Қазақстан жаңалықтары23.04.2026
Астанада RES 2026 EXPO көрмесінің ашылуында $2,3 млрд астам сомаға 17 меморандумға қол қойылды

QAZAQ GREEN. Астанадағы «EXPO» халықаралық көрме орталығында өтіп жатқан RES 2026 EXPO халықаралық көрмесінің салтанатты ашылуы аясында жалпы құны 2,3 млрд АҚШ долларынан асатын 17 халықаралық келісім, меморандум және инвестициялық құжаттарға қол қойылды. Бұл - Орталық Азиядағы «жасыл» бағыттағы ең ірі келісімдер пакеттерінің бірі.
Ашылу рәсімі көрменің алғашқы күніндегі басты оқиғаға айналып, үкімет өкілдерін, халықаралық ұйымдарды, даму институттарын және бизнес қауымдастығын біріктірді. Іс-шараға Орталық Азия елдерінің экология министрлері, Италия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Antonello De Riu, сондай-ақ Green Climate Fund және басқа да халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.
Салтанатты рәсімнің негізгі бөлігі экологиялық трансформацияның стратегиялық бағыттарын қамтитын келісімдерге қол қою болды. Олар жаңартылатын энергия көздерін дамыту, төмен көміртекті технологияларды енгізу, қалдықтарды қайта өңдеу, тұрақты өнеркәсіп өндірісі және климаттық қаржыландыру салаларын қамтиды.
Соның ішінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен Италия Республикасының Қоршаған орта және энергетикалық қауіпсіздік министрлігі арасындағы меморандум ерекше атап өтілді. Бұл құжат экология және климаттың өзгеруі саласындағы бірлескен жобаларды іске асыруға, жасыл технологияларды енгізуге, табиғи ресурстарды тиімді басқаруға және энергия тиімді шешімдерді дамытуға негіз болады.
Жаңа платформа энергетика және климаттық трансформация салаларындағы басым ұлттық жобаларды жүйелі түрде дамытуға мүмкіндік береді. Ол мемлекеттік органдарды, даму банктерін және жеке инвесторларды біріктіріп, климаттық қаржыландыруға қолжетімділікті жеңілдетеді.
Энергетика саласында бірқатар инвестициялық келісімдерге қол қойылды. Олардың қатарында Қарағанды облысында құны 645 млн доллар болатын, қуаты 500 МВт жел электр станциясын салу жобасы, сондай-ақ жалпы қуаты 2 ГВт-қа дейін жететін жаңартылатын энергия нысандарын салу жөніндегі келісімдер бар.
Қазақстан Даму Банкінің қатысуымен жасалған келісімдер ірі инфрақұрылымдық және өнеркәсіптік жобаларды қаржыландыруға бағытталған. Атап айтқанда, олардың ішінде құны 256 млн доллардан асатын «Qarmet» АҚ үшін газ құбырын салу жобасы, сондай-ақ құны 650 млн долларға дейін жететін калий тыңайтқыштарын өндіру жобасы бар.
Келісімдердің маңызды бөлігі «жасыл» энергетика мен қалдықтарды басқару саласына қатысты. Олардың ішінде Астана, Шымкент және Алматы қалаларында жалпы құны 560 млн доллардан асатын қоқыс жағу зауыттарын салу жобалары, сондай-ақ еліміздегі күн және су электр станцияларын дамыту бастамалары бар.
Сонымен қатар тұрақты авиациялық отын (SAF) өндіру, көміртек нарықтарын дамыту және орман-климаттық шешімдерді енгізу бойынша келісімдерге қол қойылды. Бұл бастамалар парниктік газдар шығарындыларын азайтуға және Қазақстанның халықаралық климаттық міндеттемелерін орындауға бағытталған.
Қол қойылған келісімдер халықаралық инвестицияларды тартуға, жасыл технологияларды кеңінен енгізуге және тұрақты даму саласындағы өңіраралық ынтымақтастықты нығайтуға негіз болады.
Азия даму банкі Қазақстан жобаларына 5,5 млрд доллар инвестиция салады
Астанада RES 2026 EXPO көрмесінің ашылуында $2,3 млрд астам сомаға 17 меморандумға қол қойылды
Қазақстан мен Қытай Қарағанды облысында 500 МВт жел электр станциясын іске қосады
Қазақстан мен Тәжікстан Роғун СЭС электр энергиясын импорттау туралы келіссөздер жүргізуде
Өңірлік экологиялық саммит 2026 Астанада өз жұмысын бастайды
Астанада RES 2026 EXPO ашылып, халықаралық келісімдерге қол қойылады
Орталық Азия елдері Астанада өтетін 2026 жылғы ӨЭС-те энергетикалық көшуді талқылайды
Молдова ЖЭК орнатылған қуаты бойынша 1 ГВт шегінен асып түсті
Қытай Камбоджада құны $ 1 млрд ГЭС құрылысын бастады
Германияда ондаған мың адам «жасыл көшуді» жеделдетуге шақырды
Ресей мен Өзбекстан ғалымдары «жасыл» энергия жүйелерінің тұрақтылығын 24%-ға жақсартты
Қазақстандық ауадан су өндіру стартапы Венада өткен GCIP байқауында үздік үштікке енді
Қазақстанда құс фабрикасы қалдықтан 15 млн кВт·сағ энергия өндірді
Қытай мен Испания күн және жел энергиясы саласындағы серіктестігін нығайтуда
Моңғолия Hanwha Group компаниясына ЖЭК дамыту мен шикізатты өңдеуге қатысуды ұсынды
Ресей Адыгейдегі жаңа полигонда көлденең және тік ЖЭС сынақтан өткізеді
Брюссель электрлендіруді күшейтеді: желілік пакет — жазда, стратегия — күзде
ӨЭС 2026 аясында жаңартылатын энергия көздерін дамыту үшін мамандар даярлау мәселелері талқыланады
Алжир 400 МВт болатын екі күн электр станциясын іске қосты
KOREM жел және күн станциялары бойынша сәуірде төрт аукцион өткізеді