Сала жаңалықтары08.12.2025
Хартия - жаңартылатын энергия көздері саласының іскерлік қоғамдастығынан Қазақстан Республикасының Үкіметіне үндеу

(Ақтау қаласында 2025 жылғы 12-13 қыркүйекте өткен Qazaq Green Fest ЖЭК бойынша IV халықаралық іскерлік фестивалінің нәтижелері бойынша)
ЖАҢАРТЫЛАТЫН ЭНЕРГИЯ КӨЗДЕРІ (БҰДАН ӘРІ - ЖЭК) САЛАСЫНЫҢ ІСКЕРЛІК ҚОҒАМДАСТЫҒЫ ҚР ПРЕЗИДЕНТІ Қ.К. ТОҚАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖАСЫЛ ЭКОНОМИКАҒА КӨШУІ ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫ ДАМУ ЖӨНІНДЕГІ БАСТАМАЛАРЫН ҚОЛДАЙДЫ.
Қазақстан Республикасы 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу мақсатына бейілділігін мәлімдегені белгілі. 2023 жылғы ақпанда Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының көміртегі бейтараптығына қол жеткізуінің 2060 жылға дейінгі стратегиясына қол қойды. Париж келісімі аясында ел парникттік газдар шығарындыларын 15%-ға сөзсіз азайту, сондай-ақ 2030 жылға қарай 1990 жылғы деңгейден 25%-ға шартты қысқарту (халықаралық қолдау жағдайында) түріндегі өз үлесін мәлімдеді.
Бүгінгі таңда Қазақстан қоғамы еліміздің экологиялық болашағы мен ұлт саулығы үшін үлкен жауапкершілікті мойындайды. Барлық қойылған мақсаттарға қол жеткізу құралдарының бірі ЖЭК технологияларын енгізу болып табылады. Бұл ретте, қазіргі уақытта «жасыл» энергетика саласында 300-ден астам бизнес өкілдерін жинаған Qazaq Green Fest IV халықаралық іскерлік фестивалінде егжей-тегжейлі талқыланған Қазақстан нарығында ЖЭК-ті дамытудың тежеуші факторлары бар, фестиваль нәтижелері бойынша іскерлік қоғамдастық уәкілетті мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін келесі ұсыныстарды жібереді.
1. ЖЭК ТІКЕЛЕЙ КЕЛІСІМШАРТТАРЫН ДАМЫТУ
ЖЭК нарығын дамыту құралдарының бірі ЖЭК бойынша РРА екіжақты келісімшарттар сегменті болып табылады, онда өнеркәсіптік кәсіпорын өзінің көміртегі ізін азайту үшін ЖЭК генераторымен «жасыл» электр энергиясын сатып алу бойынша тікелей келісімшарт жасасады. Сарапшылардың пікірінше, бұл сегменттің болашағы зор, өйткені экономиканың нақты секторындағы компаниялардың көпшілігі корпоративтік деңгейде өндірістік процестерді көміртексіздендіруге бағытталған стратегияларды қабылдады.
Жалпы, екіжақты келісімшарттар нарығы ЖЭК аукциондық сауда нарығынан әлдеқайда үлкен болуы мүмкін және сектордың одан әрі дамуына серпін беретін драйверге айнала алады, және бұл ретте бұл тұрғындар мен кәсіпкерлік үшін тарифтердің өсуіне әсер етпейді, өйткені «жасыл» электр энергиясы үшін өнеркәсіптік тұтынушы тікелей төлем жүргізеді.
Бүгінгі таңда «Баламалы энергия көздерін дамыту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы шеңберінде осы сегментті одан әрі дамыту жөнінде шаралар ұсынылды, атап айтқанда, «тікелей шарт» және «жасыл энергияны тікелей тұтынушы» ұғымдары енгізілуде.
Сонымен қатар, осы сегмент үшін ең өзекті проблемалардың бірі - тікелей тұтынушының болашақта қандай да бір объективті себептерге байланысты ЖЭК нысанымен тікелей шарттан бас тарту қаупі, өйткені олардың келісімдері іс жүзінде В2В шеңберіндегі азаматтық-құқықтық мәміле болып табылады. Қаржылық дефолттарды болдырмау үшін ЖЭК объектілерінен электр энергиясын сатып алу жөніндегі міндеттемелерді ұзақ мерзімді орындау қағидаты маңызды болып табылатын қаржы институттары да осы проблема туралы айтады.
Осы орайда заң жобасында мұндай жағдайларда осындай жобаларды Бірыңғай сатып алушымен шартқа көшіру тетігі көзделген. Бұл ретте мұндай жоба келесі шарттарды сақтауы керек:
- энергия өндіруші ұйым жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардың тізбесінде бар;
- тікелей шарттар бойынша жеткізу басталған күннен бастап жасыл энергияның тікелей тұтынушыларына кемінде отыз алты ай өтті;
- жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымның белгіленген куатының кемінде 30 (отыз) пайызы көлемінде реттеуші куаттың құрылысы қамтамасыз етілуі тиіс, бұл куат жүйелік оператордың электр куатын автоматты реттеу жүйесіне қосылуы қажет.
