Сала жаңалықтары

Сала жаңалықтары09.09.2022

Қазақстанда үшінші климаттық диалог өтті

«Жасыл Академия» ғылыми-білім беру орталығы ҚР Ұлттық экономика министрлігімен, KAZENERGY, ТМКҚ-мен бірлесіп, ЕО, ЕҚДБ-ның ҚР-дағы өкілдігінің қолдауымен 2022 жылғы 18 тамызда Нұр-сұлтан қаласында «Қазақстан Республиканың 2060 жылға дейін көміртекті бейтараптылығына қол жеткізу Стратегиясының басымдықтары мен тетіктері» тақырыбында гибридті форматта (off/on-line) үшінші Климаттық диалог өткізді. Іс-шара жұмысына мемлекеттік органдардың (ҰЭМ, ЭГТРМ, ИИДМ, ЭМ, ИСМ, БҒМ), халықаралық қаржы институттары (Дүниежүзілік банк, ЕҚДБ, АДБ, Ислам Банкі) мен ұйымдардың (АӨСШК, БҰҰДБ, ҚР-дағы АҚШ Елшілігі, GIZ, EY, EGA,NCOC), бизнестің (ҚМГ, Самұрық-Энерго, Қазақмыс, АМТ, Қазатомөнеркәсіп, Қостанай минералдары және т.б.), ҰКП-ның, ҚЭҚтың, ҚР энергоаудиторлар мен энергоэксперттер палатасының және басқа да қауымдастықтар мен ҮЕҰ-ның 100-ден астам өкілдері қатысты.

Алғы сөзбен «KAZENERGY» Бас директоры К.Ибрашев, ЕО делегациясы Елшісінің орынбасары М.Мадалински, ТМКҚ атқарушы директоры Н. Радостовец сөз сөйледі. Диалог модераторы ҚР Президенті жанындағы Жасыл экономика жөніндегі кеңестің мүшесі, «Жасыл Академия» ҒБО директоры Б.Есекина болды.

Кеңеске қатысушылар 2060 жылға дейінгі ҚР көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясының жобасын талқылады. Оны ҚР ҰЭМ Экономикалық зерттеулер институты Басқарма төрағасының орынбасары Қ. Бейсенғазин таныстырды. Стратегияға ұсыныстар: ЕҚДБ директорының орынбасары, энергоресурстар департаментінің аймақтық басшысы, Еуразия, Таяу Шығыс және Африка Е. Рамазанов Банктің төмен көміртекті даму саласындағы саясаты туралы жасалды; отын-энергетикалық кешенді көміртексіздендіру саласындағы ұсыныстар туралы «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма төрағасының м. а. С. Тютюбаев, «KAZENERGY» атқарушы директоры М. Калменов, «QazaqGreen» қауымдастығы ЗТБ атқарушы директоры Т. Шалабаев, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Төмен көміртекті даму департаментінің директоры Р. Жәмпейісов қатысты. Климаттық инвестицияларды тарту мәселелерін GFC Бас директоры А.Қазыбаев таныстырды.

Кеңеске қатысушылар ҰЭМ Эконом и кал ы қ зе рттеул ер ин ституты ны ң үйлестіруімен ұлттық сарапшылар тобы дайындаған ҚР көміртегі бейтараптығына 2060 жылға дейін қол жеткізу стратегиясының жобасын талқылады. Талқылау барысында ұсынылған құжаттың құрылымы, жалпы тәсілдері, қағидаттары, секторлық саясаты мақұлданды. Сонымен қатар, сөз сөйлеушілер құжатты көмірсутектерді өндіруді азайту саласындағы нысаналы индикаторларды және оларға қол жеткізу мерзімдерін айқындау, Климаттық ынталандыруды жетілдіру, тарифтік реттеу және көміртегі бағасы бөлігінде пысықтау қажеттгін атап өтті.

Жоспар бойынша бұл құжат пысықталғаннан кейін Үкіметке Қазақстанның қолданыстағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жоғары деңгейдегі құжаты ретінде ұсынылатын болады.

Байланысу деректері: +7 702 168 4861; +77058714444/ info@green-academy.kz

30.04.2024
Қытайда әлемдегі ең ірі толығымен электрлі контейнер тасушы кеме пайдалануға берілді
30.04.2024
Masdar Грузияда ірі күн электр станциясын салады
30.04.2024
Түркияда ЖЭК үлесі 50%-ға жақындады
29.04.2024
Acwa Power Қазақстанның Каспий маңы аймағында ЖЭК жобасын құрмақ
29.04.2024
Баварияда тік қалқымалы фотоэлектрлік жүйе құрылады
29.04.2024
Латвияда ең ауқымды күн электр станциясы 2 мамырда ашылады
29.04.2024
2024 жылы Жетісуда жаңартылған энергия көздері бағытында 4 жоба іске қосылады
26.04.2024
ЕАЭО-ның энергетикалық перспективалары көміртексіздендіруге ауысуды және климаттық күн тәртібінің басымдығын ескеруі тиіс
26.04.2024
SNSF: Швейцариядан тік жел турбиналары электр энергиясын көбірек өндіруге қабілетті
26.04.2024
ХЭА энергия ауысуын жеделдету үшін аккумуляторлардың арзандауына үміттенеді
26.04.2024
Грузияда қалқымалы күн электр станциясы ашылды
25.04.2024
Латвияда үлгілік емес жылыту шешімі бар үйлер пайдалануға берілді
25.04.2024
Ғалымдар қайта өңделетін материалдардан қалақтарды 3D басып шығаруды әзірлеуде
25.04.2024
Қытайда теңіз КЭС құрылысына рұқсат етілген теңіз аймақтары анықталды
24.04.2024
1 миллионға жуық американдық отбасы күн батареясынан қуат алады
24.04.2024
Мәжіліс жаңартылатын энергия көздеріне қатысты заңды қабылдады
23.04.2024
Вильнюс қаласында Литвада өндірілген алғашқы күн батареясы ұсынылды
23.04.2024
Айнұр Соспанова: Екіжақты шарттар нарығының жұмысын реттейтін нақты ережелер қажет
23.04.2024
ГЭС, ЖЭС құрылысына ЖЭК аукциондық сауда-саттығына қатысушылардың тізіліміне енгізу үшін құжаттарды қабылдау басталды
22.04.2024
JinkoSolar энергияны жинақтау бойынша 1-деңгейдегі BNEF тізіміне енді