Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары22.11.2023

Франция Қазақстанмен жаһандық жылынуға қарсы күрес туралы келісім шеңберінде 820 млрд теңге инвестициялайды

QAZAQ GREEN. Мәжіліс отырысында Қазақстан Үкіметі мен Франция Үкіметі арасындағы жаһандық жылынуға қарсы күрес саласындағы ынтымақтастықты іске асыру туралы арнайы келісім ратификацияланды.

Бұл келісімнің негізгі мақсаты жаһандық жылынуға қарсы күресте екі ел арасындағы ынтымақтастық болып табылады. Ол Қазақстан аумағында жаңартылатын энергия көздері және тұрақты даму саласындағы ірі жобаларды ілгерілетуді, әзірлеуді және іске асыруды көздейді. Атап айтқанда, француз инвесторы Жамбыл облысында жел электр станциясын салуды жоспарлап отыр.

«Келісім шеңберінде Жамбыл облысы, Мирный кентінің маңында жалпы қуаты 1 ГВт жел энергиясын пайдаланатын жел электр станциясының жобасын (бұдан әрі – жоба) салу жоспарлануда», – деді энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың желтоқсан айында «Самұрық-Қазына» қоры француздық Total Open компаниясымен Қазақстанда қуаты 1 ГВт және құны 1,9 млрд АҚШ долларын құрайтын электр энергиясын жинақтау жүйесі бар жел паркін құру туралы уағдаласты. Электр станциясын 2026-2027 жылдары Жамбыл облысында іске қосу жоспарланып отыр.

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев энергияның барлық баламалы көздері экологияға пайда әкелетінін атап өтті. Ол мұндай электр станциясы апатқа ұшыраған жағдайда да атмосфераға зиянды шығарындылар болмайтынына сенім білдірді.

«Жел немесе кез келген басқа балама электр станциясындағы апат оның иелерінің материалдық шығындарына ғана әкеледі, бірақ жаһандық экологиялық апатқа себеп болмайды», – деп атап өтті министр.

Энергия жүйесінің қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету үшін инвестор жоба шеңберінде электр энергиясын сақтау тетігін іске асырады. Бұл жобаны іске асыру жаңартылатын энергия көздері секторын дамытуды жалғастырып қана қоймай, Қазақстанға тұрақты даму саласындағы мақсаттарға қол жеткізуге көмектеседі. Жоба сонымен қатар 820 миллиард теңге көлемінде инвестиция тартады, жаңа жұмыс орындарын ашады және көмірқышқыл газының шығарындыларын азайтады.

«Жобаны іске асыру шеңберінде 250-ге дейін тұрақты жұмыс орны, 2500-ге дейін уақытша жұмыс орны құрылады, шамамен 820 млрд. теңге инвестиция тартылады, сондай-ақ қосымша 3,6 млрд. кВтсағ жасыл энергия өндіріледі. Жоба инвестордың қаражаты есебінен іске асырылады», – деді Алмасадам Сәтқалиев.

Заң Сенаттың қарауына жіберілді.

30.04.2026
Қарағанды облысында 500 МВт жел электр станциясының құрылысы басталды
30.04.2026
Қазақстан БЭЖ Оңтүстік аймағында 50 МВт КЭС салуға арналған аукцион жеңімпазы анықталды
29.04.2026
Қазақстанда 100 МВт КЭС аукционының жеңімпазы анықталды
29.04.2026
Қытайлық компания Қырғызстанда күн және жел энергиясын өндіруге $1 млрд инвестиция салуға дайын
29.04.2026
Meta ғарыштық күн энергетикасына және тым ұзақ мерзімді энергия сақтау саласына инвестиция салады
29.04.2026
Токио әлемдегі ең үлкен жүзбелі жел электр станциясын салмақ
28.04.2026
«KOREM» АҚ-да 50 МВт қуат бойынша еркін аукциондық сауда-саттық өтті
28.04.2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Әзірбайжан және Өзбекстанмен жасыл энергетикалық дәліз туралы келісімді ратификациялады
28.04.2026
Қытай ЖЭК үлесін жалпы орнатылған қуаттың 60%-ына дейін арттырды
28.04.2026
«Батыс Каспий Энерго» Атырау облысындағы 250 МВт жел паркіне арналған аукционда жеңді
27.04.2026
Ember: Жаңартылатын энергия көздері тарихта алғаш рет көмірден асып түсті.
27.04.2026
Қазақстанда ЖЭК аукциондарына өтінім беру мерзімі жалғасуда
27.04.2026
Орталық Азияның төрт елінің энергетика министрлері аймақтың су-энергетикалық балансын талқылады
26.04.2026
Әділ ауысым: адамдарды қалай энергетикалық трансформациядан тыс қалдырмауға болады
24.04.2026
Орталық Азияның жетекші техникалық ЖОО мен ОАӨЭО ЖЭК мамандарын даярлау туралы меморандумдарға қол қойды
24.04.2026
Қазақстан мен БҰҰ ЕЭК энергетикалық тұрақтылық пен төмен көміртекті технологияларды дамыту мәселелерін талқылады
24.04.2026
100 000 жұмыс орны мен кадрлардың тапшылығы: Орталық Азияның ЖЭК серпілісіне дайындығы қандай
24.04.2026
Тасымалдаусыз ауысым жоқ: Орталық Азия энергетикалық болашағын қалай құруда
23.04.2026
Азия даму банкі Қазақстан жобаларына 5,5 млрд доллар инвестиция салады
23.04.2026
Астанада RES 2026 EXPO көрмесінің ашылуында $2,3 млрд астам сомаға 17 меморандумға қол қойылды