- энергия беруші ұйым (желілеріне жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйым қосылған) және (немесе) жүйелік оператор тарапынан Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикалық жүйесі жұмысының сенімділігіне нұқсан келтірместен электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға электр энергиясын өткізудің техникалық мүмкіндігінің болуы туралы растамалар беру;
- электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға электр энергиясын жеткізу схемасының өзгеруіне байланысты энергия беруші ұйым (желілеріне жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйым қосылған) және (немесе) жүйелік оператор бұрын берген техникалық шарттарды қайта келісу.
ҚР Заңының жобасы тікелей шарттар жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымның электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға жүгіну күнінің алдындағы соңғы отыз алты ай ішінде аукциондық сауда-саттықта қалыптасқан аукциондық бағаның ең аз мөлшеріне тең баға бойынша электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға өндірілетін электр энергиясын өткізуге ауысуға құқылы деп болжайды.
Бұл ретте мұндай жобаларға тұтыну бағалары индексінің өзгеруіне бағаны индекстеу тетігін ғана қолдану көзделеді. Ал тікелей шарт Бірыңғай сатып алушымен жасалған шартқа ауысқан кезде шарттың мерзімі объектіні пайдалануға берген сәттен бастап электр энергиясын бірыңғай сатып алушымен сатып алу-сату шарты жасалған күнге дейінгі өткен мерзім шегеріле отырып айқындалады. Бірыңғай сатып алушымен шартқа көшкен жағдайда мұндай жобаларға басым диспетчерлеуде қолданылмайды.
Айта кету керек, ауысу кезінде аукциондық баға индикаторы маңызды емес болуы мүмкін - іс жүзінде аукциондық бағасы ең төмен компаниялар РРА-келісімшарттарға қол қоймаған және аукциондарға қатысуды қаржылық қамтамасыз етуді жоғалтқан жағдайлар бар. Осыған байланысты, ең әділетті тәсіл соңғы 3 жылда пайдалануға берілген жобалар бойынша ең төмен аукциондық бағаларды ескеру немесе уәкілетті мемлекеттік орган нарықтағы конъюнктураны ескере отырып, ЖЭК технологияларының түрлері бойынша бірыңғай тарифті айқындайтын тәсілді қарастыру болады.
ҚР Энергетика министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, елдің ұйымдары мен кәсіпорындарын көміртексіздендіру жөніндегі жоспарларды негізге ала отырып, ЖЭК тікелей келісімшарттары сегментінің даму әлеуетін бағалауды жүргізу қажет. Бұл жұмыс ЖЭК дамыту бойынша стратегиялық мақсаттарды түзетуге көмектеседі.
Қазақстан Республикасының Үкіметінен көміртегі бейтараптығына қол жеткізу мақсатында ел экономикасының нақты секторының энергия ауысуын ынталандыруға бағытталған осы бастамаларды қарауды және қолдауды сұраймыз.
2. ЖЭК ҮШІН БАСЫМ ДИСПЕТЧЕРЛЕУДІҢ КҮШІН ЖОЮ
2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ҚР БЭЖ-де жалпы белгіленген қуаты 3037 МВт болатын 156 ЖЭК нысаны пайдалануға берілді. Сонымен қатар, алдағы жылдары іске қосу үшін жеткілікті үлкен ЖЭК көлемі жоспарланған. Мысалы, 2023-2027 жылдарға арналған ЖЭК жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттық жоспарына сәйкес 6,7 ГВт ЖЭК куатын енгізу көзделген. Үкіметаралық келісімдер шеңберінде 2035 жылға дейін электр энергетикасы саласын дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес ірі инвесторлармен 5 ГВт ЖЭК қуатын іске қосу жоспарланған.
«KEGOC» АҚ жүйелік операторының пікірінше, Қазақстан Республикасының Бірыңғай электр энергетикалық жүйесіндегі реттеуші куаттың тапшылығын ескере отырып, авариялық бұзушылықтарды жою кезеңдерінде ЖЭК базасында генерациялау үшін тәуліктік кестелерді қалыптастыру кезінде және Қазақстанның бірыңғай электр энергетикалық жүйесінің тұрақты жұмысын сақтауды қамтамасыз ету қажет болған жағдайларда басымдықтарды алып тастау талап етіледі.
«KEGOC» АҚ, өз кезегінде, «Баламалы энергия көздерін дамыту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына түзетулер дайындады, олар мыналарды көздейді.
Энергия беруші ұйымдардың электр желілерінің өткізу қабілеті шектелген жағдайда, жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйым өндірген электр энергиясын беруге басымдық берілуі тиіс. Бұл талап:
- жүйелік оператордың Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикалық жүйесіндегі авариялық бұзушылықтарды жою кезеңдеріне;
- техникалық және технологиялық минимумдарға қол жеткізуге байланысты дәстүрлі электр станцияларында генерацияны төмендету мүмкін болмаған және Қазақстанның бірыңғай электр энергетикалық жүйесінде немесе оның жекелеген бөліктерінде теңгерімдік сенімділікті жоғалту қаупі болған жағдайларда қолданылмайды.
