Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары11.06.2024

Шағын ГЭС құрылысына жобаларды іріктеу бойынша аукционда баға 76%-ға төмендеді

QAZAQ GREEN. 2024 жылғы 11 маусымда белгіленген жиынтық қуаты 20 МВт гидроэлектр станцияларын салуға арналған жобаларды іріктеу жөніндегі ҚР БЭЖ Солтүстік және Оңтүстік аймақтары (Тентек өзенін қоспағанда) үшін ЖЭК бойынша аукцион өтті, деп хабарлайды «KOREM» АҚ.

Сауда сессиясының нәтижелері бойынша аукциондық сауда-саттыққа қатысуға 7 компания жіберілді, сауда сессиясын өткізу барысында қатысушылар 110 баға ұсынысын берді. Аукциондық сауда-саттыққа қатысушылардан қуаттың мәлімделген жиынтық көлемі 44.35 МВт құрады.

Аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу қағидаларының 55-тармағына сәйкес белгіленген қуатты іріктеу көлемі 20-дан 20.7 МВт-қа дейін ұлғайтылды.

ГЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты өткізу кезінде бастапқы шекті аукциондық баға 2024 жылы 41.23 тг/кВтсағ (ҚҚС-сыз) құрады.

Сауда-саттық сессиясын өткізу барысында аукциондық сауда-саттыққа қатысушылардан алынған өтінімдердің баға диапазоны 41.23-тен 10 тг/кВтсағ-қа дейін (ҚҚС-сыз) құрады.

Аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша жеңімпаздар болып келесі компаниялар анықталды:

·        «Каскад Каратальских ГЭС» ЖШС жобаның белгіленген қуаты 9.9 МВт, аукциондық бағасы 10 тг/кВт*сағ (ҚҚС-сыз);

·        «Верхне-Талаптинская ГЭС» ЖШС жобаның белгіленген қуаты 4 МВт, аукциондық бағасы 11 тг/кВт*сағ (ҚҚС-сыз);

·        «Алтын-Гидро» ЖШС жобаның белгіленген қуаты 2 МВт, аукциондық бағасы 33.9 тг/кВт*сағ (ҚҚС-сыз);

·        «Верхне-Талаптинская ГЭС» ЖШС жобаның белгіленген қуаты 4.8 МВт, аукциондық бағасы 36 тг/кВт*сағ (ҚҚС-сыз).

Байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, «Қазақстан электр энергетикалық Қауымдастығы» ЗТБ, Азия Даму Банкі және USAID өкілдері қатысты. Байқаушылар «KOREM» АҚ аукционды ұйымдастырушының электрондық сауда жүйесі жұмысының толық ашықтығын атап өтті.


Келесі аукцион 2024 жылғы 12 маусымға ҚР БЭЖ-нің барлық аймақтары бойынша (Тентек өзенін қоспағанда) ГЭС құрылысына жобаларды іріктеу бойынша белгіленген жиынтық қуаты 10 МВт-қа тағайындалды.

 

16.05.2025
«Жасыл» энергетика: Алматы облысы инвестиция мен даму қарқыны бойынша алда келеді
15.05.2025
Премьер Қостанай облысындағы «жасыл» энергетиканың дамыту жоспарымен танысты
15.05.2025
Қытайдағы бүкіл тау тізбегі күн панелімен жабылған
15.05.2025
Өзбекстан 2025 жылы 3,5 ГВт жаңартылатын энергия мен 1,8 ГВт энергия сақтау жүйесін іске қосады
14.05.2025
Жапония ғарыштан күн энергиясын беруді сынады
14.05.2025
Жасыл таксономия Қырғызстанда бекітілді
14.05.2025
Polar Night Финляндияда екінші «құм» энергия сақтау қоймасын салады
13.05.2025
Masdar мен «Самұрық-Қазына» Қазақстанда ЖЭК бойынша ірі жобаларды іске асыру туралы келісті
13.05.2025
«Жасыл» технологияларға инвестициялар тарту AIF форумы тақырыптарының бірі болмақ
13.05.2025
ЖЭК саласындағы мамандар Астанада МЖӘ бойынша оқытудан өтті
13.05.2025
Әзірбайжанда ЖЭК жобаларына ең аз инвестиция көлемі анықталды
12.05.2025
ЕҚДБ Египеттегі күн панельдері мен батареялар өндірісіне инвестиция салады
12.05.2025
Қазақстанның өнеркәсіптік өңірлері жасыл энергетикаға көшудің бір бөлігіне айналуы тиіс
12.05.2025
Сахара шаңы Еуропаның күн энергиясына кедергі келтіреді: жаңа зерттеу
08.05.2025
Қостанай облысында 2026 жылға дейін алты жаңартылатын энергия жобасы іске асырылады
08.05.2025
Швед компаниялары Қазақстанда локализация мен тұрақты жобаларға қызығушылық танытуда
06.05.2025
Қытай компаниялары Өзбекстанда 500 МВт күн электр станциясын салады
05.05.2025
Өлшемі маркамен бірдей жасанды жапырақ көмірқышқыл газын отынға айналдырады
05.05.2025
Тасманияда әлемдегі ең ірі электр кемесі іске қосылды
05.05.2025
Түрікменстан көмірсутектерді игеру бойынша экологиялық конференция өткізеді