Әлем жаңалықтары

Әлем жаңалықтары21.10.2024

Түркияда ЖЭК үлесі 2025 жылға қарай 50%-ға жетеді

QAZAQ GREEN.  Түркия үкіметі елдегі электр энергиясын өндіруде жаңартылатын энергия көздерінің (ЖЭК) үлесін 2025 жылға қарай 47,8 пайызға жеткізуді мақсат етіп отыр. Бұл туралы Түркияның энергетика және табиғи ресурстар министрлігінің парламентке ұсынылған алдағы жылға арналған бюджет жоспарында белгіленген, деп хабарлайды Business Media.

Энергетика министрлігі электр энергиясын өндіруді су электр станциялары (СЭС), жел электр станциялары (ЖЭС), күн электр станциялары (КЭС), сондай-ақ геотермалдық энергетика арқылы арттыруға үміттенуде.

Сонымен қатар, электр энергиясын жеткізу және тарату кезінде пайда болатын шығындарды азайту, сондай-ақ газ сақтау қоймаларын кеңейту міндеті қойылып отыр.

Түркияның TEİAŞ электр компаниясының деректеріне сәйкес, қазіргі уақытта СЭС Түркияда 32,2 мың МВт-қа дейін, ЖЭС 12,3 мың МВт-тан астам, КЭС 18,7 мың МВт, ал геотермалдық электр станциялары 1,7 мың МВт-қа дейін электр энергиясын өндіреді.

2023 жылдың қорытындысы бойынша Түркияда жалпы электр энергиясын өндіруде ЖЭК үлесі 42,7 пайызды құрады, ал ағымдағы жылдың соңына қарай бұл көрсеткіш 45 пайызға жетеді деп болжамдалған.

Түркияның энергетика және табиғи ресурстар министрі Алпарслан Байрактар бұған дейін 2035 жылға дейінгі ЖЭК және энергетикалық трансформация саласындағы Түркияның Жол картасының жақын арада жарияланатынын хабарлаған еді.

30.04.2026
Қарағанды облысында 500 МВт жел электр станциясының құрылысы басталды
30.04.2026
Қазақстан БЭЖ Оңтүстік аймағында 50 МВт КЭС салуға арналған аукцион жеңімпазы анықталды
29.04.2026
Қазақстанда 100 МВт КЭС аукционының жеңімпазы анықталды
29.04.2026
Қытайлық компания Қырғызстанда күн және жел энергиясын өндіруге $1 млрд инвестиция салуға дайын
29.04.2026
Meta ғарыштық күн энергетикасына және тым ұзақ мерзімді энергия сақтау саласына инвестиция салады
29.04.2026
Токио әлемдегі ең үлкен жүзбелі жел электр станциясын салмақ
28.04.2026
«KOREM» АҚ-да 50 МВт қуат бойынша еркін аукциондық сауда-саттық өтті
28.04.2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Әзірбайжан және Өзбекстанмен жасыл энергетикалық дәліз туралы келісімді ратификациялады
28.04.2026
Қытай ЖЭК үлесін жалпы орнатылған қуаттың 60%-ына дейін арттырды
28.04.2026
«Батыс Каспий Энерго» Атырау облысындағы 250 МВт жел паркіне арналған аукционда жеңді
27.04.2026
Ember: Жаңартылатын энергия көздері тарихта алғаш рет көмірден асып түсті.
27.04.2026
Қазақстанда ЖЭК аукциондарына өтінім беру мерзімі жалғасуда
27.04.2026
Орталық Азияның төрт елінің энергетика министрлері аймақтың су-энергетикалық балансын талқылады
26.04.2026
Әділ ауысым: адамдарды қалай энергетикалық трансформациядан тыс қалдырмауға болады
24.04.2026
Орталық Азияның жетекші техникалық ЖОО мен ОАӨЭО ЖЭК мамандарын даярлау туралы меморандумдарға қол қойды
24.04.2026
Қазақстан мен БҰҰ ЕЭК энергетикалық тұрақтылық пен төмен көміртекті технологияларды дамыту мәселелерін талқылады
24.04.2026
100 000 жұмыс орны мен кадрлардың тапшылығы: Орталық Азияның ЖЭК серпілісіне дайындығы қандай
24.04.2026
Тасымалдаусыз ауысым жоқ: Орталық Азия энергетикалық болашағын қалай құруда
23.04.2026
Азия даму банкі Қазақстан жобаларына 5,5 млрд доллар инвестиция салады
23.04.2026
Астанада RES 2026 EXPO көрмесінің ашылуында $2,3 млрд астам сомаға 17 меморандумға қол қойылды