ЖЭК іскерлік қоғамдастығы Қазақстан Республикасының энергия жүйесінің алдында тұрған сын-тегеуріндерді түсіне отырып, ҚР Энергетика министрлігінің назарын мынадай шарттарды сақтау қажеттігіне аударады:
- Басым диспетчерлеудің күшін жою басым диспетчерлеудің күші жойылған күшіне енгенге дейін Бірыңғай сатып алушыда РРА-келісімшарттар жасасқан ЖЭК жобаларын қозғамауы тиіс;
- Басым диспетчерлеудің күші жойылған жағдайда ҚР Энергетика министрлігі инвесторлардың ықтимал қаржылық шығындарын әділ өтеудің нақты шаралары мен тетіктерін ұсынуы тиіс. Егер ЖЭК генерациясы диспетчердің шешімімен шектелсе, өтемақы төленуі керек (mechanism of curtailment compensation), өйткені бұл жобалардың өтелуіне әсер етеді. Бұл Германия немесе Ұлыбритания сияқты ЖЭК нарығы дамыған елдерде стандартты тәжірибе;
- Көміртегі бейтараптығына қол жеткізу жөніндегі мемлекеттік саясатты ескере отырып, ЖЭК шектеулері жағдайында, тәуліктік кестелерді қалыптастыру кезінде дәстүрлі отынмен жұмыс істейтін қондырғылардың техникалық қажетті минимумға дейін азайтылуын қамтамасыз ету қажет. Егер көмір немесе газ генерациясы сыни жүктемені немесе резервті көтермесе, ол ЖЭК-пен тең шектелуі тиіс.
- Шығарындыларды азайту және климаттық стратегияларды жүзеге асыру бойынша міндеттемелер жағдайында (мысалы, Париж келісімі, Көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясы) энергиямен жабдықтаудың сенімділігіне қауіп төндіретін жағдайларды қоспағанда, таза энергия әлі де басымдыққа ие болуы керек. Шектеулер қажет болса да, олар уақытша болуы керек, себептерді жоюдың нақты жоспары бар (мысалы, икемділіктің болмауы, желінің шамадан тыс жүктелуі).
- Электр энергиясын өндіру мен тұтынудың тәуліктік кестелерін қалыптастыру кезінде басымдық тек техникалық параметрлермен ғана емес, сонымен қатар экономикалық орындылық көрсеткіштерімен де шартталуы керек. Энергетика нарықтық тетіктермен көбірек интеграциялануда, сондықтан экономикалық орындылық басымдықтың маңызды өлшеміне айналуда. Бұл кестеге қатысу үшін белгілі бір генерatorларды таңдау электр энергиясын өндіру құнын, нарықтағы сұранысты, тарифтік мөлшерлемелерді, өтемақыларды және басқа қаржылық аспектілерді ескеруі керек дегенді білдіреді.
- Электр генерациялайтын қондырғыларды диспетчерлеу кезінде жүйелік оператор ашық және кемсітпейтін критерийлер негізінде ұлттық электр энергетикалық жүйені қауіпсіз пайдалануға рұқсат етілген шамада жаңартылатын энергия пайдаланатын генерациялайтын қондырғыларға басымдық беруі тиіс.
- Болашақта ЖЭК объектілеріне шектеулерді қолдану жөніндегі жоспарлар болған жағдайда, жүйелік оператор коммуникацияның ашықтығы мен тиісті деңгейін қамтамасыз ететін қағидаларды әзірлеуі қажет: шектеулер туралы шешімдер жария болуы, жақсы түсіндірілуі және жүйелік оператор әрбір инвесторға хабарлауы және шектен тыс шараны (себептер, көлемдер, қолданылу аймақтары, есептік деректер) көрсетуі тиіс. Бұл нарық қатысушыларының сенімін арттырады және инвесторлар үшін тәуекелдерді азайтады. ЖЭК-девелоперлер мен операторлар олардың генерациясының неліктен шектелетінін түсініп, мұндай әрекеттерге қарсы тұра алуы керек.
- ЖЭК генерациясының түрлері бойынша (КЭС, ЖЭС, ГЭС) пайыздық қатынаста ықтимал шектеулер бойынша нақты көрсеткіштер көрсетілуі тиіс;
- ЖЭК жобаларын іріктеу бойынша аукциондарға қатысатын инвесторларға өздерінің қаржылық модельдеріндегі шектеулер бойынша көрсеткіштерді көздеуге және аукциондарда тарифтерді қалыптастыру кезінде ескеруге мүмкіндік берілуі тиіс;
- ЖЭК шектеулері бойынша ұзақ мерзімді жоспарлардың орнына мыналарға назар аудару қажет: энергияны жинақтау жүйелерін (BESS) дамытуға, икемді куаттарды (БГҚ, ГТҚ) салу, сұранысты басқаруды ынталандыру (demand response), «ақылды» желілерді (Smart Grid) дамыту. ЖЭК шектеулері жаңа норма емес, тек уақытша құрал болуы керек және тек ерекше жағдайларда ғана қолданылуы керек (мысалы, апаттарды жою кезендері және т.б.).
