 шығарындыларын қысқартуға ғана емес, сонымен қатар азаматтардың, әсіресе ауылдық жерлерде тұрғын үйлердегі жайлылық деңгейін жақсартуға ықпал етеді. Сонымен, әр түрлі ЖЭК технологияларын күн панельдерін, гелиоколлекторларды, жылу сорғыларын, сабанмен жүмыс істейтін қазандықтарды (Солтүстік Қазақстан облысында 100-ден астам бірлік сәтті пайдаланылуда) пайдалануға болады.

Мемлекет ЖЭК пайдалануды кеңейтубағытын қабылдап, шығарындыларды азайту жөніндегі халықаралық міндеттемелерді қабылдай отырып, ЖЭК саласындағы салыстырмалы түрде ірі коммерциялық жобаларды дамытуға бағдар алды. Алайда, ЖЭК шағын масштабты объектілерінің секторы іс жүзінде тиісті құқықтық реттеусіз және тиісінше қолдау схемаларынсыз қалды, бүл, бір жағынан, дамы маған реттеуші базамен, екінші жағынан, шағын масштабты объектілерді желіге интеграциялау бөлігінде артық бюрократиялық кедергілермен байланысты.

Коммерциялық және өнеркәсіптік, сондай-ақ үй шаруашылықтарына арналған қондырғылардың орталықтандырылмаған жүйелерінің жалпы белгіленген қуатын арттыру бойынша тұрақты үрдіс қалыптасқаны анық.

Тұтынушылар үшін шағын көлемді жобаларды пайдалану көптеген жағымды нәтижелерге ие екенін атап өткен жөн. Біріншіден, пайдаланған кезде өндірілетін электр энергиясының құны энергия тасымалдаушылардың құнына тәуелді болмайды. Екіншіден, энергияны тұтынуды азайту, нәтижесінде орта жәнеұзақ мерзімді перспективада ресурстарды үнемдеу. Үшіншіден, тұру жайлылығы мен өрт қауіпсіздігін жақсарту.

Осыған байланысты, Мемлекет басшысы 2021 жылғы 26 мамырдағы электр энергетикасы саласын дамыту жөніндегі кеңесте шағын ауқымды ЖЭК секторын дамыту жөнінде тапсырмалар берді. Осы тапсырманы іске асыру үшін мен депутаттық бастаманың негізінде жаңартылатын энергия көздерін, электр энергетикасын және табиғи монополияларды пайдалануды қолдау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына түзетулер енгізуге бастамашы болдым.

Заңнамаға осы түзетулер мыналарды көздейді:

•         Шағын ауқымды ЖЭКжобасы үғымын енгізу;

•         Таза тұтынушыларды энергия өндіруші ұйымдардың қызметін реттейтін нормалардыңәрекетінен босату;

•         Шағын ауқымды ЖЭК объектілерін орнату және осындай объектілермен энергия өндіру кезінде таза тұтынушыларға жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеуге мүмкіндік беру;

•         Атаулы көмек түріндегі қолдау тетігін кеңейту;

•         Шағын ауқымды ЖЭК-ті желілерге қосу, өндірілетін электр энергиясын есепке алу, электр энергиясын сатып алу және т.б. бөлігінде таза тұтынушылар мен энергия беруші және энергиямен жабдықтаушы ұйымдар арасындағы өзара қарым-қатынастарды реттеу;

•         Уәкілетті мемлекеттік орган мен жергілікті атқарушы органдарға шағын ауқымды ЖЭК қосу және олардың жүмыс істеуіне мониторинг жүргізу мәселелерін реттеу үшін қүзыретберу.

Әрине, электр/жылу энергиясы құнының ағымдағы деңгейінде мұндай жүйелерді пайдалану арнайы қолдау шараларынсыз экономикалық тұрғыдан тиімді емес, бірақ орта мерзімді перспективада бұл жүйелерді қолдану барынша орынды болады.

Осылайша, заңнамалық актілерге ұсынылған өзгерістер жаңартылатын энергия көздерін ел халқы арасында танымал етугежәне оларды кеңінен қолдануға ықпал ететін шағын ауқымды ЖЭК жобалары секторының дамуына ықпал етеді деп санаймын.

14.04.2026
Алжир 400 МВт болатын екі күн электр станциясын іске қосты
14.04.2026
KOREM жел және күн станциялары бойынша сәуірде төрт аукцион өткізеді
14.04.2026
ЖЭК энергетикалық дағдарысқа жауап: IRENA елдерге іс-әрекеттер жоспарын ұсынады
14.04.2026
Қазақстанда ЖЭК өндірісі 2026 жылдың бірінші тоқсанында 15%-ға өсті
14.04.2026
Қазақстан Climatescope таза энергетикаға инвестиция әлемдік рейтингіндегі позициясын жақсартты
13.04.2026
Қазақстан мен Қытай бірлескен Сутегі технологиялары орталығын іске қосты
13.04.2026
Швейцария әлемдегі ең қуатты редокс-ағынды батареясын құрап жатыр
09.04.2026
Ұлыбритания елдегі ең ірі КЭС құрылысын мақұлдады
09.04.2026
Sonnedix Италияда ірі күн энергиясы келісімшарттарын жеңіп алды
09.04.2026
Қытайлық компания Лаостың таулы аймағында 1000 МВт-ға КЭС-ті іске қосты
09.04.2026
Қазақстан Сенаты энергияны Еуропаға экспорттауға арналған құжатты мақұлдады
08.04.2026
Zayed Sustainability Prize өтінімдерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды
08.04.2026
Әзірбайжандағы «жасыл энергияның» күнделікті үлесі 29%-дан асты
08.04.2026
Тәжікстанда 250 МВт күн электр станциясы салынады
08.04.2026
Тибетте ең биік таулы күн электр станциясы салынуда
08.04.2026
ЖЭК инвесторлары Қырғызстанда энергия жинақтағыштарды орнатуға міндеттелді
07.04.2026
Нидерландыда алғашқы перовскитті күн тақтайшасын әзірледі
07.04.2026
Мексикада жинақтағыштары бар 900 МВт екі күн жобасы жүзеге асырылуда
07.04.2026
Әділетті энергоауысым: Қазақстан Орталық Азияның инвестициялық даму векторын айқындауда
07.04.2026
Дубайда саябақтар мен жағажайларда 600 электромобильді зарядтау станциясы орнатылады