Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары06.06.2024

Сенат жаңартылатын энергия көздеріне қатысты заңды мақұлдады

QAZAQ GREEN. Бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау және электр энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы екі оқылымда қаралып, мақұлданды, деп хабарлайды Kazinform.

«Заң жаңартылатын энергия көздері саласын жетілдіруге бағытталған.

«Қазақстан Республикасының жасыл экономикаға көшу тұжырымдамасына» сәйкес, еліміз 2030 жылға қарай жалпы электр энергиясын өндірудегі жаңартылатын энергия көздерінің үлесін 10 пайызға жеткізуі тиіс және 2050 жылға қарай жалпы электр энергиясын өндірудегі баламалы әрі жаңартылатын энергия көздерінің 50% үлесіне жетуі қажет. Дегенмен, ұлттық деректерге сәйкес, 2023 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда жаңартылатын энергияның үлесі өндірілген электр энергиясының тек 6 пайызын құрады. Қарастырып отырған Заңды қабылдау осы салаға оң әсерін тигізетіні сөзсіз», - деді сенатор Әлібек Нәутиев.

Атап айтқанда, Заң электр энергиясын сататын жеке тұлғалардың нетто-тұтынушы ретінде жеке кәсіпкер болып тіркелу міндетін жояды. Бұл норма жаңартылатын энергияны пайдаланушылардың санын арттыруға, сондай-ақ электр желілеріне жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.

Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің мәліметінше, «нетто-тұтынушы» ұғымы нақтыланады – жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын ауқымы шағын объектіден электр энергиясын және жылу энергиясын өзінің толық әрі ішінара тұтынуын қамтамасыз ететін жеке немесе заңды тұлға.

Сонымен бірге, энергиямен жабдықтаушы ұйымның нетто-тұтынушылардан электр энергиясын сатып алу жөніндегі міндеттемелері, энергия беруші ұйымдардың нетто-тұтынушыларды электр желілеріне қосу жөніндегі міндеттемелері заңнамалық деңгейде бекітіледі. Нетто-тұтынушыларды электр энергиясын бергені үшін төлемнен босату ескерілген, сондай-ақ шағын гидроэлектр станцияларына (10 МВт дейін) электр энергиясын шекті тариф бойынша сату құқығы беріледі.

«Бұдан басқа, коммуналдық меншіктегі Өңірлік электр желілері компаниясының желілерін бюджет қаражаты есебінен кредиттеу, реконструкциялау және жаңғырту мүмкіндіктерін заңнамалық тұрғыдан бекіту энергетика саласының инфрақұрылымын жаңартуға ықпал етеді. Заңның нормалары жылу электр станцияларын жаңғырту тәртібін жетілдіруге бағытталған. Инвестициялық тартымдылықтың төмендігіне байланысты жылумен жабдықтау секторындағы қазіргі жағдайды, тарифтерді көтерудің өткір әлеуметтік маңыздылығын және Республикалық маңызы бар қалалардағы экологиялық ахуалдың нашарлауын ескеріп, сондай-ақ инвестициялық келісімдер аясында жабдықтарды газға ауыстыра отырып, жылу электр станцияларын жаңғырту мүмкіндіктері қамтамасыз етіледі», - деді депутат.

Заңды қабылдаудың оң әсерлерінің қатарына мыналарды атап айтуға болады:

- күнделікті өмірде жаңартылатын энергия көздерін белсенді енгізу,

- жаңа жұмыс орындарын құру,

- желілік инфрақұрылымды одан әрі дамыту,

- елдің энергетика секторына инвестициялар тартуға ықпал ету.

03.07.2025
Астанада Electronica Expo Kazakhstan көрмесі өтеді
02.07.2025
Көксу өзенінде ГЭС құрылысы қайта жанданды: жоба туралы не белгілі
02.07.2025
Әзірбайжан мен Дүниежүзілік банк ЖЭК саласында кредиттік келісімге қол қойды
02.07.2025
АҚШ-тың күн және жел энергетикасы электр энергиясын өндіруде рекордтық үлеске жетті
02.07.2025
Жаһандық баяндама: Орталық Азия жасыл энергетиканы дамытуға рекордтық қаржы ағындарын тартты
30.06.2025
Билл Гейтс инвестициялаған революциялық жел станциясының құрылысы басталды
30.06.2025
Тандемдік перовскиттік фотоэлементтер 26,4% тиімділікке қол жеткізді
27.06.2025
Қазақстан мен Қытай стратегиялық энергетикалық әріптестікті талқылады
27.06.2025
Ғарышқа арналған органикалық күн элементтері бойынша инновациялық зерттеу
27.06.2025
Қазақстан мен Өзбекстан Орталық Азияда «жасыл» энергетиканы белсенді дамытуда
27.06.2025
ҚазМұнайГаз Атырауда «жасыл» сутегі өндіру бойынша пилоттық жобаны іске қосты
26.06.2025
Қазақстанда жеке үй иелері күн батареяларынан қалай ақша таба алады
26.06.2025
Қазақстан аукциондық жүйе арқылы ЖЭК саласына 14 елден инвестиция тартты
25.06.2025
Жасыл сутегі Қазақстан энергетикасын қалай өзгерте алады
25.06.2025
IKEA балкондарға арналған дайын күн электр станциясын ұсынады
25.06.2025
Adani Үндістанда «жасыл» сутегі өндіретін автономды қондырғыны іске қосты
25.06.2025
Тәжікстанда «жасыл» энергетика бойынша Жол картасын ұсынды
24.06.2025
KOREM аукционының нәтижесінде үш ГЭС жобасы іріктелді
24.06.2025
Еуропалық парламент пен ЕО Кеңесі CBAM жеңілдетуді мақұлдады
24.06.2025
Глазго ғалымдары қалақсыз жел турбиналарының әлеуетін ашты