Жоғарыда айтылғандарға байланысты ЖЭК іскерлік қоғамдастығы ЖЭК-тің басым диспетчерленуін жою жаңартылатын энергетиканың дамуына, сектордың инвестициялық тартымдылығына және энергетикалық ауысу мақсаттарына елеулі нұқсан келтіруі мүмкін екенін атап өтті. Біржақты шектеулердің орнына теңгерімді диспетчерлеу саясатын құру, желідегі проблемалардың түпкі себептерін жою, шешімдердің ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету, желіні басқаруға ЖЭК объектілерін тарту ынталандыру қажет.
3. ЖЭК ОБЪЕКТІЛЕРІНІҢ БІРЫҢҒАЙ САТЫП АЛУШЫ ЖӘНЕ ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫНЫҢ ТЕҢГЕРІМДЕУШІ НАРЫҒЫ ШЕҢБЕРІНДЕ НАҚТЫ УАҚЫТ РЕЖИМІНДЕ ЖҰМЫСЫ
2023 жылғы 1 шілдеден кейін электр энергиясын бірыңғай сатып алушымен электр энергиясын сатып алу-сатудың ұзақ мерзімді шартын жасасқан, жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар үшін Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеу қағидаларының 132-тармағының қолданыстағы редакциясына сәйкес (ҚР Энергетика министрінің 28.03.2025 жылғы № 141-н/қ бұйрығының редакциясында) көтеру және төмендету коэффициенттері тиісінше 1,3 және 0,7 мөлшерінде айқындалды.
Бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң, яғни 2025 жылғы 12 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді (ресми жарияланған күні - 2025 жылғы 2 сәуір). Осылайша, осы бұйрықтың ережелері 2023 жылғы 1 шілдеден бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады және 2023 және 2024 жылдары өткен ЖЭК жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттық қорытындылары бойынша жасалған электр энергиясын бірыңғай сатып алушымен электр энергиясын сатып алу-сату шарттарын қозғайды.
Айта кету керек, 2023 және 2024 жылдары аукциондық сауда-саттықты өткізу сәтінде қолданыста болған Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеу қағидаларының 132-тармағына сәйкес, қаржы-есеп айырысу орталығымен электр энергиясын сатып алу-сатудың ұзақ мерзімді шартын жасасқан жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар үшін осы тармақтың екінші және үшінші бөлігінде көрсетілген коэффициенттердің мәні осы шарттардың қолданылу кезеңіне 1-ге теңестіріледі.
Осылайша, бұйрыққа сәйкес қабылданған жаңа нормалар ол күшіне енгенге дейін туындаған құқықтық қатынастарды қозғайды және электр энергиясын бірыңғай сатып алушымен жасалған электр энергиясын сатып алу-сату шарттары бойынша инвесторлар үшін жағдайларды едәуір нашарлатады.
2023 жылы аукциондарда ойнатылған ЖЭК жобаларының белгіленген қуаты 860 МВт, ал 2024 жылы - 1270 МВт құрады. 2023 және 2024 жылдары осы аукциондардың қорытындылары бойынша ағымдағы ЖЭК жобаларын іске асыратын барлық инвесторлардың Министрлік 2025 жылы бұйрыққа сәйкес енгізген жоғарылату және төмендету коэффициенттері бойынша нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер көздеу мүмкіндігі болмады.
Сондықтан қазіргі уақытта салынып жатқан 2 ГВт-тан астам ЖЭК куаты тәуекел аймағында және электр энергиясын өндіру мен жеткізу басталған сәттен бастап жобаларға салынған инвестицияларды қайтаруды жүзеге асыруды бастамай, қаржылық дефолттарға тап болудың нақты тәуекелдері бар.
«Құқықтық актілер туралы» ҚР Заңының 43-бабына сәйкес нормативтік құқықтық актінің күші ол қолданысқа енгізілгенге дейін туындаған қатынастарға қолданылмайды, бұдан басқа, азаматтарға жаңа міндеттер жүктейтін немесе олардың жағдайын нашарлататын заңнаманың кері күші болмайды.
ҚР Энергетика министрінің 28.03.2025 жылғы № 141-н/қ бұйрығына сәйкес қабылданған нормалар ол қолданысқа енгізілгенге дейін туындаған қатынастарға қолданылатындықтан, сондай-ақ инвесторлардың жағдайын едәуір нашарлататындықтан, жоғарыда көрсетілген бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін, яғни 2025 жылғы 12 сәуірден кейін өткен аукциондық сауда-саттық қорытындылары бойынша іріктелген ЖЭК жобаларына жоғарылату және төмендету коэффициенттерінің жаңа мәндерін тарату бөлігінде бұйрыққа өзгерістер енгізу қажет.
ҚР Энергетика министрлігінің 17.06.2025 жылғы №05-20/10665 бұйрығына сәйкес, жоғарыда көрсетілген өзгерістер күшіне енгенге дейін жасалған электр энергиясын бірыңғай сатып алушымен бұрын жасалған электр энергиясын сатып алу-сату шарттары бойынша жоғарылату және төмендету коэффициенттерін қолдану бөлігіндегі (тиісінше 1,3 және 0,7) ережелер қолдануға жатпайды.
