Орталық Азия жаңалықтары

Орталық Азия жаңалықтары20.02.2023

Өзбекстанда азаматтар өз иеліктерін «күн үйлеріне» айналдыруға ынталандырылады

QAZAQ GREEN. 2023 жылдың 1 сәуірінен бастап Өзбекстанда тұрғындарды жеке меншік иеліктерінде қуаты 50 кВт-қа дейінгі күн панельдерін орнатуға ынталандыру бойынша «Күн үйі» бағдарламасын іске асыру басталады. Бұл туралы Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің 16 ақпандағы қаулысында айтылған, деп хабарлайды Fergana агенттігі.

Құжатқа сәйкес, биылғы жылы республика бойынша 37 мың үй шаруашылығында жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) объектілерін орнату жоспарлануда.

Бұл ретте мемлекет күн панельдерінің көмегімен өндірілген артық электр энергиясын бірыңғай энергетикалық жүйеге жіберетін азаматтарды субсидиялайтын болады.

Төлемдер әр киловатт*сағат үшін 1000 сумды ($0,09) құрайды. Бұл қаражат жеке тұлғалардың жиынтық табысының құрамына кірмейді.

Артық электр энергиясын мемлекетке беретін өзбекстандықтарға субсидияларды салық органдары есепті айдан кейінгі айдың 25-не дейін аударатын болады. Ақша Soliq мобильді қосымшасы арқылы банк картасына түседі.

«Күн үйі» бағдарламасының қатысушылары, егер олар бір ай ішінде бірыңғай жүйеге өз қажеттіліктері үшін пайдаланғаннан гөрі көбірек электр энергиясын беретін болса, электр энергиясын тұтынғаны үшін «Аймақтық электр желілеріне» ақы төлемейтін болады. Әйтпеген жағдайда, төлем тұтынылған және жүйеге берілген электр энергиясы арасындағы айырмашылық негізінде есептеледі.

«Күн үйі» 2023 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджет шығыстарын оңтайландыру есебінен қаржыландырылады. Азаматтарға жасалатын төлемдер мен жүйенің толыққанды жұмыс істеуі үшін жауапкершілік республиканың Орталық банкіне, Салық комитетіне және «Аймақтық электр желілері» компаниясына жүктелген. Бағдарламаның орындалуын бақылау Өзбекстанның Бас прокуратурасына тапсырылған.

1 сәуірден бастап қуаты 100 кВт-қа дейінгі ЖЭК объектілерін орнатқан жеке тұлға мен компаниялар бірқатар салықтан: мүлік салығынан - осы қондырғылар бойынша, жер салығынан — панельдер орналасқан аумақ бойынша, сондай-ақ электр энергиясын жалпы желіге беруден алынған табыстарға есептелетін кіріске салынатын салықтан босатылады. Бұл жеңілдіктер күн батареялары немесе станциялар пайдалануға берілген сәттен бастап үш жыл бойы қолданылады.

Ташкент мэриясы жуырда биыл қалада электр энергиясының тапшылығы артатынын, билік оны күн батареяларын орнату есебінен жабуға ниетті екенін хабарлады. Әкімшілік жеке меншік иеліктерінде ЖЭК-ті пайдалануға шақырды. Панельдерді орнату жөніндегі компанияның өкілі 3-4 бөлмелі типтік үйді күн батареялары өндірген электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін жабдықты 22-23 шаршы метр аумаққа орнату қажет екенін түсіндірді. Бұл үй иесіне 57,5 млн сумға ($5 мың долларға) түседі.

Өткен жылдың соңында Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев республикада 2030 жылға дейін «жасыл» экономикаға көшу және «жасыл» өсуді қамтамасыз ету жөніндегі бағдарламаны бекітті. Осы құжатқа сәйкес, көрсетілген уақытқа қарай ЖЭК қондырғыларының өнімі елде өндірілетін электр энергиясының шамамен 30% құрауы тиіс.


 

30.04.2026
Қарағанды облысында 500 МВт жел электр станциясының құрылысы басталды
30.04.2026
Қазақстан БЭЖ Оңтүстік аймағында 50 МВт КЭС салуға арналған аукцион жеңімпазы анықталды
29.04.2026
Қазақстанда 100 МВт КЭС аукционының жеңімпазы анықталды
29.04.2026
Қытайлық компания Қырғызстанда күн және жел энергиясын өндіруге $1 млрд инвестиция салуға дайын
29.04.2026
Meta ғарыштық күн энергетикасына және тым ұзақ мерзімді энергия сақтау саласына инвестиция салады
29.04.2026
Токио әлемдегі ең үлкен жүзбелі жел электр станциясын салмақ
28.04.2026
«KOREM» АҚ-да 50 МВт қуат бойынша еркін аукциондық сауда-саттық өтті
28.04.2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Әзірбайжан және Өзбекстанмен жасыл энергетикалық дәліз туралы келісімді ратификациялады
28.04.2026
Қытай ЖЭК үлесін жалпы орнатылған қуаттың 60%-ына дейін арттырды
28.04.2026
«Батыс Каспий Энерго» Атырау облысындағы 250 МВт жел паркіне арналған аукционда жеңді
27.04.2026
Ember: Жаңартылатын энергия көздері тарихта алғаш рет көмірден асып түсті.
27.04.2026
Қазақстанда ЖЭК аукциондарына өтінім беру мерзімі жалғасуда
27.04.2026
Орталық Азияның төрт елінің энергетика министрлері аймақтың су-энергетикалық балансын талқылады
26.04.2026
Әділ ауысым: адамдарды қалай энергетикалық трансформациядан тыс қалдырмауға болады
24.04.2026
Орталық Азияның жетекші техникалық ЖОО мен ОАӨЭО ЖЭК мамандарын даярлау туралы меморандумдарға қол қойды
24.04.2026
Қазақстан мен БҰҰ ЕЭК энергетикалық тұрақтылық пен төмен көміртекті технологияларды дамыту мәселелерін талқылады
24.04.2026
100 000 жұмыс орны мен кадрлардың тапшылығы: Орталық Азияның ЖЭК серпілісіне дайындығы қандай
24.04.2026
Тасымалдаусыз ауысым жоқ: Орталық Азия энергетикалық болашағын қалай құруда
23.04.2026
Азия даму банкі Қазақстан жобаларына 5,5 млрд доллар инвестиция салады
23.04.2026
Астанада RES 2026 EXPO көрмесінің ашылуында $2,3 млрд астам сомаға 17 меморандумға қол қойылды