Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары15.02.2024

Катарлық компания Қазақстанда қуаты 350 МВт су электр станциясын салады

QAZAQ GREEN. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Nebras Power компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Мұхаммед Нассер Әл-Хаджриді қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Кездесуде энергетика саласындағы ынтымақтастықтың перспективалары және жаңартылатын энергия көздеріне инвестиция тарту мәселесі талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның көміртегі бейтараптығына қол жеткізуге баса мән беретінін айтты. Осыған орай Мемлекет басшысы Nebras Power компаниясының елімізде жаңартылатын энергия көздерін дамытуға қызығушылық танытып отырғанын жоғары бағалады.

Өз кезегінде Мұхаммед Нассер Әл-Хаджри құрмет көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты. Сондай-ақ «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамымен бірлесіп, Қазақстанда су-энергетика жобасын жүзеге асыруға қатысты жоспарын жеткізді. Бүгін мүдделі тараптар арасында тиісті келісімге қол қойылды.

Сонымен қатар әңгімелесу барысында энергетика секторында метан қалдықтарын азайту жөніндегі ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Президент Nebras Power компаниясы директорлар кеңесінің төрағасын алдағы уақытта өтетін Астана халықаралық форумына қатысуға шақырды. Жиын аясында аса маңызды өңірлік және жаһандық мәселелер талқыланады.

Қазақстанның бір триллион-киловатқа бағаланған жаңартылатын энергия көздерінің әлеуеті осы саладағы жаһандық ойыншылардың назарын аударды. Жалпы алғанда, олар 43 гигаватт қуат өндіретін бірнеше жобаны жүзеге асыруға міндеттеме алды. 

«Nebras Power компаниясының Қазақстанда қуаты 350 мегаватт болатын су электр станциясын салу ниетін, сондай-ақ Pearl Overseas компаниясының қуаты 1,1 гигаватт болатын бу-газ қондырғысын орнату жоспарын жоғары бағалаймыз. Біз осы аса маңызды сектордағы өндіріс, технология трансферті және тәжірибе алмасу бағыттары бойынша серіктестікті жалғастыруға мүдделіміз», – деді президент қазақ-қатар инвестициялық дөңгелек үстелі өтіп жатқан кезде.

.

30.04.2026
Қарағанды облысында 500 МВт жел электр станциясының құрылысы басталды
30.04.2026
Қазақстан БЭЖ Оңтүстік аймағында 50 МВт КЭС салуға арналған аукцион жеңімпазы анықталды
29.04.2026
Қазақстанда 100 МВт КЭС аукционының жеңімпазы анықталды
29.04.2026
Қытайлық компания Қырғызстанда күн және жел энергиясын өндіруге $1 млрд инвестиция салуға дайын
29.04.2026
Meta ғарыштық күн энергетикасына және тым ұзақ мерзімді энергия сақтау саласына инвестиция салады
29.04.2026
Токио әлемдегі ең үлкен жүзбелі жел электр станциясын салмақ
28.04.2026
«KOREM» АҚ-да 50 МВт қуат бойынша еркін аукциондық сауда-саттық өтті
28.04.2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Әзірбайжан және Өзбекстанмен жасыл энергетикалық дәліз туралы келісімді ратификациялады
28.04.2026
Қытай ЖЭК үлесін жалпы орнатылған қуаттың 60%-ына дейін арттырды
28.04.2026
«Батыс Каспий Энерго» Атырау облысындағы 250 МВт жел паркіне арналған аукционда жеңді
27.04.2026
Ember: Жаңартылатын энергия көздері тарихта алғаш рет көмірден асып түсті.
27.04.2026
Қазақстанда ЖЭК аукциондарына өтінім беру мерзімі жалғасуда
27.04.2026
Орталық Азияның төрт елінің энергетика министрлері аймақтың су-энергетикалық балансын талқылады
26.04.2026
Әділ ауысым: адамдарды қалай энергетикалық трансформациядан тыс қалдырмауға болады
24.04.2026
Орталық Азияның жетекші техникалық ЖОО мен ОАӨЭО ЖЭК мамандарын даярлау туралы меморандумдарға қол қойды
24.04.2026
Қазақстан мен БҰҰ ЕЭК энергетикалық тұрақтылық пен төмен көміртекті технологияларды дамыту мәселелерін талқылады
24.04.2026
100 000 жұмыс орны мен кадрлардың тапшылығы: Орталық Азияның ЖЭК серпілісіне дайындығы қандай
24.04.2026
Тасымалдаусыз ауысым жоқ: Орталық Азия энергетикалық болашағын қалай құруда
23.04.2026
Азия даму банкі Қазақстан жобаларына 5,5 млрд доллар инвестиция салады
23.04.2026
Астанада RES 2026 EXPO көрмесінің ашылуында $2,3 млрд астам сомаға 17 меморандумға қол қойылды