Алайда, «ЖЭК бойынша қаржы-есеп айырысу орталығы» ЖШС 2023 жылғы 1 шілдеден кейін РРА-келісімшарттар жасасқан жобаларға жаңа коэффициенттерді қолданатынын назарға ала отырып, қолданыстағы құқықтық коллизияны жою мақсатында НҚА-ға өзгерістер енгізу қажет.
ҚР Энергетика министрлігінен Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеу қағидаларына қажетті өзгерістер енгізуді және тиісті Қағидалар қолданысқа енгізілгеннен кейін РРА-келісімшарттарға қол қоятын жаңа ЖЭК жобалары үшін ғана жаңа коэффициенттерді (тиісінше 1,3 және 0,7) қолдануды таратуды сұраймыз.
4. ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫ МЕН ҚУАТЫНЫҢ БОЛЖАМДЫ ТЕҢГЕРІМДЕРІН ӘЗІРЛЕУДІ ЖЕТІЛДІРУ
Электр энергиясы мен куатының болжамды теңгерімдерін ресми жариялау саланы, оның ішінде ЖЭК енгізу бөлігінде дамытуды тиімді жоспарлау үшін қажетті шарт болып табылады. Әрбір жобаны интеграциялау және егжей-тегжейлі пысықтау өңірлік деңгейде жүзеге асырылады.
Бекітілген болжамды балансгарды тек аймақтар бойынша бөлуде облыстар бойынша егжей-тегжейлі жариялау жеткіліксіз, өйткені ол генерацияның дамуын сапалы жоспарлауға, электр желілерін салу және нығайту қажеттілігін бағалауға мүмкіндік бермейді, жобалардың қуат беру схемаларын әзірлеу және келісу процестерін қиындатады және кешіктіреді.
Болжамды балансгарды әзірлеуді жетілдіру мақсатында ҚР Энергетика министрлігінен Электр энергиясы мен қуатының болжамды теңгерімдерін әзірлеу қағидаларына (Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2021 жылғы 29 сәуірдегі № 151 бұйрығымен енгізілген өзгерістерді ескере отырып, 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 687 бұйрығы) тек энергетикалық жүйенің аймақтары бойынша ғана емес, сондай-ақ облыстар бойынша да бөле отырып өзгерістер енгізуді сұраймыз.
Сондай-ақ жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау ретінде Бірыңғай сатып алушы сатып алатын ЖЭК электр энергиясының көлемі мен бағасын дұрыс ұзақ мерзімді болжау үшін ҚР Энергетика министрлігінен «ЖЭК бойынша ҚЕАО» ЖШС-мен бірлесіп, нақты атауын, географиялық орналасуын, белгіленген куатын, аукциондық бағасын немесе белгіленген тарифті көрсете отырып, өткен кезеңдер үшін индекстеумен және болжаммен, пайдалануға берілген сәттен бастап өткен кезеңдер үшін нақты өндірумен және босатумен барлық ЖЭК электр станцияларының (қолданыстағы және перспективалы) бірыңғай жалпыға қолжетімді деректер қорын құруды, жыл сайын жаңартуды, қолдауды және жариялауды сұраймыз.
Бизнес пен электр энергиясын тұтынушылардың мүдделерін болжау және есепке алу процесінің ашықтығын қамтамасыз ету, сондай-ақ сұраныс болжамдарының артуына жол бермеу және соның салдарынан өндіруші қуаттарға қажеттіліктің негізсіз ұлғаюы үшін бизнес-қауымдастықтар мен салалық бірлестіктердің (оның ішінде «Атамекен» ҚР ҰКП, «Qazaq Green» ЖЭК қауымдастығы, Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығы, KAZENERGY қауымдастығы, тау-кен өндіру және тау-кен металлургия кәсіпорындарының республикалық қауымдастығы және т.б.) болжамды теңгерімдерді бекіту кезінде міндетті келісуші ретінде қатысуын көздеу ұсынылады.
5. ӨНДІРІСТІК БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ ТАЛАПТАРДЫ ЖЭК ОБЪЕКТІЛЕРІНЕ ЖАТҚЫЗУ
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2024 жылғы 30 қазандағы № 385 бұйрығымен Өндірістік бақылау туралы үлгілік ережелер (бұдан әрі - Ережелер) бекітілді. Осы Ережелер электр энергетикасы және жылу энергетикасы салаларында өндірістік бақылауды жүзеге асыру кезінде энергия өндіруші, энергия беруші ұйымға, жүйелік операторға, жылу өндіруші және жылу тасымалдаушы субъектілерге орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесінде жәрдемдесу мақсатында әзірленді.
Бұдан басқа, Ережелер ұйымның штаттық құрылымында мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесінің келісімі бойынша өндірістік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамды біліктілік талаптарына, жұмыс тәжірибесіне және құрылымдық бөлімше басшысынан төмен емес атқаратын лауазымына сәйкестігі бөлігінде тағайындауды көздейді.
