Қазақстан жаңалықтары23.04.2024
Айнұр Соспанова: Екіжақты шарттар нарығының жұмысын реттейтін нақты ережелер қажет

QAZAQ GREEN. Қазақстанда PPA екіжақты келісімшарттар жүйесі жаңартылатын энергия көздерінің жобаларын іріктеу бойынша аукциондарға балама бола алады. Жаңа тетіктің толыққанды жұмыс істеуі үшін нақты заңнамалық ережелерді әзірлеу қажет.
RRA корпоративтік екіжақты келісімшарттары бүкіл әлемде кеңінен қолданылатын жаңартылатын энергия нарығы құралдарының бірі болып табылады. Нарық қатысушылары үшін заңнамалық ерекшеліктердің жоқтығына қарамастан, бизнес корпоративтік шарттар жасасуға жоғары қызығушылық танытады.
«Қазақстанда екіжақты келісімшарттарды дамыту әлеуеті бірыңғай сатып алушы арқылы жобаларды іске асыру әлеуетінен де жоғары. Қазіргі климаттық күн тәртібі ірі тұтынушыларды таза энергия сатып алуға ынталандырады. Сонымен қатар, компаниялар ESG саясатына сәйкес келмесе, олардың бәсекеге қабілеттілігі төмендейтіні жайлы ойлануда. Бүгінгі күні екіжақты келісімшарттар схемасы жоққа шығарылмайды, бірақ оған қолдау да көрсетілмейді. Бізге ірі тұтынушы мен жобаны сатып алушының қажеттілігіне орай іске асыратын ЖЭК объектісі арасындағы өзара іс-қимыл мәселелерін реттейтін екіжақты шарттар нарығының жұмыс істеуінің нақты ережелері қажет», – деп атап өтті «Qazaq Green» ЖЭК қауымдастығының Басқарма төрайымы Айнұр Соспанова «Оңтүстік-Шығыс және Шығыс Еуропа, Оңтүстік Кавказ және Орталық Азия елдерінде климаттық саясат саласындағы әлеуетті дамыту» жаһандық жобасының (CDCP) шеңберінде ұйымдастырылған жөңгелек үстелдің барысында.
Екіжақты шарттар жасасу тәжірибесі бүкіл әлемде кеңінен қолданылады. Global Factor Consulting энергетика департаментінің басшысы Крейг Мензистің айтуынша, жаңа тетіктің арқасында соңғы сегіз жылда Еуропада ЖЭК қуатын енгізу көлемі 5-тен 46 гигаватқа дейін өсті. ЕО аумағында екіжақты келісімшарттардың ұлғаюының айқын үрдісі байқалады.

«Екіжақты келісімшарттар жүйесі ЕО-да өте танымал, мысалы, Финляндияда барлық энергия жеткізілімдерінің шамамен 85%-ын PPA шарттары алады. 2022-2023 жылдардан бастап Еуропада жаңа тетікке сұраныстың артуы ірі компаниялар болып табылады. Геосаяси жағдайдың өзгеруімен олардың көпшілігі келісімшарттар жасау туралы ойлана бастады. Технологиялық компаниялар, Amazon, Meta, Google data-орталықтары тікелей жеткізушіден энергия сатып алу туралы үлкен келісімшарттарға қол қояды. Мұнай-газ және химия компанияларының арасында таза электр энергиясы да жоғары сұранысқа ие», – деп бөлісті Крейг Мензис.
ЕО-ның жасыл бағыты Қазақстан үшін де өзекті. Біздің елдеріміз арасында кең ауқымды бағыттар мен бірлескен бастамаларды қамтитын кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісім бар. Осы орайда екіжақты келісімшарттарды іске асыру біздің экономикамызды көміртексіздендіру бойынша міндеттемелерді орындаудың тиімді құралы бола алады.

«KEGOС» АҚ ұлттық электр желісін дамыту департаментінің директоры Жеңіс Дүйсеновтің айтуынша, Қазақстанда баламалы энергия көздерін енгізу қарқыны айтарлықтай жоғары. 2023 жылы жалпы энергия теңгеріміндегі ЖЭК көздерінің үлесі 30%-ға өсті. Ол сондай-ақ дәстүрлі және жаңартылатын энергия көздерін өндіруді дамыту жөніндегі бастамаларды ескерген қазақстандық электр энергиясы нарығын ірі зерттеудің аяқталғаны туралы хабарлады.
«Біз энергия балансының құрылымы өзгеріп жатқанын көріп отырмыз. Нарыққа энергияның жаңа түрі – ЖЭК кіруде. Ұлттық электр желісін дамыту және генерациялау жоспарлары жалпы энергия жүйесінің тепе-теңдік тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған. Біз ЖЭК түріндегі кез келген технологияны интеграциялау кезінде энергия жүйесінің теңгерімді болуын қамтамасыз етеміз. Бұл маневрлік генерацияны арттыру, ЖЭК объектілерін реттеу жүйелерімен жарақтандыру жөніндегі іс-шараларды талап етеді», - деп есептейді жүйелік оператордың өкілі.
Сонымен бірге ол энергия өндіруді сапалы болжау қажеттілігіне назар аударды. Ол сондай-ақ оның ведомствосы «Qazaq Green» ЖЭК қауымдастығымен бірлесіп заңға тәуелді актілерді әзірлеуге қатысуға дайын екенін хабарлады.
Дөңгелек үстел барысында өнеркәсіп кәсіпорындарының өкілдері энергияны бірыңғай сатып алушы – ЖЭК қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығымен келісімшарттардың қолданылу мерзімі аяқталатын 2029 жылдан кейін ЖЭК жұмыс істеу проблемасын көтерді. Кәсіпорындар еркін нарыққа шыға алады деп болжанған. Бизнесті қызықтырған тағы бір мәселе – егер тұтынушының бастамасы бойынша бұрынғы РРА шарты бұзылған жағдайда екіжақты келісімшарттар жасасу мүмкіндігі.

