Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары22.01.2024

ЕҰУ және итальяндық компания отынның жаңа түрін өндіру технологиясын әзірлейді

QAZAQ GREEN. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Италияға ресми сапары аясында Еуразия ұлттық университеті, «GREEN SPARK ITALY SRL» итальяндық компаниясы және «Қазақстанның жасыл сутегі одағы» ЗТБ арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі.

Тараптар атмосфераға зиянды шығарындыларды азайту үшін отынның жаңа түрін өндіру технологиясын әзірлеуге ниетті.

«Natural Gas + H2» бірлескен жобасы «жасыл» сутегі өндірісін құруға және оны табиғи газбен оңтайлы араластыруға бағытталған. Жаңа технология атмосфераға бөлінетін көмірқышқыл диоксиді қалдықтарын азайтуға және экологияны жақсартуға қажет. ЕҰУ ғалымдары тәжірибелік-өнеркәсіптік учаскеде алынған нәтижелер бойынша жаңашылдықты Алматы мен Ақтау қалаларындағы жылу электр орталықтарына енгізуді ұсынатын болады.

«Еуразия ұлттық университетінің үлкен ғылыми әлеуеті және мықты кадрлары бар. Біз ғалымдарымыздың ғылыми зерттеулерін қолдауға басымдық береміз. ЕҰУ зерттеушілері өнеркәсіптік кәсіпорындардың ауаны ластау деңгейін төмендету үшін ғылымды қажетсінетін және экологиялық таза жаңа технологияларды әзірлеу бағытында белсенді еңбек ететінін атап өткім келеді. Біздің профессор Қайрат Күтербековтың жетекшілігімен ғалымдар тобы алғаш рет Қазақстанда сутегі энергетикасы технологияларын дамыту жобаларына бастамашылық танытып, оларды іске асырды. Бұл меморандум шеңберіндегі халықаралық ынтымақтастық экологиялық таза сутегін өндіру және пайдалану бағытында пилоттық жобаларды қолға алуға жол ашады. Біздің бірлескен күш-жігеріміздің нәтижесі экологияны едәуір жақсартатын және зиянды қалдықтарды азайтатын отын өндірісінің жаңа технологиялық желісінің іске қосылуы болады деп сенемін», - деп атап өтті Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Стратегиялық даму жөніндегі проректоры Думан Айтмағамбетов.

ЕҰУ ғалымдары сутегі энергетикасы саласында 15 жылдан астам уақыттан бері ғылыми қызметпен айналысып келеді. Университетте «Еуразиялық физика-энергетикалық зерттеулер және ғылымды қажет ететін технологиялар институты» ҒЗИ табысты жұмыс істейді.

Өткен жылы ЕҰУ мен «Алматы электр станциялары» АҚ қоршаған ортаны қорғау және газ-сутегі отынының қоспасын пайдалану бағытында ынтымақтастық пен өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қойғанын айта кеткен жөн.

 

30.04.2026
Қарағанды облысында 500 МВт жел электр станциясының құрылысы басталды
30.04.2026
Қазақстан БЭЖ Оңтүстік аймағында 50 МВт КЭС салуға арналған аукцион жеңімпазы анықталды
29.04.2026
Қазақстанда 100 МВт КЭС аукционының жеңімпазы анықталды
29.04.2026
Қытайлық компания Қырғызстанда күн және жел энергиясын өндіруге $1 млрд инвестиция салуға дайын
29.04.2026
Meta ғарыштық күн энергетикасына және тым ұзақ мерзімді энергия сақтау саласына инвестиция салады
29.04.2026
Токио әлемдегі ең үлкен жүзбелі жел электр станциясын салмақ
28.04.2026
«KOREM» АҚ-да 50 МВт қуат бойынша еркін аукциондық сауда-саттық өтті
28.04.2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Әзірбайжан және Өзбекстанмен жасыл энергетикалық дәліз туралы келісімді ратификациялады
28.04.2026
Қытай ЖЭК үлесін жалпы орнатылған қуаттың 60%-ына дейін арттырды
28.04.2026
«Батыс Каспий Энерго» Атырау облысындағы 250 МВт жел паркіне арналған аукционда жеңді
27.04.2026
Ember: Жаңартылатын энергия көздері тарихта алғаш рет көмірден асып түсті.
27.04.2026
Қазақстанда ЖЭК аукциондарына өтінім беру мерзімі жалғасуда
27.04.2026
Орталық Азияның төрт елінің энергетика министрлері аймақтың су-энергетикалық балансын талқылады
26.04.2026
Әділ ауысым: адамдарды қалай энергетикалық трансформациядан тыс қалдырмауға болады
24.04.2026
Орталық Азияның жетекші техникалық ЖОО мен ОАӨЭО ЖЭК мамандарын даярлау туралы меморандумдарға қол қойды
24.04.2026
Қазақстан мен БҰҰ ЕЭК энергетикалық тұрақтылық пен төмен көміртекті технологияларды дамыту мәселелерін талқылады
24.04.2026
100 000 жұмыс орны мен кадрлардың тапшылығы: Орталық Азияның ЖЭК серпілісіне дайындығы қандай
24.04.2026
Тасымалдаусыз ауысым жоқ: Орталық Азия энергетикалық болашағын қалай құруда
23.04.2026
Азия даму банкі Қазақстан жобаларына 5,5 млрд доллар инвестиция салады
23.04.2026
Астанада RES 2026 EXPO көрмесінің ашылуында $2,3 млрд астам сомаға 17 меморандумға қол қойылды