«Электр энергетикасы туралы» ҚР Заңының 6-9-бабының 3-тармағына сәйкес энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдар және жүйелік оператор өндірістік бақылау туралы ережені әзірлейді. Айта кету қажет, «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» ҚР Заңына сәйкес жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйым - таза тұтынушыларды қоспағанда жаңартылатын энергия көздерін пайдалана отырып, электр және (немесе) жылу энергиясын өндіруді жүзеге асыратын заңды тұлға.
Осының негізінде «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» ҚР Заңына сәйкес айқындалатын жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар «Электр энергетикасы туралы» ҚР Заңына сәйкес айқындалған энергия өндіруші ұйымдарға жатпайды деген қорытынды жасауға болады.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінен ЖЭК пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар үшін өндірістік бақылау жөніндегі талаптарды қолданбау туралы тапсырма беруін сұраймыз.
Персонал санының, әсіресе ЖЭК секторында шектеулі болуына және белгілі бір міндеттерді орындау үшін жеке штат бірлігін бөлу мүмкіндігінің болмауына байланысты ЖЭК объектілеріне өндірістік бақылау жөніндегі талаптарды таратпау бөлігінде ережеге өзгерістер енгізу мүмкіндігін қарастыруды сұраймыз.
6. ЖЭК ҮШІН ЖЕРГІЛІКТІ ҚАМТУДЫ ҚОЛДАУ
Жаңартылатын энергия көздері секторы үшін жергілікті қамтуды дамыту мәселесі ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Мемлекет басшысы 2021 жылғы 26 мамырдағы электр энергетикасы және жаңартылатын энергия көздері саласын дамыту жөніндегі кеңесте ҚР Үкіметіне ЖЭК және тұтастай энергетиканың құрамдас бөліктері мен өзге де техникалық конструкцияларының өндірістерін оқшаулау жөніндегі ұсыныстар енгізуді тапсырды.
Бүгінгі таңда Қазақстанда ЖЭК секторында күн панельдерін, инверторларды, жел және гидроэнергетика үшін генерациялайтын жабдықтарды жеткізетін ірі шетелдік өндірушілер мен жабдықтарды жеткізушілер жұмыс істейді. Алайда, отандық өндірушілер, мысалы, күн энергиясы үшін металл конструкцияларды, кабель өнімдерін, трансформаторларды жеткізеді. Отандық кәсіпкерлер күн панельдерін өндіруді де жолға қоюға тырысуда. Жел энергетикасы үшін жабдықтар өндірісін оқшаулау процесі дамуда.
Сонымен қатар, жергілікті қамтудың дамуы аукциондық сауда-саттықтың жыл сайынғы көлеміне және ЖЭК куаттарын енгізуге тікелей байланысты. ҚР Энергетика министрінің «2023 жылға арналған аукциондық сауда-саттықты өткізу графигін және 2024-2027 жылдарға арналған аукциондық сауда-саттықты өткізу жоспарын бекіту туралы» 2023 жылғы 23 мамырдағы №187 бұйрығына сәйкес ЖЭК жобаларын іріктеу үшін айтарлықтай көлемдер жоспарланған. Осылайша, орта мерзімді перспективада ЖЭК куатын енгізу көлемін жоспарлау мүмкіндігі бар.
Жергілікті қамтуды дамытуды қолдау мақсатында ЖЭК іскерлік қоғамдастығы мынадай бастамаларды ұсынады:
- Қуаттылығы 3-тен 5 МВт-қа дейінгі ауқымдағы ЖЭК объектілерін салуға бір сатылы аукциондар өткізуді жоспарлау қажет. Бұл мұндай объектілерді қосуды арзандатады (мысалы, 10 кВ желісінде).
- Аукциондық құжаттамада аукцион жеңімпазының жиынтықтауыштар мен жабдықтарды отандық тауар өндірушілерден (ОТӨ) белгіленген мерзімде сатып алу міндеттемесін көздеу қажет. Бұл отандық кәсіпорындардың өніміне оның бәсекеге қабілеттілігі жағдайында сұранысты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
ҚР Энергетика министрлігінен НҚА-ға қажетті өзгерістер енгізуді және 2026 жылға арналған аукциондық құжаттамада жергілікті қамтуды енгізу бойынша талаптарды көздеуді сұраймыз.
7. ЭНЕРГИЯНЫ ЖИНАҚТАУ ЖҮЙЕЛЕРІН ДАМЫТУ
ESS энергетикалық қауіпсіздікті арттыруда шешуші рөл атқарады. Мұндай жүйелер электр желілерінің тұрақтылығы мен төзімділігін қолдайды, үйлерге, кәсіпорындарға (ауруханалар мен басқа да маңызды инфракұрылымды қоса алғанда) резервтік қуат беру әдісін ұсынады. Сондай-ақ, батареялар төтенше ауа-райынан немесе басқа ақаулардан туындаған төтенше жағдайлар кезінде маңызды қызмет көрсете алады.
2025 жылы Қазақстанның энергетикасындағы BESS жүйелерінің әлеуетін зерделеу және рөлін айқындау мақсатында «Qazaq Green» ЖЭК қауымдастығы Хуавей компаниясымен бірлесіп «ҚР БЭЖ-де BESS энергияны жинақтау жүйелерін қолдану» атты Ақ кітапты әзірледі.