«Алғашқы РРА келісімшарттары 2014 жылы жасала бастағанда, олар 2029 жылдан кейін еркін нарықта жұмыс істеуі керек еді. Бүгінгі күні еркін нарық жоқ, еркін бірыңғай сатып алушы да жоқ. Кәсіпорындар ЖЭК сияқты екіжақты келісімшарттар бойынша жұмыс істеуге мүмкіндік ала ма? Негізінен, заң тыйым салмайды. Жалпы, біз Энергетика министрлігімен бірлесіп осы мәселені талқылауды қазірден бастауымыз керек. 5-6 жыл өткен соң, ол өткір бола түседі», – деп түйіндеді Айнұр Соспанова.
«Qazaq Green» ЖЭК қауымдастығының Директорлар кеңесінің төрағасы Нұрлан Қапеновтің пікірінше, Қазақстанның энергетикалық секторының болашағы – корпоративтік екіжақты келісімшарттарда.

«Қазір тарифтер әділ деңгейге көтерілуде, мұны түсініп, бизнес техникалық жағынан энергия өндіру процесін дұрыс құрылымдай бастайды. Әділ тариф пайда болған кезде компаниялар өздері теңгерімдеуші нарыққа шығады, әділ бағаны төлеуге дайын болады. Қажет болса, бизнестің өзі теңдестіруші қуатты сатып алады, энергия жинақтағыш орнатады немесе басқа құралдарды қолданады. Қалай болғанда да, жүйелік оператормен бірлесіп win-win позициясынан шешім табады, ол KEGOC үшін де, электр энергиясын сатып алушы үшін де, ҚЕАО, КОРЭМ және басқа да стейкхолдерлер үшін де тиімді болады», – деп есептейді Нұрлан Қапенов.
Сонымен қатар, екіжақты келісімшарттар энергияны сақтау технологиялары өмірлік цикл бойынша қолжетімді және ұзақ мерзімді болған кезде ілеспе бизнесті дамытуды ынталандырады.
PPA – электр энергиясын өндіруші мен тұтынушы арасындағы ұзақ мерзімді электр энергиясын жеткізу шарты. Шарт, әдетте, белгілі бір өндіріс көлеміне белгіленген шарттық бағамен 10-15 жылға жасалады.
Ардақ Джанұзакова
Қазақстан мен БҰҰ ЕЭК энергетикалық тұрақтылық пен төмен көміртекті технологияларды дамыту мәселелерін талқылады
Азия даму банкі Қазақстан жобаларына 5,5 млрд доллар инвестиция салады
Астанада RES 2026 EXPO көрмесінің ашылуында $2,3 млрд астам сомаға 17 меморандумға қол қойылды
Қазақстан мен Қытай Қарағанды облысында 500 МВт жел электр станциясын іске қосады
Қазақстан мен Тәжікстан Роғун СЭС электр энергиясын импорттау туралы келіссөздер жүргізуде
Өңірлік экологиялық саммит 2026 Астанада өз жұмысын бастайды
Күн энергиясы және тамшылатып суару Қырғызстан егінін сақтаудың жолы
Ормуз дағдарысы көмірге жол ашпады: ЖЭК газ тапшылығын жапты
Астанада RES 2026 EXPO ашылып, халықаралық келісімдерге қол қойылады
Орталық Азия елдері Астанада өтетін 2026 жылғы ӨЭС-те энергетикалық көшуді талқылайды
Молдова ЖЭК орнатылған қуаты бойынша 1 ГВт шегінен асып түсті
Қытай Камбоджада құны $ 1 млрд ГЭС құрылысын бастады
Германияда ондаған мың адам «жасыл көшуді» жеделдетуге шақырды
Ресей мен Өзбекстан ғалымдары «жасыл» энергия жүйелерінің тұрақтылығын 24%-ға жақсартты
Қазақстандық ауадан су өндіру стартапы Венада өткен GCIP байқауында үздік үштікке енді
Қазақстанда құс фабрикасы қалдықтан 15 млн кВт·сағ энергия өндірді
Қытай мен Испания күн және жел энергиясы саласындағы серіктестігін нығайтуда
Моңғолия Hanwha Group компаниясына ЖЭК дамыту мен шикізатты өңдеуге қатысуды ұсынды
Ресей Адыгейдегі жаңа полигонда көлденең және тік ЖЭС сынақтан өткізеді
Брюссель электрлендіруді күшейтеді: желілік пакет — жазда, стратегия — күзде