Қазақстан жаңалықтары23.04.2026
Азия даму банкі Қазақстан жобаларына 5,5 млрд доллар инвестиция салады

QAZAQ GREEN. Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Астанада өткен Өңірлік экологиялық саммит аясында Азия даму банкінің Бас директоры Евгений Жуковпен екіжақты кездесу өткізді.
Кездесу барысында тараптар энергетика саласындағы ынтымақтастықтың ағымдағы жай-күйі мен перспективаларын талқылады. Министр Банктің Қазақстанның энергетикалық инфрақұрылымын жаңғыртуға, озық технологияларды енгізуге және тұрақты шешімдерді дамытуға қосқан елеулі үлесін атап өтті.
Қазақстан Үкіметі мен Азия даму банкі басшылығы арасындағы келіссөздердің қорытындыларына ерекше назар аударылды. Олардың нәтижесінде 2026–2029 жылдары жалпы сомасы шамамен 5,5 млрд АҚШ долларын құрайтын 15 жобаны іске асыруды көздейтін меморандумға қол қойылды.
Ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының бірі ретінде жылумен жабдықтау жүйелерін жаңғырту айқындалды. Осы тұрғыда 2024 жылы қабылданған «Жылу энергетикасы туралы» заңның маңыздылығы атап өтілді, ол саланы дамыту үшін заманауи нормативтік негіз қалыптастырды.
Тараптар сондай-ақ өңірлердің жылумен жабдықтау схемаларын әзірлеу бойынша бірлескен жұмысты талқылады. Бұл шаралар энергия тиімділігін арттыруға, шығындарды азайтуға және ЖЭО, қазандықтар мен жылу желілерін жаңғыртуға бағытталған.
Декарбонизация және заманауи технологияларды енгізу мәселелеріне де ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, газ шешімдері, жылу энергиясын жинақтау жүйелері және желілерді цифрлық басқару бағыттары қарастырылды.
Сонымен қатар электр желілерін дамыту, Smart Grid шешімдерін енгізу және жаңартылатын энергия көздерінің үлесі артқан жағдайда энергожүйенің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін энергия жинақтау жүйелерін дамыту перспективалары талқыланды.
Тараптар инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыруды кеңейтуге, жеке инвестицияларды тартуға, тарифтік саясатты жетілдіруге, мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетіктерін дамытуға және кадрлар даярлауға қатысты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделілік білдірді.
Кездесу қорытындысы бойынша қос тарап стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға сенім білдірді.
Азия даму банкі Қазақстан жобаларына 5,5 млрд доллар инвестиция салады
Астанада RES 2026 EXPO көрмесінің ашылуында $2,3 млрд астам сомаға 17 меморандумға қол қойылды
Қазақстан мен Қытай Қарағанды облысында 500 МВт жел электр станциясын іске қосады
Қазақстан мен Тәжікстан Роғун СЭС электр энергиясын импорттау туралы келіссөздер жүргізуде
Өңірлік экологиялық саммит 2026 Астанада өз жұмысын бастайды
Астанада RES 2026 EXPO ашылып, халықаралық келісімдерге қол қойылады
Орталық Азия елдері Астанада өтетін 2026 жылғы ӨЭС-те энергетикалық көшуді талқылайды
Молдова ЖЭК орнатылған қуаты бойынша 1 ГВт шегінен асып түсті
Қытай Камбоджада құны $ 1 млрд ГЭС құрылысын бастады
Германияда ондаған мың адам «жасыл көшуді» жеделдетуге шақырды
Ресей мен Өзбекстан ғалымдары «жасыл» энергия жүйелерінің тұрақтылығын 24%-ға жақсартты
Қазақстандық ауадан су өндіру стартапы Венада өткен GCIP байқауында үздік үштікке енді
Қазақстанда құс фабрикасы қалдықтан 15 млн кВт·сағ энергия өндірді
Қытай мен Испания күн және жел энергиясы саласындағы серіктестігін нығайтуда
Моңғолия Hanwha Group компаниясына ЖЭК дамыту мен шикізатты өңдеуге қатысуды ұсынды
Ресей Адыгейдегі жаңа полигонда көлденең және тік ЖЭС сынақтан өткізеді
Брюссель электрлендіруді күшейтеді: желілік пакет — жазда, стратегия — күзде
ӨЭС 2026 аясында жаңартылатын энергия көздерін дамыту үшін мамандар даярлау мәселелері талқыланады
Алжир 400 МВт болатын екі күн электр станциясын іске қосты
KOREM жел және күн станциялары бойынша сәуірде төрт аукцион өткізеді