Жүргізілген талдау қорытындылары бойынша энергияны жинақтау жүйелерін дамыту мынадай шаралар шеңберінде ұсынылады:
- Қуат нарығы арқылы энергияны сақтау жүйелерінің жобаларын іске асыру;
- «Энергетикалық төрелік» тетігін құру (ЭЖЖ зарядтау-разрядтау үшін әртүрлі баға сигналдары);
- Көмекші қызметтер нарығын дамыту (жиілікті, инерцияны және т.б. реттеу);
- Жүйелік оператордың қосалқы станцияларына қосыла отырып, энергияны сақтау жүйелерінің жобаларын іске асыру (Германиядағы grid boosters ұқсас);
- ЖЭК-тен энергияны жинақтау жүйелеріне арналған жеке аукциондар;
- Электр энергиясының бөлшек сауда нарығы шеңберінде үй шаруашылықтары мен бизнес деңгейінде «есептегіш артындағы» энергияны жинақтау жүйелерін ынталандыру.
Бүгінде ҚР Энергетика министрлігі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баламалы энергия көздерін дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы шеңберінде BESS жүйелерін іске асырудың қуат нарығы және энергетикалық төрелік сияқты тетіктерін іске қосуды жоспарлады.
Бұдан басқа, Қазақстан энергетикасы тарихында алғаш рет 2025 жылы белгіленген қуаты 1 ГВт және станцияның куаты туралы кемінде 30% энергияны жинақтау жүйелерімен жарақтандырылған ЖЭС жобасын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттық өткізілді.
Сонымен қатар, ҚР Энергетика министрлігі мен «KEGOC» АҚ жүйелік операторының назарын қосалқы қызметтер нарығын дамыту (жиілікті, инерцияны және т.б. реттеу), электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының әлеуетін пайдалану, «есептегіш артындағы» энергияны жинақтау жүйелерін ынталандыру қажеттігіне аударамыз.
8. ЖЭК ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ - ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ЖАБДЫҚТЫ ҚАЙТА ӨҢДЕУ ЖӘНЕ КӘДЕГЕ ЖАРАТУ
Қазақстанның энергия теңгеріміндегі жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) үлесінің өсуімен жаңа экологиялық және нормативтік-құқықтық міндет - пайдаланылған жабдықтарды, атап айтқанда күн панельдерін, жел генераторлары мен аккумуляторлық жүйелерді қауіпсіз қайта өңдеуді және кәдеге жаратуды қамтамасыз ету туындайды.
2014-2015 жылдары басталған өнеркәсіптік масштабтағы ЖЭК-объектілердің ауқымды іске қосылуы алдағы жылдары ел 20-25 жыл, ал кейбір жағдайларда одан да аз қызмет ету мерзімі бар жабдықтың бірінші буынының пайдаланудан шығу толқынына тап болатынын білдіреді.
Бүгінгі таңда Қазақстанда ЖЭК жабдығын қайта өңдеудің жүйелі тәжірибесі жоқ, негізгі ұғымдар, қайта өңдеуге және кәдеге жаратуға қойылатын талаптар, экологиялық қауіпсіздік өлшемшарттары бекітілмеген, жауапты нормативтік база жоқ. Бұл ластану мен қалдықтардың, соның ішінде құрамында қауіпті заттар бар жаңа көзінің пайда болу қаупін тудырады, әсіресе күн панельдерінде.
Көптеген елдерде ЖЭК пайдаланылған құрамдастарын қайта өңдеу қазірдің өзінде мемлекеттік саясаттың бір бөлігі болып табылады. Еуропалық одақта Электр және электронды жабдықтардың қалдықтары жөніндегі директиваға (WEEE) сәйкес күн панельдерін өндірушілер оларды құрастыру мен кәдеге жаратуды қамтамасыз етуге міндетті. Германия, Жапония, АҚШ және Оңтүстік Корея қайта өңдеу инфрақұрылымын құруға инвестиция салуда, панельдер мен турбиналардан шыны, кремний, сирек жер және түсті металдарды қайта өңдеу технологияларын әзірлеуде. Қытай күн панельдерінің ең ірі өндірушілерінің бірі ретінде «күн қалдықтары» мәселесін шешуге, соның ішінде тиісті техникалық стандарттар мен өндірушілерге қойылатын талаптарды әзірлеуге дайындалуда.
Осылайша, ЖЭК жабдықтарын қайта өңдеу мәселесі жаңартылатын энергетиканың тұрақты дамуының ажырамас бөлігі болып табылады. Осыған байланысты, осы мәселені «жасыл» энергетика және қалдықтарды тұрақты басқару саласындағы мемлекеттік саясаттың күн тәртібіне енгізуді ұсынамыз, осылайша жабдықтың экологиялық қауіпсіздігі мен өмірлік циклінің тұйықталуын қамтамасыз етеміз.
Бірінші кезеңде ірі белгіленген ЖЭК куаты бар елдердің (Қытай, Еуропалық одақ, АҚШ, Үндістан және т.б.) үздік халықаралық тәжірибелерін егжей-тегжейлі зерделеу қажет.
Екінші кезеңде:
- осы тәжірибені Қазақстанның экологиялық және энергетикалық заңнамасына бейімдеу және қолдану (оның ішінде ЖЭК жабдығын қайта өңдеу, кәдеге жарату және қайта пайдалану анықтамаларын енгізу);
- ЖЭК құрамдастарын қайта өңдеудің техникалық регламенттері мен стандарттарын (қауіпті заттармен қауіпсіз жұмыс істеуге қойылатын талаптарды қоса алғанда) әзірлеу;
- жабдық өндірушілерінің және/немесе ЖЭК операторларының жабдықты кәдеге жарату жөніндегі міндеттерін айқындау, бекіту және саралау;
- Қазақстанда ЖЭК құрамдастарын қайта өңдеу нарығын қалыптастыру және одан әрі дамыту үшін қаржылық (оның ішінде жеңілдікті кредиттер), салықтық (оның ішінде КТС-нан уақытша босату) және басқа да ынталандыруларды көздеу.
Үшінші кезеңде - ЖЭК жабдығының қалдықтарын қайта өңдеумен және ғылыми-зерттеу және өндірістік орталықтарды ашумен айналысатын отандық компанияларды құруды ынталандыру, қайталама қайта өңдеу саласында инновациялық шешімдерді енгізуді ынталандыру.
9. РРА-КЕЛІСІМШАРТТАРДЫҢ МЕРЗІМІ АЯҚТАЛҒАННАН КЕЙІН ЖЭК ЖОБАЛАРЫНЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
Қазақстанда жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) базасындағы жобалардың инвестициялық тартымдылығының негізгі элементі бірыңғай сатып алушымен жасалатын электр энергиясын сатып алудың ұзақ мерзімді шарттары (РРА) болып табылады. 2020 жылға дейін мұндай шарттардың қолданылу мерзімі 15 жылды құрады, яғни 2029-2030 жылдары 2014-2015 жылдары қол қойылған алғашқы келісімшарттардың мерзімі аяқталады. Бұл ЖЭК саласының қатысушылары үшін алдын ала реттеуді талап ететін жаңа құқықтық және нарықтық шындықты жасайды.
Бүгінгі таңда Қазақстан заңнамасында РРА мерзімі аяқталғаннан кейін қолданыстағы ЖЭК активтерін ұзарту немесе жаңа пайдалану тетігі жоқ. Бұл жоба иелері үшін белгісіздікті тудырады, жоспарлауды тежейді, инвесторлар үшін болжамдылықты төмендетеді және қаз ірдің өзінде салынған және амортизацияланған генерация объектілерінің толық пайдаланылмауына әкелуі мүмкін.
Сонымен қатар, аяқталған РРА жобалары бәсекеге қабілетті, төмен энергия тарифін ұсына алатын қайтарылған инвестициялары бар жобалар болып табылады.
Толық текст https://qazaqgreen.com/kz/journal-qazaqgreen/journals-association/3209/
Қазақстанда газ, көмір және ЖЭК негізіндегі дата-орталықтар кластері құрылады
Қазақстанда «жасыл» энергия өндірісі 15%-ға өсті
Израиль Негев шөлінде ірі КЭС құрылысын бастады
«Күн зейнетақылары және жел дивидендтері»: Оңтүстік Корея ЖЭК арқылы ауылды дамытуда
Қырғызстан алты шағын ГЭС салуға арналған жер учаскелеріне конкурс жариялады
АДБ Азияның электр желілері мен цифрлық инфрақұрылымын біріктіруге $70 млрд салады
Қазақстан мен Дүниежүзілік банк Орталық Азиядағы энергетикалық интеграцияны талқылады
Қарағанды облысында 500 МВт жел электр станциясының құрылысы басталды
Қазақстан БЭЖ Оңтүстік аймағында 50 МВт КЭС салуға арналған аукцион жеңімпазы анықталды
Қырғызстанда шатырлардағы күн панельдеріне қатысты ережелер әзірленуде
Еуропада ыстық күшеюде: ЖЭК шешім бола ала ма?
Қазақстанда 100 МВт КЭС аукционының жеңімпазы анықталды
Қытайлық компания Қырғызстанда күн және жел энергиясын өндіруге $1 млрд инвестиция салуға дайын
Meta ғарыштық күн энергетикасына және тым ұзақ мерзімді энергия сақтау саласына инвестиция салады
Токио әлемдегі ең үлкен жүзбелі жел электр станциясын салмақ
«KOREM» АҚ-да 50 МВт қуат бойынша еркін аукциондық сауда-саттық өтті
Қасым-Жомарт Тоқаев Әзірбайжан және Өзбекстанмен жасыл энергетикалық дәліз туралы келісімді ратификациялады
Қытай ЖЭК үлесін жалпы орнатылған қуаттың 60%-ына дейін арттырды
«Батыс Каспий Энерго» Атырау облысындағы 250 МВт жел паркіне арналған аукционда жеңді
Ember: Жаңартылатын энергия көздері тарихта алғаш рет көмірден асып түсті.